Сабақтың мақсаты: тікенекті акуланы мысалға алып, шеміршекті балықтардың систематикалық орнымен танысу, олардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып білу. Шеміршекті балықтар класының жіктелуі. Шеміршекті балықтар класына тән белгілер
Сыртқы түрі мен тері жабыны. Дене бөліктері: бас, тұлға, құйрық. Дене мөлшері - 20-см-ден 20 метрге дейін жетеді. Тері жабыны 2 қабатты: сыртқы - көпқабатты эпидермис, ішкі - дәнекер ұлпалы кутис (кориум). Желбезек саңылаулары 5-7 жұп, оның әрқайсысы сыртқа жеке-жеке ашылады. Алға созылыңқы тұмсығы (рострум) болады, аузы тұмсығынын астында көлденең саңылау пішінді. Көздің артқы жағында жұтқыншақпен байланыс-қан екі су шашқыш тесігі (брызгальца) бар. Құйрық жүзбеқана-тының үстіңгі қалағы үлкен (астыңғы қалағы кіші) – гетероцеркальды. Құрсақ жағында клоака (тік ішектің кенейген бөлімі) орналасқан. Денесі плакоидты қабыршақпен (ұсақ сыртында тікенекті бүртігі бар) қапталған. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары денесіне көлбеу орналасқан.