Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


сурет. Қарсы мұнаралы жүйенің пьезометриялық графигі



бет8/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2.9 сурет. Қарсы мұнаралы жүйенің пьезометриялық графигі
Графиктегі нүктелердің геодезиялық биіктіктері белгілі болса, онда мұнараның биіктігін Нм және сорғыштардың арын шамасын Нс анықтауға болады.

Нм = Hk+hм-a – ( Zм-Zа ), ( 2.5 )


Hc = Hм + ( hқ-a – hc-hм-a ) + (Zм-Zc). ( 2.6 )
Сорғыштардың арыны мұнараның багі суға толы болған жағдайда, оның биіктігіне (Но) дейін көтеріледі.

Қарсы мұнаралы жүйені есептегенде, оның өзіне тән ерекшеліктерін міндетті түрде қарастырған жөн. Жоғарыда айтылғандай, сорғыштар беретін су мөлшері қала тұтынатын судан әлдеқайда көп болатын мезеттер су жүйелерінің жұмысында кездесіп тұрады. Мұнара құбыр торабының алдында орналасқанда, сорғыштағы артық сулар су құбырына жетпестен тікелей мұнараның багіне келеді (2.5,а сурет). Ал мұнара құбыр торбының соңғы нүктелерінде орналасқан жағдайда, артық су мұнараға жеткенше бүкіл қала құбырын аралап өтуі керек. Су жүйесінің бұл жұмыс мезгілі барынша көп «өтпелі» шығын уақыты деп аталады да, ол уақыт гидравликалық есептеулерде міндетті түрде қосымша қаралуы тиіс.

Өтпелі шығынның барынша көп болатын уақыты 2.4 суретте көрсетілген график арқылы табылады. Мәселен, бұл суретте 23-24 сағ.аралығы.

Қала құбыр торабының жұмысында барынша көп болатын өтпелі шығын «а-а» сызығы аймағындағы диаметрі кішкентай құбырлардан өткенде арын жоғалуы көбейе түседі де, бұл сорғыштардың арындату шамасын жоғарылатып жіберуі мүмкін, яғни Нс>Hc ( 2.9 суретті қараңыз ). Сондықтан осы мезгіл сорғыштар үшін сынаушы, анықтаушы болуы ықтимал. Суретте пьезометриялық арын мұнараға қарай төмендеген в1-м сызығымен бейнеленген.

Егерде мұнара құбыр торабының орта нүктелерінің бірінде орналасса, онда әрбір аймақтың су тұтынусипатына қарай ол жоғарыда қарастырылған алдында немесе соңында тұрған мұнара жүйелері тәрізді жұмыс істеуі мүмкін,

Жоғарыда қарастырылған жүйелердің жұмыс режимі негізінен онда мұнараның болатынына және оның орналасу орнына тәуелді екенін аңғардық.

Судың шығындалу кестесі біркелкі немесе сәл тегістеу болған жағдайда, жүйе мұнарасыз болу мүмкіндігін жоғарыда айтқан болатынбыз.
4.2 Жүйенің есепті жұмыс мезгілдерін белгілеу
Сумен жабдықтау жүйесінің есепті жұмыс мезгілі деп оның ғимараттарының мекенжайды ең жоғары шығын және арынмен қамтамасыз ете алу қабілеттілігін түсінеміз.

Жұмыс мерзімінде немесе этаптарында, әдетте жүйенің жеке элементтері онша өзгермей тек олардың жұмыс жағдайы ғана өзгеруі мүмкін.

Жүйелердің жұмысында қайсыбір мерзім есепті жыл деп алынады да, сол жыл үшін шығындар көлемі анықталынады. Жүйенің барлық ғимараттары сағаттық ең жоғары шығынға есептелінуі тиіс. Қарсы мұнаралы жүйе, сонымен қатар ең жоғары өтпелі шығынға да тексерілуі керек.

Жүйелердің барлығы өрт және апат мезгілдеріне де тексерілген болуы тиіс.

Сорғыштардың жұмыс кестесін реттеу мақсатында және олардың электр қуатын белгілеу үшін жүйелердің төменгі сағаттық жұмыс уақытын да білген жөн.
4.3 Арынды мұнаралар мен таза су резервуарларының керекті сыйымдылығын анықтау
Жоғарыда судың шығындалу кестесін бірінші және екінші көтергіш сорғыштардың жұмыс графиктерімен салыстыра отырып мұнара мен резервуарлардың реттеуші сыйымдылықтарын анықтауға болатынын айтқанбыз. Оны анықтауды 2.4 суретте берілген сандарды пайдалана отырып кесте түрінде көрсетейік. Есептеу нәтижелері 2.4 кестесінде тәуліктік су шығыны есебінде ( процент есебінде ) берілген.


Кесте 2.4 - Мұнара багінің реттеуші сыйымдылығын анықтау


Тәулік, сағ.

Қала шығыны, К=1,35

Сорғыш жұмысы

Бакке түсуі

Бактен алыңуы

Бактегі қалдық

Бактегі қалдық

1

2

3

4

5

6

7

0-1

1-2


2-3

3-4


4-5

5-6


6-7

1.49


8-9

9-10


10-11

11-12


12-13

13-14


14-15

15-16


16-17

17-18


18-19

19-20


20-21

21-22


22-23

23-24


3

3,2


2,5

2,6


3,5

4,1


4,5

4,9


4,9

5,6


4,9

4,7


4,4

4,1


4,1

4,4


4,3

4,1


4,5

4,5


4,5

4,8


4,6

3,3


2,5

2,5


2,5

2,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


4,5

4,5


-

-

-



-

1

0,4



-

-

0,1



0,4

0,4


0,1

0,2


0,4

-
-


1,2

0,5

0,7


-

0,1


-

-

-



0,4

0,4


1,1

0,4


0,2

-

-



2
-

0,3


0,1

-


1,9

1,2


1,2

1,1


2,1

2,5


2,5

2,1


1,7

0,6


0,2

0

0,1



0,5

0,9


1

1,2


1,6

1,6


1,6

1,6


1,3

1,2


2,4

0,8

0,1


-

0

1



+1,4

1,4


1

0,6


-0,5

-0,9


-1,1

-1

-0,6



0,2

-0,1


-0,1

0,5

0,2

0,1


1,3




100%

100%












Суреттегі графиктен алынған сандар 2-және 3-бағаналарға, ал 4-және 5-бағаналарға 2-және 3-бағаналардағы сандардың айырымы жазылған.

6-бағананы толтыру үшін бактің қай кезде бос болатын мезетін білу керек. Ондай уақыт бактен көп уақыт бойы үнемі су алынған кезде болады. Біздің мыс алымызда, ондай уақыт 7…12 сағ.аралығында өтеді. Егер 12 сағ.соңғы минуттарында бактегі су толық қотарылған десек онда 6-бағананың 11-12 сағ.жолына «нөл» санын жазамыз. Ал келеси, яғни 12-13 сағ.аралығында бактен тәулік шығыны 0.1% шамасында (кестенің 4-бағанасын қараңыз ) болса, онда бактегі қалдық су, әрине 0.1 мөлшерінде болады. Одан кейінгі сағ-да бакке тағы да 0.4 мөлшерде су келіп құйылса, онда бакте алдыңғы қалдық сумен қосылғанда 0.5% көлемінде су сақталады. Сонымен бакке құйылған суды қалдақ суға қосып, содан кейін одан алынатын суларды айыра отырып, әрбір сағ-та бакте сақталатын су көлемін анықтап алуға болады. 6-бағанадағы ең үлкен шама мұнара бактің реттеуші сыйымдылығын көрсетеді.

Қарастырылған мысалда сорғыштардың екі сатылы жұмыс режимінде мұнараның реттеуші сыйымдылығы тәулік шығынының 2,5%- да болады, яғни



Егер сорғыштардың жұмыс режимі бірқалыпты, яғни тәулік бойы өзгермесе, онда реттеуші сыйымдылық 6,98%-ке тең болады



Бұдан арынды мұнараны реттеуші сыйымдылығы су шығынына және сорғыштардың суды беру графиктеріне өте тәуелді болатынын көреміз.

7-бағанада бактің қай мезетте бос болатыны дұрыс белгіленбесе, таңбалары оң және теріс сандар шығатыны көрсетілген. Мұндай жағдайда ең үлкен оң және теріс таңбалы сандар жиынтығы ( кестедегі асты сызылған сандар ) мұнараның реттеуші сыйымдылығын көрсететінін байқауға болады.

Қабылданған құрылыс қағидалары бойынша мұнара бактері реттеуші сыйымдылықтар тысқары он минуттық өртке қарсы жұмсалатын қосымша су қорын сақтайтын сыйымдылыққа да ие болулары да тиіс. Сонымен, олардың жалпы сыйымдылығы



м3. (2.7)

Арынды мұнара багінің сыйымдылығын осылайша анықтағаннан кейін, оның биіктігі мен диаметрін жобалар үлгілері бойынша белгілейді. Олардың өлшеміне биіктіктің диаметрге қатынасын H:D=0.7 ала отырып, мынадай формулалар бойынша табуға болады.



және

Сыйымдылығы өте үлкен мұнараларды құру қиынға түседі. сондықтан сорғыштар жұмысын ретке келтіре отырып, сыйымдылығы 800м3-тен аспайтын бактар құрған жөн.

Кей жағдайлардажер бедерінеқарай арынды мұнараның орнына арынды резервуар орналастыру қолайлы болады.

Таза су резервуарлары (ТСР) ыдысқа құйылатын және одан алынатын суларды реттеуші, өртке қарсы және су жүйесінің өз мұқтажына жұмсалатын су қорларын сақтайтын сыйымдылықтардан тұрады.



Су тазалау ғимараттарынан кейін орналасқан резервуардың реттеуші көтергіш бекеттерінің жұмыс істеу режимін еске түсірейік. Реттеуші көлем 2.10 суретте көрсетілген «А» ауданымен немесе ауданы онымен бірдей «Б»-мен анықталуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет