Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет26/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Лекцияның мазмұны: "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.

Қарым-қатынас мәдениетінің ең маңызды компоненті, әрі ұйымдастырушы бастауы - әдеп (этикет) болып табылады. Этикет дегеніміз - белгілі бір қоғамға тән адамгершілік принциптерінің жиынтығы. Этикет туралы сөз қозғағанда халықтың санасына сіңіп қалған мінсіз іс-әрекеттерді ғана емес, шын мәнінде күнделікті тұрмыстағы қалыпты жағдайды ажырата білу керек. Әр түрлі халықтардың этикетін зерттеуді ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, маңызы зор. Өйткені оны зерттеу қоғамда болып жатқан көптеген үрдістер мен құбылыстарға баға беруге көмектеседі. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдеп нормаларын, олардың қазіргі уақыттағы жасына, жынысына қарай сақталу-деңгейін, қоғамда алатын орнын және тұрғылықты жеріне байланысты ерекшеліктерін біз зерделеу арқылы айқындай аламыз. Мінез-құлықтың нақты нормаларын талдау негізінде дәстүрлі қазақ қоғамы және тұтастай алғанда қазақтардың мінез-құлық мәдениетінің ортақ ұстанымдары анықталады. Қазақ әдебінің негізгі ұстанымдарындағы өзгерістерді белгілеуге болады. Дәстүрлі қазақ мәдениетіне арналған көптеген этнографиялық зерттеулерде мінез-құлықтың кейбір стандарттық нормаларын сипаттау және әр түрлі әдептік нормалар кейбір мақалаларда жарық көргенімен, әлі күнге дейін қазақ әдебі арнайы зерттеу нысаны болмаған. Сондықтан, қазақ әдебінің әр түрлі қырларын кешенді зерттеу, қазақ халқына ғана тән, әр ауданға байланысты, оның дәстүрлі ерекшеліктерін анықтау, қазіргі заманауи жағдайлардағы қазақтар мекендейтін аудандардағы төл әдептердің өзгерісіне талдау жүргізу өзекті ғылыми мәселе болып табылады.
  Әдеп сөзі ұят сөзімен байланысты. Яғни, ар-намысы, ұяты бар адам әдептен аттамайды екен. Осы орайда Абайдың надандық ұят, шын ұят деп бөлгені оралады ойға. Этно-психолог мамандар да бұл турасында: «Шын ұят – саналы адамның өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне сыни қараудан туындайтын намысты сезім тебіренісі, көлгірсуден, дүниеқоңыздықтан безіну, өзінің ерсі қылығынан жиіркену болса, надандық ұят – жаны жалған жанның ұялғансып, қысылып, қымтырылған түр танытып, сызылып қылымсуы», – дейді. Бұл Абайдың өз заманында айтқан сөзінің әлі күнге дейін өзектілігін жоймағанын білдірсе керек. Десек те, бұрынғы кезде әдептен аттаған, кісі намысын қорлаған, жалған сөйлеп, өсек таратқан адамды ағайын-туыс болып намысын қыздырып, айыбын бетіне басып, тәубаға келтірген екен. Бүгінде заман басқа дейміз бе, әлде ақсақалдар алқасының жоқтығына телиміз бе, әйтеуір өз кінәсін түсінбейтін, өз ісіне ұялмайтын адамдар да кездеседі арамыздан.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу - адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу - әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.



Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу - үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл-оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Қазақта әдеп нормаларының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары-имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді. Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым. Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі. Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді:

«Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»;

«Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»;

«Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады».



Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді. Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу керек», - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын береді: «.. өнер-білімге құштар; - мүшелері мүлде мінсіз; - жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; - өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз; - өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; - тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл; - жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; - жаратылысынан игі істерге ынтызар; - әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; - жақындарына да жат адамдарға да әділ - пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз; - қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек; - бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді. Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай өлең жолдарын да арнады: Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – парасат. Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек?» деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары болашақ мұғалімдерді мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тәрбие ісінде жүзеге асыруға, кәсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына көмектеседі.

Ата-бабаларымыз: «Ар жазасы бар жазадан ауыр», – деп бекер айтпаса керек. Тек бұл сөздің мәнін дұрыс түсініп жүрміз бе бүгін? Кезінде намыс – адамгершілік соты, айыптаушысы әрі қорғаушысы іспетті еді. Бүгінде ер азаматқа тән осы қасиеттен ажырап бара жатқан жоқпыз ба? Бүгінгі ұрпақ озбырлыққа күйініп, ынжықтыққа, жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа қынжыла ма? Мансапқорлық, жағымпаздық пен жалтақтықтан бойын аулақ ұстауды дағдыға айналдырды ма? Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттер мен қарау қылықтардан бойымиызды алшақ ұстаудың қажеттілігін қаншалықты сезінеміз? Бұл жерде жазушы Оралхан Бөкейдің «Жылымық» атты әңгімесіндегі соқыр қыздың: «Мен тумысымнан тән мүгедектігіне душар болсам да, жан мүгедектігіне ұшырамағаныма шүкіршілік етемін», – деген сөзі әрбірімізге ой салары анық.

Жүсіпбек Аймауытов: «Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді», – деген еді. Жалпы, мінез өмір ағымының барлық кезеңдерінде адамның ой-толғамына, сезіміне, көңіл-күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды және ол адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз-қалпында елестетер шарайна десек, ұлт мінезіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді саралау бүгінгі ұрпақ еншісінде.

Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.

Этикет адам мен қоғам  мәдениетінің құрамдас бөлігі болып  табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері  Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені  Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті, бейбітшілікті  кеңінен марапаттайды. Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет