Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет127/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

10-отряд. Ескекаяқтылар. Олар суда тіршілік етуге бейімделген аяқтары қысқа әрі ескекке айналған. Құрлыққа тек көбею, күшіктеу, түлеу кезінде ғана шығады. Балықтармен, шаяндармен, ұлулармен қоректенеді. Олардың 3 тұқымдасы бар: а) құлақты түлендер; ә) морждар; б) нағыз түлендер. Құлақты түлендерге – сивучтар, теңіз мысықтары жатады. Морждар тұқымдасының бір ғана түрі (морж) бар. Нағыз түлендерге – сақиналы нерпа, гренландия түлені, теңіз қояны, теңбіл нерпа, байкал және каспий итбалықтары т.б. жатады.

11-отряд. Киттектестер. Бұл отрядқа барлық тіршілік әрекеттері тікелей сумен байланысты теңіз сүтқоректілері жатады. Алдыңғы аяқтары қатты ескекке айналған, ал артқы аяқтары жойылған. Тері асты май қабаты өте қалың (50 см-дей). Денесінде түктері болмайды. Тер және май бездері жойылған. Миы, сезім мүшелері өте жақсы дамыған. Киттектестердің қазір 80-дей түрі бар. Олар екі отряд тармағына жіктелген: а) тіссіз (мұртты) киттер; ә) тісті киттер. Мұртты киттер өте ірі жануарлар, планктондармен қоректенеді. Аузында сүзгіш мүйізді мұртшалары болады. Тістері жойылған. Кең таралған түрі – гренландия киті, көк кит, финвал, горбач жатады, бәрінің де саны аз, қорғауға алынған. Тісті киттердің тістері біркелкі жеке топтарға жіктелген. Басында сыртқы танау тесігі біреу. Кең тараған тұқымдастары – өзен дельфиндері, кашалоттар, дельфиндер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет