Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Құстардың тынысалу жүйесі



бет93/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Құстардың тынысалу жүйесі өте күрделі құрылысты болып келеді. Құстарда сыңар сақина тәрізді және жұп ожау тәрізді шеміршектерден түзілген жоғарғы көмекей және кеңірдектің екі бронхыға бөлінген жерінде төменгі көмекейі болады. Төменгі көмекей тек құстарға ғана тән және ол дыбыс шығару қызметін атқарады. Құстардың өздеріне тән ұсақ бронхы тармақтарынан қабырғасы жұқа, әрі созылмалы 5 жұп ауа қапшықтары түзіледі. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын арттырады. Ауа қапшықтары ішкі мүшелердің арасында орналасып, құс ұшқан кезде дене салмағын жеңілдетеді және жылудың реттелуін қамтамасыз етеді. Ауа қапшықтарындағы ауаның сыйымдылығы өкпеден 10 есе артық. Ауа қапшықтары мойын, бұғана

аралық, алдыңғы кеуде және артқы құрсақ ауа қапшықтары деп аталады. Олардың ең көлемдісі жұп құрсақ ауа қапшығы. Құстардың тыныс алу механизмі кеуде қуысының бірде кеңейіп, бірде тарылуы арқылы жүзеге асады. Құстардың өкпесі арқылы ауа үнемі тек бір бағыт бойынша ғана өтеді, яғни өкпеден → артқы ауа қапшықтарына → одан қайтадан өкпе арқылы → алдыңғы ауа қапшықтарына → одан сыртқа шығарылады. Сонымен, құстардың өкпесінде қан тыныс алған кезде де және тыныс шығарған кезде де оттекпен тотығады. Бұл құстарға ғана тән құбылыс. Мұны қосарлы тыныс алу деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет