Құстардың жүйке жүйесі жорғалаушыларға ұқсас бөлімдерден түзілген. Бірақ та құстардың миының көлемі едәуір үлкен. Әсіресе алдыңғы, ортаңғы ми және мишық жақсы дамыған. Алдыңғы ми − құстардың инстинктерін (түйсіктері), ортаңғы ми – кеңістікте бағдарлауын, ал мишық қимыл − әрекеттерінің үйлесімділігін реттейді.
Құстардың сенсорлық жүйесі. Құстардың көру мүшесі өте жақсы дамыған. Өйткені көпшілік құстар көру мүшесі арқылы бағдарлауға бейімделген. Құстардың (әсіресе түнде белсенді тіршілік ететін құстарда) көздері үлкен болады. Құстардың көру өткірлігі көз бұршағы (хрусталик) пішінінің өзгергіштігімен және оның торлық қабық пен ара қашықтығының өзгеруімен де ерекшеленеді.
Құстардың есту мүшесі ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады және есту мүшесі жақсы дамыған. Ал, құстардың иіс сезу мүшесі нашар дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |