а) орманда тіршілік ететін сүтқоректілер. Бұл топқа бұғылар, аюлар, кейбір жыртқыштар (сілеусін, бұлғын т.б.), тиіндер, жалқауаңдар, маймылдар т.б. жатады.
ә) ашық алаңқай жерлерді мекендейтін сүтқоректілер. Бұл топқа тұяқты сүтқоректілердің басым түрлері – кемірушілер (қосаяқтар, суырлар, саршұнақтар, қалталылар, жыртқыштар) т.б. жатады.
Жерастында тіршілік ететін сүтқоректілер. Олар жер астында ін қазып
тіршілік етеді. Бұл топқа – көртышкандар, соқыртышкандар, жертесерлер т.б. Олардын алдыңғы аяқтары, күрек тістері жақсы дамыған және ін қазуға бейімделген.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілер. Бұл топқа жататындардың бір тобы жартылай суда тіршілік етсе, екінші тобының тіршілігі тікелей сумен байланысты. Олардың бәрі де екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Жартылай суда тіршілік ететіндерге – құндыз, ондатра, нутрия, жұпартышқан т.б. жатады.
Тікелей суда тіршілік ететін сүтқоректілерге – ескекаяқтылар (түлендер, теңіз мысықтары), киттектестер, сирендер, дамандар т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |