Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


ЛОГОПЕДИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



бет6/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
1 мамыр, 1 мамыр, [Template] Тапсырма1.1 тест, [Template] Тапсырма1.1 тест, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1), -987683380, селен элемент – Google Поиск, ДО РЕ МИ, АБ 1 көркем еңбек Жеңісбек Гүлина, Үздік ұстаз-ғибратты үлгі, Topiq показательные уроки ЭУ,
ЛОГОПЕДИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлеріне түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналасу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симптоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Бұл логопедия басқа ғылымдармен тығыз байланысты екендігін анықтайды. Олардың ішінен педагогиканы /жалпы және арнайы педагогиканы/, медицина, лингвистиканы атауға болады.
Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: патофизиология, анотомия, физиология және есіту мен сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия.
Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді.
Сонымен И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы туралы ілімі, шартты-рефлекторлық байланыстың қалыптасуының заңдылығы туралы, П.К.Анохинның функционалды жүйе туралы, психиялық міндеттің қозғалмалылығын жайлатпауы туралы ілім және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы осы заманғы нейропсихолингвистикалық ілімі логопедияның психофизиологиялық табиғи ғылыми негізі болады.
Логопедия үшін аса маңыздысы И.П.Павловтың І және ІІ сигналды системасының өзара көмектесіп әрекет жасау туралы ілімі.
Біздің сезімізді, қабылдауымызды И.П.Павлов бірінші сигнал болмысы деп атады. Олар арнайы физиологиялық механизмдердің, анализатордың арқасында пайда болады.
Адамның ең зор дәулеті оның сигнализациясының ерекше, жоғарғы түрі – екінші сигналды системасы деп аталады. Адамның сөзі мен сөйлеу тілін қосқанда екінші сигналды сигнал немесе сигналдың екінші тәртібі деп аталады.
И.П.Павловтың ілімі бойынша және екінші сигналды системасы бірі мен бірі тығыз байланысты. Екінші сигналды система біріншінің негізінде құрылады, және дамиды. Бірінші сигналды системасының бұзылуы екінші сигналды системасының бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Шынында, мысалы, сөйлеу тілінің бұзылуы себебі кейде есіту, көру анализаторлар механизмдерінің бұзылуынан болуы мүмкін, демек есіту және көру түйсігінің де бұзылғаны.
И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды системасының өзара көмектесіп әрекет жасауы туралы ілімін негізге ала отырып, біз логопедия практикасы үшін маңызды қорытынды жасауға тиістіміз. Екінші сигналды системасының дамуы мен бірқалыпты жұмыс істеуін сақтау үшін бірінші сигналды системасын, әсіресе сезім мүшелерін дамыту және қорғау қажет.
Оториноларингология, невропатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуге логопед пен тәрбиешіге өте жақсы жәрдемін тигізеді, ал бұл сөйлеу тілінің бұзылуын ерте анықтап, жас кезіндегі түзетуге ықпал жасау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қойылған диагнозға қарай баланың емделетін арнайы мекемесінің түрі, сонымен бірге сөйлеу тілін тәрбиелеу тәсілі сайланады.
Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытынды дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін қажет.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы баланы психолого-педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана білу қажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл кемістіктерін ой-өрісінің жеткіліксіздігінен, немесе көңіл-күйі және мінез-құлқы бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен ажыратуға болады. Психология қағидасы жас балалармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі, олардың сөйлеу тілін ақылын ұғынуын, назарын, ой-өрісін тексеруде барабар тәсілді таңдайды, сонымен бірге осы жастағылар үшін әрекеттің түрлері бойынша логопедия жұмысын өткізеді.
Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның психологиялық ерекшелігін еске алу қажет.
Мектепке дейінгі балаларға берілетін оқу көрнекті болу керек. Балалармен логопед оқуды суреттер, макеттер, сөйлеу тілін жаттықтыратын лотолар, әртүрлі ойыншықтар қолданып, ойын түрінде өткізеді.
Логопедия жұмысының нәтижелі болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауынан көп байланысты. Ол тек оның ынталылығын, ықыласының, ойлауының, ақылының, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп және бабын табуда әрдайым дербес қараған жағдай да ғана жүзеге асуы мүмкін.
Логопедия сабағының нақты жүйелілігі, жоспарлығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер баланың жасына қарай пайдаланылады.
Егер мектеп жасына дейінгі кішкентай балалармен логопедия сабағын өткізгенде тілінің кемістігіне назар аудармаса ол мектеп жасына дейінгі балалардың, орта және одан да ересектеулеріне тілінің кемістігінің зияны және себебін айтып, дыбысытың айтылғандығы артикуляциясын көрсете отырып, оны жою үшін не істеу керек екенін түсіндіруге болады. Баланың сабаққа саналы түрде қарауы логопедия жұмысының нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.
Логопедияда педагогиканың көп әдістері пайдаланылады, мысалы: бақылау, әңгіме, ал жеке дыбыстардың мүкістігін түзету мен сөйлеу тілін қалпына келтіруде талдау – жинақтау әдісі қолданылады. Осының бәрі логопедияның ғылым ретінде педагогикалық маңызын дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет