VI.Әкетуші жүйкелер – сопақша мидан басталып, көз алмасының сыртқы тік бұлшықеттеріне таралады.
VII. Бет жүйкелері – сопақша мидан басталып, ауыз қуысына, жақ және тіласты доғаларына таралады.
VIII. Есту жүйкелері – сопақша мидан басталып, ішкі қүлаққа таралады.
IX.Тіл – жұтқыншақ жүйкелері – сопақша мидан басталып, тіл мен жұтқыншаққа таралады.
X.Кезеген жүйкелер – сопақша мидан басталып, барлық ішкі мүшелерге таралады.
Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының қасаң қабығы жазық, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі құлақтан тұрады. Онда үш жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жақсы дамыған.
Зәр шығару жүйесі: жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака.
Ыдырау өнімдері негізінен қаннан, ал амиак желбезектерінен бөлінеді.
Жыныс жүйесі: дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналықтарында жұп аналық без, жұп жұмыртқа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртқалары ірі әрі сарыуызға бай. Аналықтарының жұмыртқа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы клоакамен аяқталады. Аталықтарының несепағарлары (вольф өзекшелері) арқылы зәр заттары және жыныс өнімдері өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |