Құстардың қанайналым жүйесі. Құстардың жүрегі толығымен 4 қуысқа бөлінген және жүректе артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Құстардың денесіне үлкен қан айналу шеңбері арқылы тек артерия қаны ғана таралады. Құстарда тек оң жақ қолқа доға қантамыры ғана сақталған, ал сол жақ қолқа доға қантамыры жойылған.
Құстардың зәр шығару жүйесіжорғалаушыларға ұқсас − жұп жамбас бүйрегінен (метанефрос), жұп несепағар (вольф) өзегінен тұрады. Құстарда қуық болмайды. Құстардың денесінде зат алмасу процесі өте қарқынды жүретіндіктен зәр затының концентрациясы өте жоғары, әрі зәр заты қортылмай қалған қалдық заттармен бірге саңғырық ретінде бірден сыртқа шығарылып тұрады.