Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет3/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз

2.3 сурет. Айналмалы су жүйесі
Сумен жабдыктау жүйелері мекенжайды сумен үзіліссіз және сенімді түрде қамтамасыэ етуі шарт. Бірақ жүйелердің.жұмысы әр түрлі құбылыстарға тәуелді болатындықтан (су көздеріне, электр-қуатына т.б.), олар мекенжайға келетін су көлеміи азайтып, сапасын және арынын төмендетулері де мүмкін. Сондықтан жүйелердің жұмыс қабілетім жақсарту мақсатында олардаң басты элементтері қосарланған ( резервтері) болып, ал кейбіреулері кідіріс кезінде өзінен су беде аларындай сыйымдылықтар орматылуы тиіс.
2 Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені болмаса, олардың түрлері мен ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

а) тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл-шаруашылық, өндірістік, өрттік және т.б. жүйелер;

б) мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері;

в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті – бір мекенжай (меншікті) үшін құрылған жүйе;

г) суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

д) қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;

е) судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды.


3 Сумен жабдықтау жүйелерін таңдау
Мекенжайлардың қайсысында болмасын (қала, ауыл, өнеркәсіп орындары) судың көлемі мен сапасына әр түрлі талаптар қоятын тұтынышылар кездеседі.

Жоғарыда айтылғандай, суды елді мекендерде шаруашылық-ауыз су мұқтажына, абаттандыру, өндіріс, өрт қажеттеріне қолданады. Мекенжайдың түріне және тұтынушылық жағдайдаларға байланысты мекенжай көлемінде көп мақсатты «бірлескен» су құбыры немесе жеке тұтынушылар мақсатын көздейтін «бөлінген» су құбырлары құрылуы мүмкін.

Қалаларда, әдетте, барлық тұтынушыларға су бір құбырдан беріледі. Суландыру алқаптары, себу алаңдары қала территориясының әр жерінде кездесетіндіктен және өрттердің де қаланың кез келген жерінен шығып қалуынан қалада шаруашылық және өрттік құбырлары қосылған болады. Осы су құбыры қаладағы өнеркәсіп орындарына да су бере алады.

Суды көп өнеркәсіп орындарында қала құбырынан бөлінген жеке өндірістік жүйені қабылдаған тиімді. Кейбір өнеркәсіп мекемелерінде суды әр түрлі сапамен және сипаттағы торабтар болуы мүмкін.

Өндіріс орындары қала территориясынан тысқары жатып жұмысшы поселкасымен бірге жеке бір өнеркәсіптік аймақты құратын болса, онда шаруашылық-ауыз су мұқтажына суды қала құбырынан, ал өндіріс үшін суды оның көлеміне байланысты қаладан немесе жеке жүйеден алуға болады.

Сонымен, өнеркәсіптерде су құбырларының жекеленген (шаруашылық-ауыз су; өндірістік) немесе бірлескен (шаруашылық-өндірістік) түрлері кездесуі мүмкін.

Өртке қарсы істелетін жұмыстар, әдетте, шаруашылық-ауыз су суымен жабдықтайтын жүйеге жүктелінеді, өйткені олар қала немесе өндіріс орындарында жақсы таралған.
4 Топтасқан сумен жабдықтау жүйелері
Жергілікті жағдайы, біріккен сумен жабдықтау құрылыстары мен қондырғыларын құруға мүмкіншілік беретін территорияда орналасқан әр түрлі елді мекендер мен басқа да мекенжайларды сумен қамтамасыз ететін жүйелерді топтасқан немесе шаруашылық ауданаралық жүйелер деп атайды.

Республикамызда көптеген елді-мекендер суландыру үшін алыста орналасқан суы мол табиғи көздері пайдалануыда. Мәселен, Булаев топтасқан су құбыры Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Омбы облыстарының 265-ке жуық елді мекендерін Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасынан 150 км төменде орналасқан су қабылдағыштың көмегімен сумен қамтамасыз етуде. Преснов топтасқан жүйесі Ресей федерациясының Қорған облысының, Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау облысының 347 елді мекенін Есіл мен Тобыл өзендерінің суымен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мысадарды көптеп келтіруге болады. Тек 1977 – 80 жылдардың ішінде республикамызда құбырларының ұзындығы 4 мың км-ден асатын 28 топтастырылған жүйелер құрылды.

Топтастырылған су құбырларының тарихы Ресейдің Ставрополь өлкесін суландыру мәселесінен басталды. 1936 жылы Халық комиссариатының шешімімен осы аймақтың Гойфицкое, Шишкино, Александрия және Благодарный поселкаларын суландыру және сумен қамтамасыз ету қолға алынды. 1937 жылы жоба қайтадан қаралып, оған басқа да елді мекендерлі қосу кезделді.

1958 жылы толығымен жұмысқа қосылған бұл топтасқан жүйе 14 мекенжайды жер асты суларымен (көбінесе бұлақ сулары) қамтамасыз ететін болды.

1953 жылы Қырымда Ленин атындағы топтасқан жүйе жұмысқа қосылды. Ол Юзмак су қоймасынан алынған суды тазалап сорғыштармен 15 км қашықтықтағы 8 елді мекенге су жеткізуде.

Қазіргі кезде ең үлкен шаруашылық Новосібір сумен жабдықтау жүйесі құрылуда. Оның ұзындығы 5 мың км, ол Новосібір және Омбы облыстарының 16 ауданндарының 600 ауылды мекендерін қамтиды.

Мұндай жұмыстар ТМД территориясында көптеп жүргізілуде. Топтасқан жүйелер бір-бірімен қашықтықтары әр түрлі көптеген ауылдарды, ауыл шаруашылық мекемелерін, демалыс орындарын, өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ететіндіктен, олардың жұмысында едәуір қиыншылықтар кездеседі.

Мекенжайларды сумен сенімді және үзіліссіз қамтамасыз ету үшін жоғарыда аталып өткен жүйелерде апат мезгілінде өзінен су бере алатын сыйымдылықтар орнатылуы шарт. Кейбір жағдайларда олардың саны бірнешеу болуы да мүмкін.

Кейін, бір-бірінен ондаған, жүздеген шақырым қашақтықта орналасқан ауылдарға су жеткізетін құбырлардың жұмысын жиі қадағалап түру да оңайға түспейді.

Бұл жүйелерде бір ескеретін жай, егер су құбырларда көп уақыт тұрып қалатын болса, онда оның сапасы төмендеп кетуі мүмкін.

Дегенмен, құны жағынан тиімді болып есептелетін бұл жүйелер елімізде көптеп қолдау табуда.

Топтастырылған жүйелер Қазақстанда 1954 – 60 жылдары тың игеру жұмыстарына байланысты шапшаң құрыла бастады.

Тұщы сулары сирек кездесетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында және Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында ауданаралық топтастыруылған сумен жабдықтау жүйелерін құру жұмыстары шұғыл қолға алынды.

Жалпы алғанда Қазақстанда 20-ға жуық осындай жүйелер құрылған. Олардың кейбіреулерінің сипаттамасы – кесте 2.1-де берілген.


Кесте 2.1.


N/N

Ауданаралық топтастырылған жүйелер

Су көзі

Өнімділігі, м3/тәул.

Қамтитын мекенжайлар саны

Су құбырының ұзындығы, км

1
2
3
4

5

6


7

8

9


10

11

12


13

14

15



16
17

18

19



20

Фурманов
Железін
Жангелді
Қызыл ту

Майск


Селет
Кутузовск

Полтавск


Ленинградск
Терсақан

Шербұлақ


Ермаковск
Чкаловск

Егінсай


Есіл

Қашыр
Мамлют

Краснокут

Қостанай


Беловод

Донғал су қоймасы

Ертіс-Қарағанды каналы

Жер асты сулары

Ишім өзені

Ертіс өзені

Селеті су қоймасы

Ишім өзені

Ертіс өзені

Ертіс-Қарағанды каналы

Терсақан өзені

Ертіс өзені

Ертіс-Қарағанды өзені

Ертіс өзені

Ишім өзені

Ишім өзені

Ертіс-Қарағанды каналы

Ишім өзені

Ишім өзені

Тобыл өзені

Ертіс өзені



15,7
28,0
12,0
24,0

66

30,0


29,0

25,0


30
13,0

45,0


30,0
23,0

22,0


30,0

44
56,0

50,0

86,0


63,4

22
26
27
28

33

34


36

40

40


44

47

48


50

52

60



76
104

112


115

196


303
360
500
260

430


510
290

430


470
350

520


400
340

470


570

600
660

900

1580


2187


Лекция 3. Су жүйесінің жұмыс режимі
1.1 Судың шығындалу кестесі
Жоғарыда жабдықтау жүйелерін және олардың негізгі элементтерінің орналасу сұлбаларымен таныстық.

Ғимараттар мен қондырғылердың өлшемі, сорғыштардың қуаты резеруарлар мен мұнараласдың сыйымдылығы, құбырлардың диаметрлері олардан өтетін су шығынына және олардың жұмыс істеу тәртібіне тәуелді болады.

Басқа инженерлік құрылыстар белгілі, нақты және аз өзгеретін ауырлықтарға есептелетін болса, ал сумен жабдықтау жүйелерінің ғимараттары адамдардың тұрмысы мен жұмыс істеу режимі қалай өзгеретін болса, соған қарай өзгеріп тұратын, алдын ала белгісіз су көлеміне есептелуі тиіс. Сондықтан, қабылданған судың шығындалу кестесі су құбырларын, сыйымдылықтарды және басқа қондырғыларды есептеуде негіз бола отырып, олардың құрылыстағы құнына және қызметтегі шығындарына үлкен әсер етеді.

Кейбір тұнынушылар үшін судың шығындау кестесін анықтау қиын емес. Мәселен, өнеркәсіп орындарында ол өңдіріс бұйымдарының технологиялык шығарылу процестеріне тәуілді болып алдын ала белгіленген болады.

Елді мекендерде мұны шешу қиындау, себебі судың шығындалу кестесі адамдардың тұрмыс жағдайына байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады. Қалаларда ол мерекелесдің өту және жолаушылардың келіп-кету кестесіне де байланысты болады.

Жаңа елді мекендерд су жүйесін, жобалағанда судың шығындалу кестесін сол мекенжай үшін ауа райы, тұрмыс жағдайы және, өнеркәсіп өсуінің дәпежесі жағынан ұқсас келетін және бұрыннан сумен жабдықтау жүйесі бар қалалардың суды пайдалану режимінің мәліметтері негізінде анықтауға болады.



Осындай мәліметтерге сүйене отырып, құрылыс ережелері мен қағидалары қала тұрғындары үшін сағаттық жоғарғы және төменгі шығындарды табу формулаларын ұсынған:
(2.1)
Мұндағы Кжоғ және Ктөм – тәулік бойындағы сағаттық біркелкі еместік коэффициенттері. Коэффициенттердің мәндері
(2.2)
Формулаларымен анықталады. Мұндағы α - үйлердің сантекникалық жабдықтау дәрежесіне, мекемелердің жұмыс кестесіне және басқа жергілікті жардайларға тәуелді коэффициент; β - елді мекеңдгі тұрғындар санын есепқе алатын коэффициент.

Пайдаланулары сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылыс қағидаларының ұсынысы бойынша αжоғ =1,2…1,4, αтөм =0,4…0,6 аралығында алынады. Шағын елді мекендерге αжоғ =1,6-ге дейін болады.

β – воэффициентінің шамасы 2.2 – кесте бойынша алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет