Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері



бет14/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
1 мамыр, 1 мамыр, [Template] Тапсырма1.1 тест, [Template] Тапсырма1.1 тест, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1), -987683380, селен элемент – Google Поиск, ДО РЕ МИ, АБ 1 көркем еңбек Жеңісбек Гүлина, Үздік ұстаз-ғибратты үлгі, Topiq показательные уроки ЭУ,
Кемиек /прогнатия/ - үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз /прогения/ - астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады. Тістердің қабыспауы – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады.
Азу тістердің қабыспауы – сол жақтың, оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін.
Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады.
Стомотолог – дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді.
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет