Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары


"Веданта" брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. "Санкхья"



бет31/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар

"Веданта" брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар.

"Санкхья" материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады.

"Ньяя" логика заңдарына сүйенеді, оны ұғынып білу адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі-вайшешикаға жақын болып келеді.

"Вайшешика" адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік, мәнділік). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және мәңгілік болып саналады.

Үнді-будда мәдениеті басты орынға әр адамның діни-моральдық іс-әрекеттерін қоя отырып, адамның табиғатпен де, өз-өзімен де, қауыммен де үндестік, ірі келісім табуына баса назар аударады. Бірақ, үнді-будда мәдениеті халықты өкіметке қарсы әлеуметтік қарсылықтан, әлеуметтік белсенділдік пен таптық күрестен сақтандырды. Үнді қоғамында ғасырлар бойы ұйымдасқан әлеуметтік қарсылықтың болмауы - үнді халқының сыртқы күштердің басқыншылық әрекеттеріне тегеурінді, батыл түрде әлеуметтік-саяси қарсылық көрсете алмай, дәрменсіздік көрсетуіне әкеліп соқты.

Үнді-Будда мәдениетінің қойнауында Үндістанда Махатма Гандидің (1869-1948) реформаторлық қозғалысы туындады. Ол бұл қозғалыс барысында өзінің табиғатта әрекет ететін «махаббаттың өнегелілік» заңына ұдайы сүйеніп отырды. М. Ганди бұл жайында былай деп жазды: «Махаббат заңы біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Табиғат заңдылықтарына сүйенген ғалым қандай ғажайып жаңалықтар ашса, махаббат заңын өз өмірінде үлкен сүйіспеншілік-пен қолдана білген адам да бұл өмірде айтарлықтай табыстарға жетері сөзсіз, ал кейде ғалымдардың жеткен межесінен асып та түсуі мүмкін». Үнді-будда мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына касталық құрылыс үлкен ықпалын тигізді. Өйткені әрбір варна-өздеріне ғана тән салт-дәстүрлері мен дүниетанымы қалыптасқан жәй ғана тұйық әлеуметтік топ қана емес, олар белгілі бір мәдени құндылықтардың ортасы болып саналады.

Үнді-будда дінінің білімге үлкен құрметпен қарағандығын ешкім де жоққа шығара алмас. Көне афоризмдерінде ғылымның маңызы мен мәні жоғары бағаланды. Үнді математиктері, дәрігерлері араб, парсы және Орта Азия елдерінде жоғары бағаланған, сондықтан адамдар білім бұлағынан сусындану үшін үнді еліне келетін болған. Үндістанның кейбір қалаларында ашылған университеттерде астрономия, астрология, математика, медицина мәселелері, діни-философиялық текстер жан-жақты оқытылатын болған. Бенарес көп уақытқа дейін үнді мемлекетінің басты ғылыми орталықтарының бірі болған Көне Үндістанда астрономия мен математика жоғары бағаланған.

«Нөл» белгісі мен санаудың ондық жүйесін ойлап тапқан да үнді ғалымдары болатын. V-ХІІ ғасырларда Ариабхатта (V ғ.), Брахма-гупта (VІІ ғ.), Магавира (ІХ ғ.), Бхаскара (ХІІ ғ.) сияқты дарынды математиктер мен астрономдардың мерейі үстем болды.

Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми тұжырымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті.

Тарихи зерттеулерге онша мән бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени жетістіктері, патшалықтардың арғы-бергі тарихы, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмірі сияқты маңызды мәселелерге онша назар аударылмады. Көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі - Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. ХІІ ғ.) «Раджатар-ангити» атты еңбегі.

Өз тарихына немқұрайлы қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мәдениеттің дамуына нұқсан келтірді. Қоғамдық өмірді тұрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі - тарихи қажеттілік болды. Заман ағымында бұл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады.


10-лекция. АНТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
Жоспар:

1. Ежелгі Грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері.

2. Ежелгі Грекия мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі.

3. Антикалық Римнің дәстүрлі мәдениеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет