Лекция кешендері


-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаят тудыру



бет87/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

2-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаят тудыру.
Бірінші тапсырма мұғалімнің қалай оқытатынын анықтау болса, екінші тапсырма сыныпты белгілі бір тәсілмен оқытуды талап етеді. Бұл оқушыларды ойлануға және өз бетінше проблемаларды шешуге ынталандыратын дағдыларды игеруге бағытталады. Автор айтқандай, «біз өз балаларымызды гүл өсіруге үйреткеннен гөрі, көбінесе оларға дайын гүлді қиып береміз». Қарастырылатын оқыту стратегиясы сыныпта ойын сипатына ие проблемалық жағдайларды тудыруды қажет етеді. Ойын түріндегі жағдаяттар туралы Дональд Химанның «Оқыту тәсілдері» атты кітабынан оқуға болады (Hyman, 1970). Сабақта проблемалық жағдаят тудыру үшін Леон Фестингердің «танымдық диссонанс (қарама қайшылық)» тұжырымдамасы пайдаланылады (Festinger, 1957). Бір нәрсе туралы екі қарама-қайшы «білім» беру арқылы мұғалім оқушыларда психологиялық жайсыздық сезімін тудырады; бұл оқушыларды осы жағдаяттан шығуға, қарама-қайшылықты шешу жолын іздеуге ынталандыратын қозғаушы күш болып табылады. Ықшамсабақ өткізгеннен кейін мұғалім өзін-өзі бағалау парағын (өзіне есеп беру), «оқушылар» кері байланыс парағын толтырады. Бұл үдеріс осыдан кейінгі барлық тапсырмаларда да жүзеге асырылады. Бағалау парақтары қатаң құрылымдалған және оларда нақты бақыланатын жағдайды (мінез-құлық) бағалайтын айқын критерийлер берілетінін атап өту қажет (олар бихевиоризм әдістемелік қағидаттарына сәйкес құрылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет