құдырлар тұқымдасының бір ғана түрі – кұдыр. Ол оңтүстік және шығыс Сібірдің, Қиыр Шығыстың, Орталық Азияның, Алтайдың таулы алқаптарын мекендейді. Мүйіздері болмайды, аталықтарының жоғарғы жақ сүйегіндегі сойдақ тістері өте жақсы дамыған. Жұпар бездерінен хош иісті заттар алынады.
қуыс мүйізділер тұқымдасы. Олардың маңдай сүйегінен пайда болған мүйізі болады. Мүйіздері эпидермистен пайда болған. Жоғарғы жақ сүйегінде сойдақ тістері болмайды. Мүйіздері тек аталықтарында болады. Олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған. Кең тараған түрлері – киіктер (ақбөкен, қарақұйрық), серна, таутеке, арқар, жабайы өгіздер (буйволдар, гаур, бизон, зубр). Ірі қараның арғы тегі – тур.
15-тақырып. Сүтқоректілердің шығу тегі және экологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |