Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


сурет. Текпішекті су тұтыну графигі



бет5/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2.4 сурет. Текпішекті су тұтыну графигі
Әрине, график мекенжайдың үлкен-кішілігіне, әлеуметтік дәрежесіне және өндіріс орындарының өсу дәрежесіне байланысты әр түрлі сипатқа ие болып, олардың әрқайсысында ең жоғары сағаттық су шығыны тәуліктің кез келген мезетіне тура келуі мүмкін.
1.2 Сумен жабдықтау ғимараттарының шығын арқылы байланысы
Сумен жабдықтау жүйесінің ғимараттары мен қондырғыларының өлшемі, су сақтағыш сауыттар мен арынды мұнаралардың сыйымдылығы су өткізгіш және қала құбырларының диаметрлері ең жоғары сағаттық шығынды (Q жоғ.сағ) өзінен өткізе алатындығына байланысты болады да, олардың жұмыс кестесі мекенжайдың су тұтыну графигіне сәйкестендірілгені дұрыс.

Су құбырлары суды мекенжайдың кез келген нүктесіне жеткізіп бере алу керек, сондықтан да олардың жұмыс тәртібі, жалпы айтқанда судың шығындалу кестесіне сәйкес анықталып, 2.4 суретте кескінделген бірінші сызықпен сипатталуы мүмкін.

2.1-суретте көрсетілген жүйеде құбырларға су екінші көтергіш сорғыш станциясынан келеді. Дегенмен, оның жұмысы судың шығыындалу кестесіне тәуелді болып, оған мүмкіндігінше жуықтауы мүмкін. Бірақ,бұл екеуі бір-біріне ұқсас және сәйкес болуы тиіс емес. Себебі, белгілі бір өлшемде істейтін сорғыштардың өнімікейбір сағаттарда сушығынына сәйкес келмейді. Басқаша айтқанда, сағат сайын өзгертіп тұратын қаланығ су шығынын сорғыштар бірде азайтып, бірде көбейтіп бере алмайды. Олардың жұмысы тәулік бойы тек екі-үш рет қана өзгертуі мүмкін.

Су шығынының графигі мен сорғыштардың жұмыс істеу режимін талқылай отырып, оның арынды мұнараның сумен жабдықтау жүйесінде қандай орын және қандай қызмет атқаратынын аңғаруға болады. Сорғыштардың өнімі қаладағы су шығынынан Qқ артық болған мезеттерде ( мәселен, 4 пен 6 сағ. аралығында ), артық Qс-Qқ су мұнараға барады ( 2.5a сурет ). Ал су тұтыну мөлшері сорғыштар арқылы келетін судан артығырақ болса ( мәселен, 7 мен 12 сағ. аралығында ), онда жеткіліксіз су Qқ-Qс мөлшерінде мұнарадан (2.5б сурет) толықтырылып отырады. Арынды мұнараның жұмыс сұлбасынан оның сыйымдылығын анықтауға болады. Судың берілу графигі судың шығындалу кестесіне қанша жақын болса, сонша бактың сыйымдылығы кіші болады және мұнараның құны да кемиді.



Таза су резервуары 2.1-суретте кескінделген сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстарын екі топқа бөліп тұр. Резервуарға тазалау ғимараттарынан келетін су мөлшері бірінші көтергіш бекетінің жұмыс кестесі бойынша алынса, ал одан судың алыну режимі екінші көтергіш сорғыш бекетінің графигіне байланысты болады.



2.5 сурет. Арынды мұнараның жұмыс сұлбасы
Сонымен, таза су резервуары екі түрлі сорғыштардың кестесі ( 2.4 сурет, екінші және үшінші сызықтар ) арқылы анықталатынқандай да бір сыйымдылыққа ие болуы тиіс.

Әдетте, бірінші көтергіш сорғыш бекетінің жұмыс кестесін тәулік бойы өзгермейтін бірқалапты етіп алады.

Кейбір өндіріс орындарында және үлкен қалаларда суды пайдалану тәулік бойы онша өзгермейтіндіктен, шығынның ауытқуын реттеп отыратын сыйымдылықтардың қажеті болмайды.

Ортадан тепкіш сорғыштарды қолдану арқылы шығындалу графигінің қандайы болмасын суды тұтынушыларға сыйымдылықтарсызтаратып беруге болады. Дегенмен, шығынның сағаттық біркелкі еместік коэффициенті 1,35-тен көп болғанда, реттеуші сыйымдылықтарды пайдаланған жөн.


1.3 Сумен жабдықтау ғимараттарының арын арқылы байланысы
Сорғыш станциялары суды тұтынушыларға жеткілікті көлемде ғана емес, сонымен қатар қажетті арынмен де жеткізіп тұрға тиісті.

Тұтынушылардың көпшілігі жер бетінен едәуір биіктікте орналасқандықтан су құбырында суды сол биіктікке көтере алатындай қысым түсірілуі керек. Арынды мұнаралардың биіктігін және сорғыштардың арындату шамасын анықтау үшін су құбыры торабының ең алыста және ең биікте орналасқан «сын» нүктесін – су тұтыну орнын ( мәселен,қолжуғыш шүмегі ) белгілеп алады.

Егерде 2.1 сурет те көрсетілген сумен жабдықтау жүйесінің сын нүктесі «а» болатын болса, оған қажет арын 2.6 суретте көрсетілгендей сол нүктенің геодезиялық биіктігінен Нг , судың қала құбырынан, сын нүктесіне дейінгі қашықтықтағы арын жоғалуынан £һ және сын нүктесіндегі су қабылдайтын аспаптарға қажет болатын арыннан һа тұрады, яғни арынды анықтау сұлбасы.

Нк = Hг+£ h+ha , м. (2.4)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет