Веналық қантамырлары – жұп алдыңғы және жұп артқы кардинальды (яремді) веналар, жұп кювье өзегі, ішекасты венасы, бауыр және бүйрек вена қақпалары, бауыр венасы.
Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлын. Ми бөлімдері (алдыңғы, аралық, ортанғы, сопақша ми және мишық). Жұлын - омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.
Шеткі жүйке жүйесі – мидан және жұлыннан тарайтын жүйкелерден тұрады. Мидан 10 жұп жүйкелер таралады:
I. Иіс сезу жүйкелері – алдыңғы мидын иіс сезу бөліктері-нен басталып, танау тесігіне таралады.
II.Көру жүйкелері – аралық мидың түбінен басталып, көздің торлы қабығына таралады.
Көзді қозғаушы жүйкелер – ортаңғы мидың түбінен басталып, көз алмасының бұлшықеттеріне таралады.
IV. Шығыр (блоктық) жүйкелер – ортаңғы мидың артқы бөлігінен басталып, көз алмасының қиғаш бұлшықеттеріне таралады.
V. Үштарамды жүйкелер – сопақша мидан басталып, көзге, үстінгі және астынғы жақтарға таралады,
Достарыңызбен бөлісу: |