Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары


Лекция 9. ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР



бет28/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар

Лекция 9. ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Жоспар:

1. Ежелгі адамдардың дүниетанымы. Миф және оның ежелгі адамдар өміріндегі ролі.

2. Ежелгі Мысыр мәдениеті.

3. Ежелгі Үнді мәдениеті: оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.

4. Адамзат өркениеті тарихындағы Ежелгі Қытай мәдениетінің орны.
Лекцияның мақсаты: Ежелгі Шығыс елдеріндегі мәдени даму мен адамзат өркениетінің өзіндік ерекшеліктері жөнінде нақты деректермен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Ежелгі миф – аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық (рәміздік) мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. «Мифология, - деп жазады А. Қасымжанов, - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар». Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф дегеніміз – ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенімде емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның тарихы (уақыты). Мифтік уақыт туралы сөз қозғағанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. Ұжымдық тәжірибе мен әдет – ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт, ал бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, осыған байланысты теориялық танымның өркендеуіне алып келеді. Бұдан біз, мифтік таным уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігіне көз жеткіземіз. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) сыйлаған соң, мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспананы көмескі сана мен архетиптік жадыдан табады.

Мифология – адамның өзін таныту құралы, адамның шығармашылық қабілеттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет