Сақтандыру



Дата18.02.2017
өлшемі8,82 Kb.
#10254

Сақтандыру

  • «Есеп және қаржы» кафедрасы
  • 3 кредит
  • Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна
  • «Қаржы», «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін

Кіріспе

  • «Сақтандыру» курсы экономикалық бағыттағы мамандарды қалыптастыратын оқу пәндерінің арасында ерекше орын алады.
  • Нарықтық экономикада сақтандыру бір жағынан адамдардың қал-ауқаты мен бизнесін қорғау құралы, екінші жағынан кіріс көзі ретінде қолданылады.
  • Курстың соңында студент білу керек:
  • сақтандырудың түрлерін, сатыларын, тармақтарын ажырату;
  • сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін санау;
  • сақтандыру сомасын және сатылым өлшемдерін анықтау;
  • сақтандыруды қорғау түрлерін жасау, тәуекел-менеджмент негізінде жағдаяттық жоспарды құрастыру.

Пән туралы мәлімет

  • Пән атауы: Сақтандыру
  • Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
  • Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

  • Пәнді оқыту мақсаты – негізгі тақырыптар бойынша жүйелі білім беру, жедел жағдайларда басқару шешімін дұрыс қабылдауға қабілетті болашақ мамандарды дайындау.

Курстың міндеттері:

  • сақтандырудың мәнін ашу, сақтандыру факторларын, сақтандыру барысы, сақтандыру қатынастарының нормативті-құқықтық базасын танып білу;
  • қоғамдық өнеркәсіптегі сақтандырудың мәнін, сақтандыру нарқы мен оған қатыстылардың мазмұнын танып-білу;
  • ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасына мінездеме бере білу;
  • сақтандыруды қорғаудың негізгі әдістері мен сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету негіздерін оқып-үйрену.
  • «Сақтандыру» пәнін игеру үшін «Экономистерге арналған математика», «Экономикалық теория», «Статистика», «Қаржылық талдау», «Ақша Несие Банк», «Банк ісі» пәндері бойынша игерілген білімдер қажет етіледі
  • «Сақтандыру» курсы жоғарғы білікті мамандар ретінде қаржыгерлерді дайындау барысындағы оқу пәндерінің бірі. Аталған курс экономикалық теориямен, макро- және микро деңгейдегі экономикамен, қаржымен, бухгалтерлік есеппен және аудитпен және басқа оқу пәндерімен бірге сақтандыру қатынастарының мәні, сақтандыру қызметінің теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолданылу механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді

Студенттерге қойылатын талаптар:

  • Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады
  • «Сақтандыру» пәні бойынша семинарлық сабақ кезінде студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді. Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар: таңдалынып алынған тақырып бойынша теориялық мәлііметтерді баяндау, студенттердің ұсыныстары мен нұсқауларын, пікірлері мен көзқарастарын дәйектеу, баяндаудың қысқа және нақты болуы. Өзекті мәселелер бойынша баяндама дамытылып, толықтырылып және ғылыми конференцияға ұсынылады.

Семинарлық сабақтар дискуссиондық сипатта жүргізіледі: қандай да бір мәселелер бойынша түрлі альтернативті көзқарастар қарастырылып, қосымша хабарламалар ұсынылады, есептер, кроссвордтар құрастырылып, шешіледі. Студенттердің тобындағы шығармашылық атмосфера оқытушыға әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Семинарлық сабақтар дискуссиондық сипатта жүргізіледі: қандай да бір мәселелер бойынша түрлі альтернативті көзқарастар қарастырылып, қосымша хабарламалар ұсынылады, есептер, кроссвордтар құрастырылып, шешіледі. Студенттердің тобындағы шығармашылық атмосфера оқытушыға әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
  • Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, электрондық оқулықтарда берілген тесттер, есептер шешу, жеке семестрлік тапсырмаларды және оларды қорғау арқылы үй тапсырмаларын орындауды тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Назарларыңызға рахмет!!!


Каталог: images -> wksu -> pps files -> econom -> altybayeva
altybayeva -> «Есеп және қаржы» кафедрасы 3 кредит Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
altybayeva -> Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
econom -> «Қаржылық есеп 2»
econom -> «Қаржылық есеп 1»
econom -> Қехс бойынша бухгалтерлік есеп
altybayeva -> Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Алтыбаева Ш. М. Қаржылық статистика Пәннің негізгі мазмұны «Қаржылық статистика»
altybayeva -> Статистика «Есеп және қаржы» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет