Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


Лекция 7. Дизартрия. Сипаттамасы



бет27/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Лекция 7.
Дизартрия. Сипаттамасы.
Түзету жолдары.
ДИЗАРТРИЯ
Дизартрия – дегеніміз сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылуы кемістіктері. Дизартрия гректің артрон – мүшелер және бөлшек, дис- бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айқын сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисындасып жинақталуына, кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтың пайда болған уақытына байланысты әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психологиялық және логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті. Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әртүрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның, екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайлардың көбінде бала туылған кезде асфиксия пайда болады және шала туады.
Дизартрия резус-фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфекциялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады.
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Е.М.Мастюкованың берген мәлімет бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-85 – індейі дизартрия болады екен.
Дизартрияның қлиникалық түрлерінің классификациясы зақымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген. Дизартрия балалар бір – бірімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтарының, денсаулықтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылады, соған байланысты әртүрлі логопедиялық ықпалды қажет етеді және түзетуге әртүрлі дәрежеде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет