Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет47/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз

.10 кестенің жалғасы
Болат құбырлар. Сыртқы су жүйе торабтарында МЕСТ 10704-76, 10705-80 (тік тігісті) және 8696-74 (спирал тігісті) бойынша шығарылатын, ішкі диаметрі 100...1600 мм, ұзындығы 12 м дейін жететін болат құбырлар қолданылады. Бұл құбырлардың екі ұшы да тегіс болып, бір-бірімен дәнекерлеу арқылы жалғанады. Оларды сумен жабдықтау жүйесінде негізінен ішкі қысымы едәуір болатын торабтарда, сейсмикалық аудандарда және иілу-созылу күштеріне қарсылық көрсету қажет болатын жағдайларда қолданады.

Болат құбырлардың ішкі және сыртқы беттері металды коррозилдан сақтайтын науайы заттармен қапталынбайды. Сондықтан оларды коррозиядан қорғау жұмыстары тек оларды жүргізер кезде ғана қарастырылады.

Коррозияға құбырдың сыртқы қабырғаларыда ұшырауы мүмкін. Сыртқы коррозиядан оларды әр түрлі битумдық қаптағыштармен (изоляция) орау арқылы құтқаруға болады. Қаптағыштармен түрін жер қыртысындағы түздардың электролиттік бүлдіргіштік әсеріне байланысты анықтайды.

Металл құбырларды коррозиядан қорғаудың тағы бір жолы – коррозиялық электрохимиялық теориясына негізделген катодтық қорғау (2.24 сурет). Бұл теория бойынша металдың мүжілуі коррозиялық ортамен жанасқанда құбырдың сыртқы бетіне гальваникалық будың еңуімен сипатталады. Металл құбырларда катодтық. әдіспен қорғағанда науайы ток көзінен алынатын тұрақты токты құбыр маңына қадалған, анод қызметін атқаратын темір қазықда (3) бағыттайды.

1 – ток көзі; 2 – металды құбыр; 3 – темір кесінді (қазық).

2.24 сурет. Металды коррозиядан катодтық қорғау сұлбасы
Ток құбыр бетінде гальваникалық будың бүлдіргіш әрекетін бейтараптандыратын катодты кеңістік түзеді.

Электр энергиясының көп шығындалатынына байланысты катодтық қорғау битуммен қапталған құбырларға тек қосымша шара ретінде қолданылады. Құбырларды ішкі жағынан коррозиядан қорғау үшін құбырларды, кейде шойын құбырларын да цеменпен сылап шыққан жөн. Цементтік қаптама қалыңдығы 3...6 мм-дей центрден тепкіш науайы машина көмегімен зауытта жасалып жатқанда немесе орнатыларда жағылады. Металл құбырлардың ішкі бетін тот басудан суды науайы өңдеуден өткізу жолымен де сақтауға болады.



Асбестцемент құбырларды құрамы 75–80% портландцемент және 20–25% асбест талшықтарынан тұратын қоспадан жасайды. Олардың диаметрі 500 мм-ге дейін, ұзындығы 3...4 м, ал екі жақ ұшы жонылып жіңішкерілген болады (2.25 сурет).

Асбестцемент құбырлар коррозияға берік және ток пен жылу өткізбейтін қасиеттері болады, сонымен қатар салмағы аздығынан тасымалдау, құрастыру мүмкіншіліктері болатындықтан оларды су жүйелері торабтарында кеңірек қолданылады.

Асбестцемент құбырларды МЕСТ 539-80 бойынша үш түрлі дайындалады: ВТ-6; ВТ-9 және ВТ-12 (яғни 0,6, 0,9 және 1,2 мПа қысымдарына төзімді келеді).

Құбырларды бір-бірімен асбестцемент және шойын муфталар көмегімен жалғастырады. Муфта мен құбыр қабырғаларындағы цилиндрлік қуысты жапсардың беріктігін қамтамасыз ететін резинка сақиналармен (МЕСТ 5228-76) бекітеді. Мұндағы жапсарлар әжептәуір иілгіштік қасиеті болып, сынғыш асбестцемент құбырларды бүлінуден сақтайды.



а – жалпы көрінісі; б,в – жалғастыру әдістері; 1 – құбыр; 2 – муфта; 3 – резинкалы сақина; 4 – втулка; 5 – фланец; 6 – қысушы болттар.



2.25 сурет. Асбестцемент құбырлар
Темірбетон құбырлар МЕСТ 12586-74 бойынша сілкілеп нығыздау (вибропрессование) әдісімен үш класты – 0,5; 1 және 1,5 мПа қысымға төзетіңдей етіп дайындайды. Олардың ұзындығы 5 м-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Темірбетон құбырларын центрден айландыру (центрифугирование) әдісімен де жасайды (МЕСТ 16953-78).

Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлары өткізгіштерде (водоводтарда) істетеді.



Пластмассалы құбырлар. Сумен жабдықтау жүйелерінде жоғарғы және төменгі тығыздықтардағы полиэтиленінен және винипластан жасалған пластмасса құбырларды қолданады.

Полизтилен құбырлары (МЕСТ 18599-73) 0,25; 0,4; 0,6 және 1 мПа ішкі қысымдарына есептелген ұзындығы 6,8,10 және 12 м түрінде шығарылады. Жоғары тығыздықты полиэтиленнен жасалған құбырлардың орташа сыртқы диаметрі 10...630 мм, ал төменгі тығыздықтағылары 10...160 мм-ге дейін болады.

Винипласты құбырларының шығарылады. 0,25; 0,6 және 1 мПа ішкі қысымдарға төзетіндей етіп есептеп шығарылады. Диаметрі 6...130 мм.

Платмасса құбырларының екі жақ басы тегіс болып, оларды бір-бірімен балқыту арқылы немесе науайы муфтаның көмегімен жалғастыруға болады.

Ішуге және шаруашылық мақсатына қолданылатын су жүйелерінде пластмасса құбырларын тек санитарлық бақылау жүргізетін ұйымның рұқсаты бойынша ғана пайдалануға болады.
Лекция 11 Су жүйесі құбырларын жүргізу
Құбырларды салу жұмыстарының алдыңда оларда жүргізу бағытын анықтап, бақылау құдықтарының орнын белгіленп алу керек.

Құбыр жүргізілетін ордың өнін құбырдың диаметрі мен материалына, салу тереңдігі мен жер қабатына, сонымен қатар жапсарды бекіту жұмыс жағдайларына байланысты қабылдайды.

Құбырлардың жүргізілу тереңдігі олардағы судың қыста мұздамауын, жазда шамадан тыс қызып кызып кетпеуін, сонымен қатар құбырларға сыртқы ауырпалықтардан (транспорттан және т.б.) зақым келмеуін қамтамасыз етуі қажет.

Жер қабатының тоңазу тереңдігін анықтау өте қиын мәселе, өйткені ол мекенжайдың географиялық орнына ғана байланысты болмай, сонымен қатар жер бетіндегі өсімдіктерге, түсетін қардың қалыңдығына, күн сәулесінің түсу шамасына және т.б. себептерге де тәуелді болады. Мұндай бір-бірімен тығыз байланысқан себептерді қарастырып шығу, әрине қиын, сондықтан құрылыс ережелері бойынша құбырдың жүргізілу тереңдігін жер қабатының тоңазу тереңдігінен 0,5 м (құбырдың астыңғы қабатына дейін) төмен алу керек. Сонымен қатар шаруашылық – ауыз су мұқтажын қамтамасыз ететін құбырларды шілде кезіндесу шамадан тыс қызып кетпеу үшін жер бетінен кемінде 0,5 м тереңдікте жүргізу қажет.

Жалпы мекенжай территориясы үшін қабылданған тереңдік тұрақты етіп алынады да құбырларды жер бетіне параллель жүргізеді. Құбыр диаметрі 600 мм-ден үлкен болғанда, оларға қатарластыра құбырлар жүргізіледі.

Сумен жабдықтау құбырларының жүргізілетін тереңдігі мен бағытын қала көшелеріндегі басқа торабтармен үйлестіре отырып белгілеген жөн.

Су жүйесі құбырлары мен басқа жүйелер торабтарының бір-бірінен ара қашықтығы төмендегі берілген шамалардан кем болмағаны жөн. (метрмен):

Үйлердің іргетасына дейін.....5

Темір жол реальстеріне дейін...4

Автомобиль жолдарының жиегіне дейін...2

Байланыс торабтарына дейін...0,75

Электр жүйелерінде (35 кВт-тан аз болғанда) дейін...1

Жылу жүйелеріне дейін

Төменгі басыдағысы...1

Жоғары басымдағысы...5

Жасыл алқаптағы ағаш бағаналарына дейін...2

Көше бағаналарына дейін....1,5

Канализация құбырларына дейін.....1,5...3

Су құбырлары басқа жер асты құбырларымен қиылысқан жағдайда олардың ара қашықтығы 0,15 м-ден кем болмауы керек.

Су құбыры канализациямен қиылысқан жағдайда ол канализациядан жоғары жүргізіліп., екеуінің ара қашықтығы 0,4 м-ден кем болмауы тиіс. Егерде канализация жергізілген байланысты ұзындығы 5 – 10 м болатын футлярға орап жүргізеді.

Су құбырларын қазылған ордың бойымен жүргізгенде, ордың асты жақсы тегістеліп тығыздалуы тиіс. Тасты жерлерде ордың түбіне қалыңдығы 0,15 м құм немесе майда шағыл құм төселінеді.

Орды жаппай тұрып, 1 км-дей ұзындықта жүргізілген құбырлар гидравликалық сынаудан өткіззіледі. Бұл сынау кезінде үлкен қысымда құбыр жапсарлары ажырап кетпеуі және су жоғалуы байқалмауы тиіс. Жүргізілген құбырды соңғы рет орды жапқаннан кейін де гидравликалық сынаудан өткізеді. Мысалы, шаруашылық-ауыз су құбырларын 1 м-ге 20...30 мг-нан келетін хлорлы сумен бір рет шайып шығады.


Лекция 12. Арматуралар
Су құбыры торабының сенімді қызметін қамтамасыз ету үшін су таратушы құбырлар ысырмалармен (задвижкалармен), гидранттармен, вантуэдармен және әр түрлі клапандармен жабдықтатальды.

Ысырмалар су таратушы құбырлардың жұмысын гидравликалық түрғыдан реттеп түру үшін пайдаланылады.

Олар МЕСТ 9698 бойынша қысымы 0,25-6,4 мПа, диаметрі 50...2000 мм аралығында шығарылады.

Параллель ысырмалар (2.26 сурет) корпусының ішіндегі өткел екі параллель орналасқан дискілер көмегімен ашылып-жабылып тұрады. Жабылар алдында шпиндель төменге түсіп, сыналар көмегімен корпус өткелін дискілермен бітейді. Ал ысырманы ашар алдында шпиндель көтеріліп науаулы иықшалар көмегімен дискілерді жоғары ала шығады.

Сыналы ысырмаларды (2.26 б сурет) екі дискі бір-біріне параллель болмай, олар корпус өткелін сынаның қысуымен бекітеді.

Жоғарыда айтылған ысырмалардың екеуінде де шпиндель не жылжитын не жылжымайтын болуын мүмкін. Санитарлық-гигиеналық жағынан жылжымайтын шпиндель қолайлырақ болады.

Ысырмалар қол, механикалық немесе электр күшімен ашылып-жабылуы мүмкін. Диаметрлері үлкен ысырмаларды ашуды жеңілдету үшін олар айналма құбырларымен жабдықталады (2.27 сурет).



2.28 суретте «сақиналы» (кольцевая) ысырманың құрылысы көрсетілген. Оның ашылуы )(а) мен жабылуы (б) корпустың ішіндегі конус тәрізді А бөлігінің ось бойымен әрі-бері жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ысырманы басқару оңай және олардың салмағы мен биіктігі алдында қарастырылған басқару оңай және олардың салмағы мен биіктігі алдында қарастырылған ысырмаларға қарағанда едәуір аз болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет