Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет137/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Сүйекті балықтардың эволюциясы бірнеше бағыт бойынша жүріп отырды. Олардың барлығы да өздері тіршілік еткен орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделуіне тура келді. Мысалы, суы уақытша тартылып қалатын өңірлерде қостынысты балықтар (әрі өкпе, желбезектері арқылы тыныс алатындар) және жұп жүзбеқанаттарының құрылысы құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың екі жұп аяқтарының құрылысына ұқсас саусақққанатты балықтар (қазіргі кезде бір ғана латимерия деп аталатын түрі сақталған) тіршілік етті.

Бұдан 370-350 млн. жыл бұрын саусаққанатты балықтардың бір тармағынан алғаш рет құрлыққа шыққан – қосмекенділер пайда болған деген болжамдар бар. Өйткені қосмекенділердің дене құрылысы, көбеюі және ұрпақтарының даму жолдары ертедегі сүйекті балықтарға ұқсас. Қостынысты балықтарда өкпе пайда болғанымен олардың жұп жүзбеқанаттарының құрылысы қосмекендердің аяқтарының құрылысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да, қостынысты балықтардан қосмекенділер пайда болды деп қортынды жасауға болмайды. Ең алғашқы қосмекенділердің қаңқа қалдықтары бұдан 370-350 млн. жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың арасынан табылған. Олардың сыртқы түрі қазіргі саламандраларға ұқсас, яғни басы жалпақ, ұзынша келген, құйрығы болған және оларды ихтиостегиялар деп атаған. Олардың денесінің көптеген жерлерін балық қабыршақтарына ұқсас қабыршақтар қаптап тұрған. Бастарынынң үлкен болуы олардың өкпемен тыныс алғандығына дәлел бола алады. Бұдан 350-280 млн жыл бұрын алып қосмекенділер (лабиринтодонттар) кеңінен таралған. Олар кейіннен біржола жойылып кеткен. Олардың жойылуына кейіннен пайда болған жорғалаушылармен бәсекелестік әсер еткен. Ертедегі қосмекенділердің ұзын құйрықты тобынан (лепоспондилиялардан) қазіргі аяқсыз және құйрықты қосмекенділер пайда болған. Ал, ертедегі қысқа құйрықты лабиринтодонттардың бір тармағынан қазіргі құйрықсыз қосмекенділер пайда болған.

Бұдан 180-100 млн. жыл бұрын алғашқы жорғалаушылардың пайда болуы қосмекенділердің ертедегі топтарының жойылуына тікелей әсер еткен. Жорғалаушылардың дене құрылысы және ұрығының дамуы олардың ертедегі қарапайым құйрықты қосмекенділердің бір тармағынан пайда болғандығын дәлелдейді. Қаңқа қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде бұдан 325-250 млн. жыл бұрын тіршілік еткен батрахозаврлардың (сеймурияның) құрылысының жорғалаушыларға ұқсас екендігі анықталды. Бұдан 300 млн-дай жыл бұрын тіршілік еткен өте қрарапайым жорғаушылар – котилозаврлардың қаңқа қалдықтары табылған. Олардың дене тұрқы 25 см-ден 3 метрге дейін жететін түрлері болған. Катилозаврлардың қаңқа қалдықтарының құрылысы қосмекенділерге де және жорғалаушыларға да ұқсас болған. Котилозаврлардан негізінен үш тармақ таралған. Олардың екі тармағының өкілдері екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген, ал үшінші тармағы – пеликозаврлардың түрлері құрылықта тіршілік еткен. Жорғалаушылар мезозой заманында кеңінен таралған және олардың саналуан әр түрлі тіршілік орталарында түрлері де таралған. Сондықтан да, мезозой заманын кейде «жорғалаушылар заманы» деп те атайды. Бұл заманда жорғалаушылардың түр құрамы көп болды және түрлі тіршілік орталарында кеңінен таралды. Ертеде тіршілік еткен жорғалаушылардың 16 отрядынан қазіргі кезде тек 4 отрядының ғана түрлері сақталды.

Жорғалаушылардың ертеде тіршілік еткен бір тармағы ұшуға бейімделген динозаврлардан құстардың ежелгі арғы тектері таралған. Олар кесіреткежамбастылар (псевдозухиялар) деп аталған және олар екі аяқпен құрылықта жүріп тіршілік еткен. Ал, мезозой заманында кеңінен таралған динозаврлардың бір тармағы – аңжамбастылардан сүтқоректілердің ертедегі арғы тектері пайда болған деген болжамдар жасалынды.

Бұдан 200 млн. жылдай бұрын жер бетінде дене тұрқы шағын, екі аяқты кесіреткежамбасты динозаврлар тіршілік етті. Олар көбіне ұзын артқы аяқтарымен жүгіріп жүруге бейімделді. Жалпы алғанда, жорғалаушылар мен құстардың құрылысында көптеген ұқсастық белгілер бар. Бұдан 150 млн. жыл бұрын Европада археоптерикстер («ежелгі қанаттылар») тіршілік еткен. Олардың 6 данасының таңбалары тақтатастардың арасынан табылып, толық зерттелді. Олардың дене тұрқының үлкендігі сауысқандай және ағаш басында өрмелеп тіршілік еткен. Құйрығы ұзын, ол

20-ға жуық жеке омыртқалардан түзілген, қанаттарындағы қауырсындар айқын байқалады. Жақ сүйектерінде тістері бар. Археоптерикстердің кейбір белгілері жорғалаушыларға, ал кейбір белгілері қазіргі құстарға ұқсас. Бұдан 225 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жалпы дене тұрқы құстарға едәуір ұқсас тіршілік иесінің қаңқа қалдықтары Солтүстік Америкадн табылды. Оны ғылымда протоавис («алғашқы құс») деп аталады. Оның көп белгілері (төс сүйегінде ырының болуы, жіліктерінің қуысты болуы және т.б.) қазіргі құстарға ұқсас болып келген. Бірақ та, оның табылған таңбасында қауырсын байқалмайды. Сондықтан да, ғалымдар протоавис ең ежелгі құстардың арғы тегі болса, ал археоптерикс құстар эволюциясының кейінгі бір тармағы болуы мүмкін деп есептейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет