Лекция кешендері


-тапсырма. Мақсаты: проблемаларды шешу кезінде ойлау үдерісінің рефлексиясы



бет89/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

4-тапсырма. Мақсаты: проблемаларды шешу кезінде ойлау үдерісінің рефлексиясы.
Бұл ықшамсабақта оқушылардың проблемаларды шешу тәсілдерін қаншалықты меңгергені, олардың осы тәсілдерді шынайы өмірлік жағдайларға қаншалықты қолдана алатыны анықталады. Білімін өмірлік жағдайға ауыстырудың екі түрі бар: проблеманы шешу қағидатын (алгоритмін) қолдану және пайымдау тәсілін қолдану – проблеманы шешудің жаңаша алгоритмін ойлап табу.
Алғашқы тапсырмалар негізінен оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталса, келесі тапсырмаларда басты назар мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағдарланған. Бұл міндеттердің маңыздылығы, әсіресе, алпысыншы жылдардың соңындағы АҚШ-тағы әлеуметтік күйзелістен, жастардың «бүлігінен» кейін қатты ұғыныла бастады. Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттегі ең маңызды туындылардың бірі Чарлз Силберманның «Сыныптағы дағдарыс» атты кітабы болды (Silberman, 1970).
Автор дәстүрлі оқыту тәсілін «оқушылық» деп атап, оны қатал сынға алған. Онда оқыту – ақпарат қарапайым қайталап беру үдерісі ретінде, үйрету – осы ақпаратты жинау ретінде қарастырылып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас түсіністікке, тұлғаға бағдарланбаған сипатқа ие. Оған керісінше, оқыту мен оқу оқушының жеке тұлға ретінде даму бағытын анықтауы тиіс. Мұғалімге көп жағдайда оқытушы болғаннан гөрі фасилитатор (үдерісті ұйымдастырушы және оқушылардың өзара іс-қимылын жеңілдететін адам), бағалаушыдан гөрі, оқушыларға қолдау көрсетуші болған жөн.
Тұлғаны дамыту үшін мұғалім Т.Грегори «аффективті оқыту» дағдылары деп белгілеген дағдыларды дамытуы қажет. Өз пәнін оқытумен қатар, мұғалім ерекше мазмұн ретінде эмоциялық көріністермен (өзінің және оқушыларының) де жұмыс жасай алуы тиіс. Грегоридің формуласы бойынша, тиімді мұғалім – бұл аффективті мұғалім.
Т.Грегори психотерапевт Роберт Каркуффтың жұмыстарының негізінде (Carkuff, 1969) аффективті оқытудың төрт негізгі дағдысын бөліп көрсетеді: эмпатия (оқушылардың сана-сезімін түсіну); сыйластық (оқушыларды тұлға ретінде қабылдау); шынайылық (мұғалімнің өз сезімін ашық көрсетуі); коммуникацияның нақтылығы (екіұшты, жалпылама пікірлерден аулақ болу, сезімі мен алаңдаушылық көңіл-күйін нақты сипаттау).
Аффективті оқыту дағдыларын дамыту үшін Т.Грегори рөлдік ойындарды пайдалануды ұсынады. Ықшамсабақта белгілі бір жағдай тудыру үшін «Оқушылар» алдын ала нақты тапсырма алады, бірақ мұғалім кімнің нақты қандай жағдайды көрсететінін білмейді. Жағдайлар аффективті оқыту дағдыларының әрқайсысы бойынша бастауыш, негізгі және жоғары сыныптар үшін жеке-жеке таңдалады (яғни, ықшамсабаққа қатысушылар тиісті сынып оқушыларының мінез-құлқын көрсетеді). Т.Грегори ұсынған жағдайлар тізбесінен бірнеше мысалдар келтірейік.
«Оқушы сабақ басталғаннан бастап басқа бір кітапты оқиды. Сөйтсек, ол келесі сабақта болатын өзі қатты қорқатын бақылау жұмысына дайындалып отыр екен. Ол мұны мұғалімге түсіндіреді» (эмпатия – негізгі және жоғары сыныптар үшін).
«Екі оқушы бір-бірімен сыбырласып, сықылықтап отыр. Бұл оларды мұғалім тоқтатқанға дейін жалғаса береді» (сыйластық – орта және жоғары сыныптар үшін).
«Оқушы кенеттен жас мұғалімнің сөзін қандай да бір сұрақпен сөзін бөледі, мысалы, «Сіз досыңызды жақсы көресіз бе?» (шынайылық – бастауыш сыныптар үшін).
«Бір оқушы үзілісте өзін қатты қуантқан бір жаңалықты біледі. Оның қуанышы қойнына сыймай, сабақта әзер шыдап отырады және мұғалімнің не айтып, не қойғанына мүлдем мән бермейді» (коммуникацияның нақтылығы – негізгі және жоғары сыныптар үшін).
Әрбір жағдай мұғалім тарапынан белгілі бір дағдыны көрсетуге арналса да, Т.Грегори оның шартты сипатқа ие екенін және мұғалімнің басқа дағдыларды пайдаланатыны анық екенін атап өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет