16-отряд. Тақтұяқтылар. Бұл отрядқа жататын жа-нуарлардың аяқтарының 3-саусақтары жақсы дамыған. Басқа саусақтары қалдық түрінде немесе жойылған. Бұғана сүйегі болмайды. Қазір бұл отрядтың 3 тұқымдасының өкілдері кеңінен таралған. Тапирлер тұқымдасының5 түрі бар. Олардың тұмсықтары мен үстіңгі еріндері тұтасып алға қарай созылған. Олар Онтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азияда таралған. Мүйізтұмсықтар тұқымдасы. Терісінде түктері болмайды. Маңдай және мұрын сүйектерінде терінің эпидермисінен пайда болған бір не екі мүйізді өскіні болады. Түрлері – үнді және ақ мүйізтұмсықтар. Жылқылар тұқымдасының үшінші саусағы ғана жақсы дамыған. Қазіргі кезде таралған түрлері керқұлан (Прежевальский жылқысы) және құлан, зебр, есек. Тарихи дәуір-лерде тарпан деген жабайы жылқы түрі далалы аймақтарда таралған. Ол үй жылқысының арғы тегі деп саналады.