Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет130/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
17-отряд. Көнтабандылар. Бұл отрядқа түйелер және Оңтүстік Америкада таралған ламалар жатады. Аяқтарының құрылысы жүптұяқтыларға ұқсас. Айыр өркешті түйе – бактериан, сыңар өркешті түйе – дромедар, Оңтүстік Американың таулы алқаптарында – викунья, гуанако деген 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада лама және альпака деген қолтұқымдары қолға үйретілген.

18-отряд. Жұптұяқтылар. Бұл отрядтың көпшілік түрі құрлықта тіршілік етуге бейімделген, әрі өсімдікқоректі, жақсы жүгіреді. Аяқтары жақсы жетілген, үшінші және төртінші саусақ-тары біркелкі жақсы жетілген. Екінші және бесінші саусақтары кіші. 2 отряд тармағына бөлінген: а) Күйіс қайтармайтындар. Бұл отряд тармағының түр құрамы көп емес (10-ға жуық түр). Олар үш тұқымдасқа бөлінеді: 1.шошқалар; 2.бегемоттар; 3.пекарьлар. Бұлардың бәрі де төртсаусақты. Азу тістері жақсы дамыған, сойдақ тістері ірі әрі өмір бойы өсе береді. Олар өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректенеді. Европа мен Азияда кең тараған түрі – жабайы шошқа (қабан). Ол үй шошқаларының арғы тегі. Африкада таралған бегемот – денесі ірі жартылай суда тіршілік етеді. Терісіндегі өте көп бездер құрғап кетуден сақтайды. Өзен мен көлдерде таралып, су өсімдіктерімен қоректенеді, құрлыққа сирек шығады. Ол Орталық және Шығыс Африкада таралған. Пекарьлар – шошқаларға ұқсас. Олар Оңтүстік және Орталық Америкада кездеседі. ә) Күйіс қайта-ратындар. Бұл отряд тармағына 180-дей түрлі жұп тұяқты сүт-қоректілер жатады. Сойдақ тістері нашар дамыған, кей түрлерінде жойылған. Қарындары күрделі құрылысты, көп түрлерінде мүйізі болады. Аяқтары жақсы жетілген. Олардың негізгі тұқымдастары: 1) бұғылар. Олардың бірнеше тармақты мүйіздері терінің кутис қабытынан пайда болады және жыл сайын түсіп ауысып отырады. Көпшілік түрінде мүйіз аталықтарында ғана болады. Олар дүниежүзінде кеңінен таралған. Кең тараған түрлері – солтүстік бұғысы, кәдімгі бұғы (марал), теңбіл бұғы, бұлан, елік. Бәрінің де кәсіптік мәні бар. 2) жирафтар (керіктер) тұқымдасы. Олар тек Африкада ғана таралған. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан едеуір ұзын. Кең тараған түрлері – жираф, окапи. Олар өсімдіктермен қоректенеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет