Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет55/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2.37 сурет. Өткел
Су құбыры өзендерден көпір түрінде немесе су астымен дюкер түрінде өткізілуі мүмкін. Мұндайда, әлбетте, болатқұбырлары қолданылады. Су түбінен төмен жүргізілетін құбырлар саны екеуден кем болмауы керек. Оның әрқайсысы өзі арқылы барлық шығынды өткізуі тиіс. Құрылыс ережелері бойынша құбырлардан өзен түбінен 0,5 , ал кеме жүретін өзендерде 1 м-дей төмен жүргізуі керек. Параллель жүргізілген екі құбырдың бір-бірінен қашықтығы кемінде 1,5 м болуы тиіс.

Дюкерді құрастыру әдістері әр түрлі болып келеді. Оны әр уақытта жергілікті жағдайға байланысты шешуге болады.


Лекция 14. Реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтар
1 Сыйымдылықтардың жіктеуі

Реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтардың сумен жабдықтау жұмысында үлкен рөл атқаратыны жайлы откен параграфтарда айтылған болатын. Реттеуші сыйымдылықтардың көмегімен сорғыш бекеттерінің жұмыс кестесін шамалы реттеп отыруға болады, сонымен қатар олар магистралды құбырлардың диаметрін кемітуге мүмкіншілік жасап, жалпы су торабтарының құнын азайтуға себепші болады. Сақтаушы сыйымдылықтар жалпы су жүйесінің үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Сумен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын сыйымдылықтарды төмендегіше жіктеуге болады.

1. Жұмыс атқарушы принцпі бойынша:

а) реттеуші;

б) сақтаушы;

в) сақтаушы-реттеуші.

2. Судың алынуы бойынша:

а) арынды, су құбырларында қысымды тұрақты шамада ұстап түра алатын сыйымдылықтар;

б) арынсыз, мұнда су сорғыштар арқылы алынады.

3. Конструкциялық өзгешеліктері бойынша:

а) арынды мұналалар;

б) резервуарлар;

в) арынды бағаналар (колонкалар);

4. Ауалы арынды қоңдырғылар.

Сыйымдылықтардың түрін, өлшемін және орналасу орнын дұрыс анықтау үшін жобалау жұмыстарында су жүйелерін мұқият техникалық-экономикалық талдаудан өткізіп, олардың жұмыс режимін толық анықтап алу қажет. Олардың санын анықтау мәселесіне көптеген талдау жұмыстарынталап етеді. Өйткені бактердің жалпы сыйымдылығың мұнаралар мен резервуарларға бөле отырып су жүйесінің құнын азайтуға болады.


2 Арынды мұнаралар

1 Арынды мұнаралардың құрылымы және жабдықталуы
Арынды мұнаралар сумен жабдықтау жүйесінің кез келген нүктесінде орналасуы мүмкін. Олардың жабдықталуы, жұмыс ерекшелігі орналасу орнына өте байланысты болады.

Мұнаралар, әдетте, бактен (1) және оны көтеріп тұратын конструкциядан (2) тұрады (2.38 сурет).



Арынды мұнаралар багінің сыйымдылығы мен орнатылатын биіктігі сумен жабдықтаудың жалпы есептеулерінде белгілі болатындықтан, оларды жобалаған кезде конструкциялық жағынан толықтырылып отырады. Мұнаралар багі көбіне дөңгелек түрде болады, ал оның диаметрі мен биіктігі технологиялық және сәулеттік-құрылыс жағы ойластырылып анықталады. Қалада орналастырылған арынды мұнаралар өз айналасындағы үйлердің сәулетіне лайықты болуы тиіс.



2.38 сурет. Арынды мұнараның сұлбалары.
Бактерді көбінесе болаттан немесе темірбетоннан дайындайды. Олардың биіктігінің диаметріне қатынасы 0,5...1 аралығында болады. Бактегі суды қатпаудан, қызып кетпеуден және ластанудан сақтау үшін бакті шатырмен (3) жауып қоюға болады. Шатыр жеңіл құрылыс материалдарынан жасалады. Бак пен шатыр арасы «а» адам жүре алатындай (0,7 м-ден кем болмауы) болуы тиіс. Бақылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бактің төңірегіне саты қойылуы (4) керек.

Ауа райы қолайлы жағдайларда шатырды құрудың керегі де жоқ. Егерде бак ішіндегі судың алмасуы өте суыық аудандарда мұнараны шатырсыз құруға да болады. Кейінгі кездегі арынды мұнаралар, әсіресе олардың ішіндегі үлкендері шатырсыз құрылуда. Шатырсыз мұнаралар багінің үсті жабылып, сырты гидроизоляциялық материалдармен оралады. Арынды мұнараларды конструкциялық әр түрлі тәсілдермен құрастыруға болады (2.39 сурет). Шетел практикасында бактердің ғажайып басқа түрлерін де кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет