Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


СӨЙЛЕУ АППАРАТЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ



бет9/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
СӨЙЛЕУ АППАРАТЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ
Артикуляция дегеніміз - әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы.
Артикуляция аппаратының құрамына мұрын және ауыз қуыстары мен көмекей кіреді.
Артикуляция органдары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге бөлінеді. Белсенді органдарға тіл, төменгі жақ сүйектері, ерін және жұмсақ таңдай жатады. Енжар органдарға таңдай сүйектері, жоғарғы жақ сүйектері және тістер жатады.
Артикуляциялық аппараттың құрылысында әртүрлі іштен туылған кемістіктер болуы ықтимал, соның әсерінен баланың дыбыс шығару қабілеті бұзылады. Сөйлеу кемістігінің себептерін анықтау үшін сөйлеу органдары мен олардың кемістіктерін білу қажет.
1. Ерін
2. Күрек тістер
3. Альвеол (қызыл иек)
4. Қатты таңдай
5. Жұмсақ таңдай
6. Дауыс сіңірлері
7. Тілдің түбі
8. Тілдің ортасы
9. Тілдің ұшы
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Логопедия пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?

  2. Логопедия қандай ғылымдармен тығыз байланысты?

  3. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктерін атаңдар?

  4. Орталық сөйлеу аппаратына не жатады? Шеткі сөйлеу аппаратының бөліктерін атаңдар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет