Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


сурет. Керекті арынды анықтау сұлбасы



бет6/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2.6 сурет. Керекті арынды анықтау сұлбасы
Мекенжайлардың су құбырларын есептегенде қажет болатын арын Нк кейбір аудандар үшін үйлердің қабат санына байланысты алынады. Құрылыс қағидалары бір қабатты үйлер үшін 10 м, екі қабатты үйлерде 14 м, ал көп қабатты үйлердің әр қабатына 4 м қосып отыруды ұсынады. Мәселен, бес қабатты үй үшін арын Нк = 10+4 · (n - 1)= 10+4· (5-1)=26 м болуы керек.

Сумен жабдықтау жүйесі ғимараттарының арын арқылы байланысын қарастыру үшін 2.1 суретінің қима кескіні бойынша пьезометриялық сызықтардың жөнелу келбетін көріп шығайық (2.7 сурет).

Су торабының бастапқы нүктелеріндегі және сорғыштардағы арын шамасын анықтау үшін жоғарыда айтылғандай сын нүктесін белгілеп алу қажет. Суретте ол нүкте Z a биіктіктегі «а» нүктесі болсын.

Үй қабаттарының санына байланысты алынатын қажетті арынды «а» нүктесінен жоғары қарай өлшесек, біз сын нүктесінің пьезометрияллық биіктігін ( Нк+Za ) табамыз. Қажетті арын Нк құбыры торабының әрбір сәттерінде осы шамадан кем болмауы тиіс.




2.7 сурет. Арынның пьезометриялық графигі
Мұнарадан сын нүктесіне дейінгі аралықта гидравликалық есеппен анықталған арын жоғалуы һм-a болса, онда мұнараны графикте көрсетілген биіктікке Нм орналастыра отырып, құбыр торабының кез келген нүктелерін қажетті арынмен қамтамасыз етуге болады. Осы аралықтардағы арын жоғалуы аі – бі сызығымен кескінделген.

2.7 суреттен мына теңдікті жазуға болады

Z м + Нм = Z а + Нк + £ һм-а

Бұдан арынды мұнараның биіктігін, былайша айтқанда, мұнара багінің жер бетінен қандай биіктікте орналасатынын анықтауға болады

Нм = Нк + £ һм-а – (Z м - Z а) (2.5)

Осындай жолмен екінші су көтергіш сорғыш бекетінің арындату шамасын анықтауға болады. Ол үшін гидравликалық есептеу арқылы сорғыш жабдықтарынан мұнараға дейінгі аралықта жоғалатын арын мөлшері і £ һ с-м белгілі болу керек. Сонда сорғыш арыны



(2.6)

мұндағы Но – мұнара багінің биіктігі, м.

Бірінші көтергіш сорғыш бекетінің арынын су тазалау ғимараттарының арын биіктігін біле отырып анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет