Газбен престеп пісіру. Конструкциясы шығыршыққа ұқсас газ оттықтарымен түйістіріп пісіру бойынша кейбір жұмыстарды орындауға болады.
Жаппай қолданылып келе жатқан пісірудің бұл түрі ұзын труба құбырларын қосу үшін пайдаланылады.
Газбен престеп пісіру былай орындалады: түйіетіріліп қойылған құбырлардың жиектері қыздырылады да, соңынан олар күшпен қысылады.
Диаметрі 500 ммтрубаны 1,5—2 минутта пісіруге болады, сондықтан пісірудің бұл түрін пайдалану еңбек өнімділігін арттырады.
Газбен кесу.Газбен кесу металдарды бөлуде — қалыңдығы үлкен материалдарды, рельстерді кесуде және контуры күрделі бөлшектерді ойып жасауда қолданылады. Газбен кесу газ оттығы мен оттегін беретін түтігі бар арнаулы кескіштердің көмегімен орындалады. 83-суретте оттегі берілетін қосымша трубасымен ацетилен кескіші көрсетілген. Ацетилен трубка 6арқылы беріліп кранмен 7 реттеледі. Оттегі трубкамен 5беріледі. Кран 4арқылы жанғыш ацетиленді-оттегі қоспасы реттеледі. Ал кран 3арқылы «кескіш» оттегі жіберіледі. Ацетилен мен оттегі инжектор 8арқылы араластырғыш камераға 9беріледі. Қосымша оттегі болса кранмен 3реттеліп трубка 2арқылы ұштыққа 1беріледі және осы жерде араласқан газ ұштықтан шыға берісте от жалыны пайда болады. Металдарды кесуде араласқан газ қоспасы қыздыру, ал оттегі металдың кесілген жапсарын күйдіру үшін керек. Газбен кесу процесі мынадай. Металдың кесілетін жері газ оттығыменен металдардың оттегінде жанатын температурасына дейін қыздырылады. Содан соң қыздырылған жерге оттегі ағынын бағыттайды.
Газбен кесудің негізгі шарты төмендегідей: металдың оттегінде жану температурасы олардың балқу температурасынан кем болуы тиіс.
Мәселен, төмен көміртекті болат оттегінде тұтану температурасы 1350°С болса, ал балку температурасы 1500°С демек, болат газбен жақсы кесіледі.
Тұтану температурасында болаттың жоғарғы қабаты күйіп, күйгенде пайда болған жылу төменірек жатқан қабаттардың кесілуіне әсерін тигізеді. Болаттардың күйдірілуі, яғни кесілуі осылайша тиісті бағытта жүргізіледі.
Балқу температурасының, оттегінде жану температурасынан кем болатындықтан да, шойыннан және мыс пен алюминий қорытпаларынан жасалған материалдарды газбен кесуге болмайды. Кесу нәтижесінде бөлшек бұзылса, онда бөлектеп кесу деп аталады, ал оттегі ағыны металл бетіне көлбеу бағытталып, оның тек қана белгілі тереңдіктегі қабатын ғана кесетін болса беттік кесілу дейді.
Бөліп кесу кезінде кескіш кесілетін бетке тік түсіп, ал ұштықтың маңдай шегі 3—6 ммқашықтыкта болуы қажет. Кескіштің кесу жылдамдығы кесілетін металдың қалыңдығымен анықталады.
Қолмен кесуің өнімділігі аз болады және дәлдеп кесу өлшемін қамтамасыз етпейді. Сондықтан кесу өнімділігін өте жоғары дайындаманың сапасын арттыратын механикаландырылған және автоматтандырылған кескіштер кеңінен қолданылады. Газбен кесу қалыңдығы 2 м-ден артық болаттарды кесуге мүмкіндік береді және оларға оттегі берілген жабдықтармен толықтырылған газ оттығы жатады.
11.5. Термитті пісіру
Термиттер деп жану кезінде өте көп жылу беліп шығара алатын және жоғары температура туғыза алатын ұнтақ тәрізді қоспаларды айтады. Мұндай қоспалардың қатарына магний және алюминий термиттері жатады.
Алюминий термиттерінің құрамына темір қағының үш бөлегі мен алюминийдің бір бөлігі кіреді. Осы құрамды электр доғасымен немесе тұтандырғыш ұнтақпен қыздырады. Олар өте күшті жанып, реакция нәтижесінде таза темір мен алюминий тотығы пайда болады:
ЗҒе304 + 8А1 = 4А1203+9Ғе
Реакция 0,5 минут ішінде өтеді. Реакция температурасы 3000°С-ге көтеріледі, сондықтан балқу температурасы 1539°С болатын темір балқу температурасы 2500°С және алюминий тотығы (глиназем) балқып сұйық түрінде бөлінеді де өздерінің меншікті салмақтарына қарай орналасады, яғни алюминий тотығы жеңіл болғандықтан сұйык темірдің бетіне қалқып шығады. Болаттарды тотықсыздандыру үшін және керекті химиялық құрамына қарай болат алу үшін пісіру алдында оған ферроқорытпа қосады.
84-суретте өте жиі қолданылатын термитпен пісіру сұлбасы көрсетілген. Пісіру жапсары араларына саңлау қалдырып қалыпқа орналастырылады: Сұйық темір пісіру беттерін балқытады да онымен бірге жайылып. суытылған соң пісіру қосылысын жасайды.
а – балқыған металды құйғанға 85 – сурет. Магний термитімен сым-
дейін, б – құйғаннан кейін дарды пісіру
84-сурет.Термитті пісірудің сұлбасы
Термитті пісірудің тиімділігі сол, олар күрделі пісіру аппараттары мен қымбат материалдарды керек етпейді.
Алюминий термиттері көбінесе рельстер, құбырлар және ауыр құймаларды және т. б. түйістіріп қосуда пайдаланылады.
Ал магнийтермиттері болаттан жасалған байланыс сымдарын түйістіріп қосуда пайдаланылады.
Fe3О4+Mg = 3Fe + 4MgO реакциясының нәтижесінде сұйық күйінде темір пайда болады, ал магний тотығының балқу температурасы жылу реакциясынан жоғары болғандықтан, ол қатты күйде бөлініп шығады. Сөйтіп, бойына балқыған темір сіңген қаныққан босаң түрдегі магний тотығы пайда болады.
Пісіру төменгіше орындалады: түйіскен проводтар цилиндр ыдысына бекітіледі де термиттер жанып біткен сон арнаулы қысқыштармен орнықтырылады.
Сөйтіп, магний термитімен пісіру косылатын беттерді балқытпай-ақ, яғни қыздыра отырып біртіндеп қысым түсіру арқылы жүзеге асырылады.
11.6. Қазіргі техникада қолданылатын пісіру әдістері
Алюминиден, оның мыспен қосылғандағы қорытпаларынан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ мыстан, никельден, мырыштан жасалған бөлшектерді өндіруде суықтай пісіру қолданылады. Ол қыздырусыз тек қысымның көмегімен ғана қалыпты температурада және пластикалық қасиеті жоғары металдар үшін іске асырылады.
Қосылатын денелердің бетін мұқият тазалап, оларды айқастырып пресспен қысады. Осынық нәтижесінде пластикалык деформация жүріп, металдардың түйіршіктерінің уатылуы, оның нық беріктігі орнайды. Металдардың қосылатын бөліктерінің шек арасында болатын рекристаллизация құбылысының нәтижесінде бірімен-бірі берік қосылады. Олардың тұтасуы ірі кристаллдардың пайда болу салдарынан жүреді. Пісіру процестерін терең түсіну үшін және олардың орындалу сапаларын тексеру, жетістіктерін біліп отыру, пісірушілердің тікелей міндеті болып табылады. Бір атомның электрондары екінші атомның орбитасына ауысады және атомдардың арасында өз ара тартылыс күші пайда болады.
Үйкеліспенпісіруді мына тәсілмен орындайды. Бір бөлшек қозғалмайтын етіп бекітіледі де екінші бөлшек пайда болған үйкелістен қызатындай айналмалы патронға қыстырылады. Осыдан кейін екі бөлшек бір-біріне түйістіріледі. Егер осы қызған бөлшектерді бір-біріне тез жабыстырып олардың айналуын тоқтатса, онда біртұтас дене болып пісіріледі.
Мұндай пісіру кезінде электр энергиясы контактілік пісіруге қарағанда 10 есе аз жұмсалады. Үйкеліс арқылы пісіру түсті металдарға да және қара металдарға да қолданылады.
Ультрадыбыспенпісіру кезінде болаттармен түсті металдарды пісіру орындары таттан, майдан тазартылып, қатты негізге орналастырылады да вибраторға жабыстырылады. Пісіру орнының біреуі ультра дыбысты жиілікпен тербеледі. Бір беттің екінші бетке үйкелуінің салдарынан контактілік орын пластикалық жағдайға дейін қызады. Осының арқасында беріктігі контактілік пісіруден артық пісіру пайда болады. Пісіру процесінің ұзақтығы 2—3 сек. 11.7. Пісіру дефектілері (ақаулары) және пісіру қосылыстарының сапасын бақылау