Пісіру дефектілері. Пісіру қосылыстарында дефектілердің пайда болуы әр түрлі себептерден болады.
Көптеген жағдайда дефектілер пісірілетін металл сапасының теөмен болуынан пайда болады. Бұған қабыршақтану күкірт қосылысы, раковина, металл күйіктері жатады.
Материалдарды, флюстерді және қорғауыш газдарды дұрыс таңдап алмаудан да қуыстар, шлактің қосылысы, жарықтар пайда болуы мүмкін.
Пісіру процесінің дұрыс жүргізілмеуі және қосылыстардың термиялық өңдеулерден дұрыс өткізілуі қосылыстардың толық пісрілмеуіне — негізгі металдың балқыған металмен әлсіз байланысуына, күйіпкетуіне — балқытылып қондырылатын металды қыздырып жіберудің салдарынан тотығуына әкеліп соғады. Бұлармен бірге қосылыстарда елеулі деформациялар, пісіру жапсарының шынығуы және де пісіру жапсарыны толық еместігі, бір қалыпты еместігі, симметриялы болмауы, шамадан тыс балқытылған металдын болуы мүмкін. т. б.
Пісіру сапасын бақылау.Пісіру сапасын бақылау пісіру жігінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Бұл үшін біріншіден алдыналабақылауды орындайды: негізгі және қосымша материалдың жарамдылығын білу, дайындаманы және пісіру құралдарын дайындау.
Күнделіктібақылауды пісіру жұмысының процесінде орындайды. Мұндай бақылау пісіру аппаратОраларының қандай жағдайда тұрғандығынан, пісіру процесіндегі өндірістік сынаудың беріктігі мен жылдамдығын бақылаудан тұрады.
Пісірусапасыоны орындағаннан кейін көптеген тәсілдермен бақыланады. Ең жай тәсілдердің бірі пісірілген жерді лупа арқылы қарау болып табылады. Мұндай бақылау беттік қуыстарды, майда жарықтарды, шлак қосылыстарын, күйіп кеткен жерлерді, жапсардың бір қалыпты еместігін және де басқа сыртқы дефектілерді айқындауға мүмкіндік береді.
Келесімеханикалықсынақ пентехнологиялықбақылаулар пісіру қосылысының беріктігін айқындайды. Пісіру жігінің беріктілігі тұралы дәл мәлімет алу үшін кейде тәжірибелік үлгілер қолданылады (егер жапсардың беріктігін зерттеу олардың бұзылуына әкеп соғатын болса).
Көптеген жағдайда июге бақылау қолданылады. Бұл жапсарда бірінші жарықшақтардың пайда болуында бұрыш шамасын анықтаудан тұрады.
Пісіру сапасын сондай-ақ металлографиялық зерттеулермен, химиялық анализдермен, коррозияға қарсы тұрақтылығын сынаумен және т. б. тексереді.
Металлографиялықзерттеулер пісіру қосылысының әр участоктарынан кесіп алынған қалыңдығы 10—20 ммшлифтарда жүргізіледі. Мұнда пісіру жапсарының әр түрлі зоналарының структОраларының сипаты мен түйіршіктердің өлшемдері анықталады.
Газдар мен сұйықтарға арналған қазандар мен баллондардың, құбырлардың пісіру жапсарларынан газ немесе сұйыктың етпеуін гидравликалық немесе жұмысшы қысымнан 1,5—2 артық ауалық қысыммен немесе вакуумдық әдіспен тексереді. Соңғысы мынадан тұрады. Пісіру жапсарының тексерілетін участогына сабын ерітіндісі жағылады да тексеру орнына мөлдір төбелі вакуум камера орнатылады. Осы вакуум-насостың көмегімен камераның ішіндегі ауа сиретіледі. Тығыз емес жапсар орнында сабын көпіршіктері пайда болады.
Бақылаудың өнімділігі сағатына 50—60 м. Дефектілерді «Мосрентген» зауыты шығарған арнаулы аппараттардың көмегімен рентген сәулесімен анықтау өте жақсы көрсеткіштер береді.
Рентген сәулесін металдардың ішкі дефектілерін анықтауға пайдалану жайында 1 тарауда қарастырылған болатын.
Ультрадыбыстыәдіс ультра дыбысты тербелістерді серпімді ортада қолдануға негізделген. Ультрадыбысты толқындар металдардың қабаты арқылы өткен кезде металл бөлшектерінің тербелісін туғызады, ал бос кеңістіктен өткен кезде шағылады. Қазіргі кезде ультрадыбысты дефектоскоптар мен ультрадыбысты бақылау қондырғыларын өндіру жолға қойылады.
12. МЕТАЛДАРДЫ КЕСУ АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР
Дайындалатын бөлшектерді керекті пішінге, өлшемге келтіру оларды қажетті дәлдікпен тазалап өңдеу және қалдырылған металл қабаттарын тазалау, арнаулы металл өңдейтін білдектерде әр түрлі кескіш аспаптардың жәрдемімен іске асырылады.
Бөлшектерді аяғына дейін таза өндеу үшін дайындамада әдейі қалдыратын металдар қабатын - өңдеу қабатын (припуск) деп атаймыз. Өңдеу запасы металдың өңделіп жатқан қабатында болады және бір бетіне байланысты есептеледі. Кейбір кездерде жұмыр бөлшектерді өңдегенде өңдеу запасы бөлшекдың екі жағына да, яғни диаметрімен есептелінеді.
Металды үнемдеу және механикалық өңдеудің шығынын азайту үшін өндеу запасының шамасы мейлінше аз, алайда технологиялық процестің неғұрлым үнемді болуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу керек.
Дайындама өндеу запасының металл кескіш білдектерімен немесе қол құралдарымен слесарлық өңдеуде жонылып (алынып) тасталуы механикалық өңдеу деп аталады.
Машина жасау өндірісінде сондай-ақ металдарды өндеудің жаңа түрлері пайда болды: электр-ұшқындық, анодты-механикалық, химия-механикалық, электр химиялық және ультрадыбыстық өңдеу пайда болды. Бұл өңдеуде белгілі өңдеу запасы электр энергиясының тікелей әсер етуімен алынады.
Қазіргі бет алыста металдарды кесу арқылы өңдеуді, жалпы механикаландырылған, ал кейбір жерлерде жартылай және толық автоматтандырылған түрде іске асыру көзделіп отыр.
Осы уақытта көптеген өндіріс орындарында автоматтандырылған білдектер линиялары жұмыс істейді.
12.1. Металдарды кесу арқылы өңдеудің негізгі тәсілдері
Өңдеуге негізінен дайын бөлшектерге пішіні мен өлшемі жақын дайындамалар алынады. Бөлшектерін пайдалануына қарай дайындамалар сом темірлер, құймалар, штамповкалар, сорттық прокаттар, пісіру дайындамалары, пластмассалар ж.б. ретінде алынады.
Бөлшектерді әр түрлі пішінге келтіру токарьлық, бұрғылау, фрезерлеу, жону, сүргілеу және ажарлау ж.б. білдектерінде орындалады.
Қайрау немесе егеу - кескіш арқылы токарьлық білдекте орындалады. (136, а-сурет). Өңдеу кезінде дайындамаға айнымалы қозғалыс, кескіште көлденең немесе бойлық бағытта бірте-бірте ілгерлемелі қозғалыс беріледі. Қозғалыстың екеуі де пішін беретін қозғалыс болып саналады. Осылар арқылы өңделетін заттың беттері белгілі пішін мен мөлшерге келтіріледі. Бұл жерде үлкен жылдамдықпен айналатын (дайындаманың айналуы) бас қозғалыс немесе кесу қозғалысы, ал одан жайырақ дайындаманың өңделетін бөліктерін кесу арқылы қамтитын қозғалыс (көрсетілген жағдайда кескіштің жылжуы) беріліс қозғалысы деп аталады.
Бас қозғалыс жылдамдығы кесу жылдамдығы деп аталады.
Бұрғылау - бұрғылау білдектерінде іске асырылады. Бұл жерде бас қозғалыс (айналу) және беріліс қозғалыс ось бағытында бұрғыға беріледі (136, б-сурет).
Фрезерлеу - горизонталь фрезерлік білдектерде орындалады. Бұл жерде бас (айналмалы) қозғалысты фреза (136, в-сурет), ал бойлық бағытта беріліс қозғалысты Білдектің столына бекітілген дайындама алады.
а — қайрау, б— бұрғылау, в — фрезерлеу, г — сүргілеу, д — ою, е — шеңбер бойымен ажарлау, ж— жазық тегістеу, з — өңделген бет
136-сурет. Металлы кесумен өңдеудің негізгі түрлері
Жону - көлденең жону білдектерінде кескіштің көмегімен орындалады (136, г-сурет); бас қозғалысты (түзу сызықты ілгері — кейінді) иіліп келген жону кескіштері, ал беріліс қозғалысты (түзу сызықты, бас қозғалысқа перпендикуляр бағытта, үзілгіш) дайындама жасайды.
Қашау — қашаушы білдектерінде орындалады. Бас қозғалысты (түзу сызықты, ілгері-кейінді) қашаушы кескіш (136, д-сурет), ал беріліс қозғалысты (түзу сызықты, бас қозғалысқа перпендикуляр бағытта, үзілісті) қашаушы білдегінің столына бекітілген дайындама жасайды.
Цилиндр бетті ажарлау шеңбер бойлай ажарлау білдектерде жүргізіледі. Бұл жерде кескіш аспап (ажарлаушы тас) айналмалы қозғалыста, ал дайындама айналумен қатар ұзына бойымен (ілгері-кейінді, 136, е-сурет) жылжуда, ал ажарлау тасы үзілісті көлденең берілісте болады (кесу қалыңдығына t қою). Ал жалпақ ажарлау білдектерінде ажарлау кезінде бас қозғалысты (айналмалы) ажарлау тасы (136, ж-сурет); ал көлденең үзілісті (ілгері-кейінді) берілісті дайындама, тік үзілісті берілісті (кесу қалыңдығы t -ға кою) ажарлау тасы жүзеге асырады.
12.2. Металл кесудің негіздері
Кескіштің элементтері мен бұрыштары. Қандай да болмасын кескіш аспаптарының жалпы қызметі сына (клин) арқылы жүзеге асады. Кескіш аспаптардың элементтері мен геометриясын токарь кескішін мысалға ала отырып, айқын көрсетуге болады.
137-сурет.Кескіштің негізгі элементтері
Кескіштің негізгі элементтері. Кескіш металл қабаттары тікелей кесетін жұмысшы бөліктен — бастан; станоққа бекітілгеннен кейін кескіш орнығып тұратындай табанның төменгі тіреу бетінен және кескішті бекітуге арналған денеден (стерженнен) кұралады.
Кескіштің негізгі элементіне мыналар жатады: жонылған жаңқа түсетін алдынғы бет 1, кесу бетіне бағытталған негізгі артқы бет 3, өңделген қабатқа бағытталған көмекші артқы бет 4, алдыңғы және негізгі беттердің қиылысуынан болған негізгі кескіш жиек 2, алдыңғы және көмекші кесуші жиек 5 және кескіштің ұшы 6.
Кескіштің бұрыштары. Кескіштің бұрыштарын анықтау үшін манадай стандартты ұғымдар енгізілген: кесу жазықтығы (138-сурет), негізгі жазықтық және басты қима жазықтық. Кескіштің бұрышын анықтауды оңайлату үшін қосымша — нормаль жазықтық жүргізу қажет.
Кесу жазықтығы 1 деп (138-сурет) негізгі кескіш жиегінен өтетін және кесу бетіне жанама жүргізілген жазықтықты айтады. Негізгі жазықтық 2 (138-сурет) деп, көлденең және ұзыннан берілістің бағытына параллель жазықты айтады. Токарь кескіштерінде негізгі жазықтық кескіштің төменгі тіреуіш бетімен сәйкес келеді.
Нормаль жазықтықты негізгі кескіш жиегін басып өтетін, кесу жазықтығына перпендикуляр жазықтық есебінде анықтаймыз.
Басты қима жазықтық 4 деп (138-сурет) басты кескіш жиегінің негізгі жазықтықтың проекциясына перпендикуляр болатын жазықтықты айтамыз.
138, а, б және в суреттерінен кескіш аспаптарынын түрлерімен беріліс бағытына сәйкес кесу жазықтығының сипаты мен берілген жазықтықтардың орындарына байланысты өзгеретіндігі көрсетілген.
Сонымен қатар, негізгі және жанама бұрыштар, планда көрсетілген бұрыштар деп бөліп қарастыруға болады. Басты бұрыштар басты қима жазықтықпен өлшенеді (139-сурет). Оған жататындар: басты артқы бұрыш, үшкірлеу бұрышы, басты алдыңғы бұрыш және кесу бұрышы жатады.
139-сурет. Кескіштің бұрыштары және олардың міндеті
Басты артқы бұрыш α — кесу жазықтығы мен басты артқы бет арасындағы бұрыш. Бұл бұрыш өңделетін бөлшек мен кескіштің арасындағы үйкеліс күшін азайтуға керек және іс жүзінде бұрыш 6—12° шамасында болады.
Басты алдыңғы бұрыш γ — алдыңғы бет пен нормаль жазықтық арасындағы бұрыш. Алдыңғы бұрыштың шамасы жаңқа бөліну процесіне әсер етеді. 25° тан — 10° дейін болады.
Үшкірлеу бұрыш β — алдыңғы бет пен басты артқы бет арасындағы бұрыш. Бұл бұрыш неғұрлым үлкен болса, соғүрлым аспаптың кескіш бөлігі мықты болады және кескіш жиегінен жылу таралуына жақсы жағдай жасалады.
Кесу бұрышы δ — кесу жазықтығы мен алдыңғы бет арасындағы бұрыш, кесу бұрышы:
δ = α + β = 90°- γ.
Кескіштің төбесіндегі бұрыш ε — кескіштің басты және қосымша жиектерінің негізгі жазықтықтағы проекцияларынын арасындағы бұрыш.
Пландағы басты бұрыш φ — негізгі кесуші жиек негізгі жазықтықтағы проекциясы мен беріліс бағытының арасындағы бұрыш. Пландағы көмекші бұрыш φ1 — көмекші кесуші жиектің негізгі жазықтықтағы проекциясы мен беріліс бағытының арасындағы бұрыш.
Көмекші артқы бұрыш α1 (көмекші қима жазықтықта өлшенеді). Бұл көмекші кескіш жиекпен өтетін бас жазықтыққа перпендикуляр тік жазықтықтың арасындағы бұрыш.
Басты кескіш жиегінің көлбеу бұрышы λ (139-сурет) — басты кескіш жиегімен негізгі жазықтықтың арасындағы бұрыш.
s-беріліс (мм/ай);t-кесу тереңдігі (мм), a- жаңқаның қалындығы (мм), в- жаңқаның ені (мм)
140-сурет.Кескіштің элементтері
Кесу режимінің элементтері. Кесу режимінің элементтеріне: кесу жылдамдығы, кесу қалыңдығы, беріліс, кесілетін қабаттың қалың, жұқалығы жатады. Кесу жылдамдығы деп өңделетін бетпен салыс-тырғанда бірлік уақыт өлшемінде кескіш жиектің жылжу шамасын айтамыз. Кесу жылдамдығы м/мин өлшеніп, мына формуламен анықталады:
v=πdn/1000 м/мин
Мұндағы: d — өңделетін заттыц диаметрі, мм
п — дайындаманың минут ішіндегі айналу саны.
Жону кезінде беріліс s (141-сурет) дайындамамен бір айналғанында кескіштің миллиметрге жылжуы.
Кесудің тереңдігі (141-сурет) — деп өңделген және өңделетін жердің осыған перпендикуляр бағытта өлшенетін ара қашықтығын айтамыз. Кесу тереңдігі t деген әрпімен белгіленіп, миллиметрмен өлшенеді (140-сурет).
Кесу қабатының көлденең қимасы кесудің тереңдігі t мен s (140-сурет) беріліс шамасымен ғана емес, физикалық параметрлермен де: қалыңдығы а, ені b-мен анықталады.
Кесілетін қабаттың қалыңдығы деп, (140-сурет) аспаптың бір айналғандағы, немесе өңделетін заттың бір өңделіп өткендігі қабаттың еніне перпендикуляр бағытпен өлшенетін ара қашықтықты айтады. Жаңқа қалыңдығы — (140-сурет) миллиметрмен өлшеніп, а әрпімен белгіленеді.
Кесілетін қабаттың ені деп, (140-сурет) өңделетін жазықтық пен өңделген беттің арасындағы қашықтықты айтады. Кесілген қабаттың ені в әрпімен белгіленіп, миллиметрмен өлшенеді.
Pz-кесу күші, Px – беріліс күші, Py-радиалды күш.
141-сурет. Кесу кезінде кескішке әсер ететін күштері
Кесілетін қабаттың номинальдық қиылуы (140-сурет)—кесілу жылдамдығының бағытына перпендикуляр жазықтықпен өлшенеді. Кесілу қабытының номинальды қию ауданы АВСД контурымен шектеліп, төменгіге тең болады:
f = ts = a в мм2.
Нақты қима ауданы АВСД ауданының контурмен шектеледі. (Ол АВСД ауданының 98 процентін құрайды). Қалдық қиманың биіктігі Н өңделген беттің тазалығын бір шама анықтайды.
Кесу күштері. Кесу процесінде кескішке үш күш әсер етеді (141-сурет).
Рz — көлбеу жазықтықта әсер етіп, кескішті төмен ығыстыратын кесу күші (кГ).
Рх — көлбеу жазықтықта әсер етіп, бойлык берілістің бағытына қарама-қарсы бағытталатын беріліс күші (кГ). (Р z күшінен 3 есе кіші).
Ру — көлбеу бағытына сәйкес әсер етіп, дайындаманың осіне перпендикуляр бағытталатын радиальдық күш (кГ). (Рх күшінің 30—50 процентін қүрайды).
Беріліс шамасы s пен кесудің тереңдігі t артқан сайын бұл күштердің шамасының артатындығы тәжірибе жүзінде анық байқалды, олай болса осыған сәйкес Рх және Ру күштері де артады.
Кескіштердің тозуы. Жаңқаның кескіштің алдыңғы жазықтығымен жылжуы және бөлшек мен кескіштің арасындағы үйкеліс әсері аспаптардың тозуына себепші болады.
Кескіштер үлкен жылдамдыққа қарағанда, аз жылдамдықпен жұмыс істегенде аз тозады. Сонымен қатар кескіштің тозуын күшейте түсетін кескіш пен бөлшек материалының қасиеті үйкеліс қабаттарындағы қысым күшінің шамасы және кескіш аспаптардың геометриясы. Шала өңдеу кезінде аспаптардың алдыңғы қабаты тозады. Таза өндеуде кескіштердің көбінесе артқы жазықтығы тозады. Тозудың мүмкіндік шамасы ететін кескіштер үшін 2 мм, фрезалар үшін 3 мм, бұрғылар үшін 1,2 мм-ден аспауы қажет.
Кескіштің шыдамдылығы деп, оның белгілі режимде тоқтаусыз жұмыс істеп өтпей қалуына дейінгі уақытты (Т мин) айтамыз.
Кескіштің шыдамдылығы көптеген факторларға байланысты, бірақта оған көп әсер ететін кесу жылдамдығы. Жылдамдық артқан сайын аспаптың тозуға төзімділігі кемиді.
Кескіштің шыдамдылығы әрбір нақты жағдайларға байланысты сәйкестендіріледі (мысалы, тез кескіш болаттардан жасалынған кескіштер үшін Т-ны 60 минутқа тең деп алады). Осыған байланысты кесу жылдамдығы анықталады.
Кесу жылдамдығы белгілі бір жұмыс жағдайларына байланысты, тәжірибе жүзінде анықталған арнайы таблицалардан алынады.
Кесу аспабындағы жылуды азайтып оның шыдамдылығын жоғарылату үшін әр түрлі суытқыш сұйықтар қолданылады, өңделетін қабаттардағы кесу аспабының үйкелісін азайту үшін майлағыш заттар қолданылады. Металдарды әр түрлі әдіспен өңдеу кезіндегі қолданылатын майлағыш заттар мен суытқыш сүйықтар арнайы технологиялық курстарда қарастырылады.
12.3. Токарь білдектері және олармен жұмыс істеу
Токарь білдектерінің негізгі өлшемдік сипаттамаларына мыналар жатады: білдек центрінің станина үстінен б и і к т і г і (бұл өнделетін бөлшекдың ең үлкен радиусын сипаттайды); центрлер арақашықтығы, яғни өңделетін бөлшектердін үлкен ұзындығына тең қашықтық.
Барлық токарь білдектері центрлерінің биіктіктеріне қарай үш топқа бөлінеді:
1.Центрлерінің биіктігі 150 мм ден аспайтын майда білдектер.
Центрінің биіктігі 150-300 мм болып келетін орта білдектер.
Центрлерінің биіктігі 300 мм -ден жоғары келетін ірі білдектер.
Машина жасау заводтарында көп тараған центрлерінің ара қашықтары 750, 1000, 1500 мм болып келетін орта токарь білдектері.
Мысал үшін Ефремов атындағы «Красный Пролетарий» заводы шығаратын 1К62 модельді токарьлы-винт кескіш білдегінің құрылысын қарастырайық.
Токарь білдегінің негізгі тораптары. Қазіргі токарь білдегі (142-сурет): станинадан, негізден, жылдамдық қорабынан, алдыңғы топайдан, ауыспалы дөңгелектер гитарасынан, беріліс қорабынан, фартуктан, суппорттан, артқы топайдан жылдам қозғалыс приводынан, басқару органдарынан, және суыту және майлау системаларынан тұрады.
Станина білдектің барлық бөлімдері бекітілетін негізгі бөлшек болып табылады. Сонымен бірге станина суппорттың бойлық жылжымаларының және артқы орын ауыстыруына топайдың білдек бойымен жылжуларын бағыттау үшін қызмет атқарады. Сол мақсат үшін станинада төрт бағыттағыш жасалынған (143-сурет).
142-сурет. 1К62 модельді токарь-бұранда білдегінің жалпы көрінісі
Оның екеуі 1 және 4 суппорт жылжымаларының оның бойымен қозғалысын бағыттау үшін, ал қалған екеуі 2 және 3 артқы топайдың бағытталуына көмектесу үшін қызмет істейді, 1 және 3 бағыттағыштар призмалы, ал 2 және 4 — жазық деп аталады. Ауыр білдектердегі барлық төрт бағыттағыш жазық етіп жасалынады, ал дәлдігі жоғары кіші білдектерде керісінше — призмалы етіп жасалынады.
Негізі деп, Білдектің станинасы бекітілген, бөлек алынған екі немесе үш тумбадан тұратын тіреуді атайды. Өте қатты заттар өндеу үшін негізді тұтас етіп жасайды. Алдынғы тумбада М (143-сурет) приводтты электрдвигатель және кейде жүргізіп жібергіш электр аппаратурасы орналастырады. Артқы тумбаны 3 әдетте суытқыш системасының приводы орналасатын шкаф ретінде пайдаланады. Суытқыш сұйықтардың кұйылуы мен жаңқалардың жиналуы үшін тумбалар арасына — тығырық (поддон) К орналастырады.
Жылдамдық қорабы шпиндельдің айналу жылдамдығын өзгерту үшін қолданылады. Жылдам айналымды білдектерде вибрацияны азайту үшін жылдамдық қорабы жеке түйін ретінде электрдвигатель проводымен бірге алдыңғы тумбаға орналасады. Алайда көбінесе токарь білдектерінің жылдамдық қорабы алдыңғы топай корпусына орналастырылады.
Алдыңғы топайда Білдектің ең жауапты түйіні Б — шпиндельдік түйін орналасқан. Шпиндельдік түйінінен басқа алдыңғы топайда әдетте шпиндельдік оборот санын азайтуға арналған іріктеуші тетік орналасқан. Алдыңғы топай шпиндель осі станина бағыттағыштарына қатаң параллель болатындай, станинаға қозғалмайтын етіп бекітіледі. Алдыңғы топайға әдетте, бұранда кескенде суппорттың бағытын өзгертетін реверс механизмі орнатылады.
Ауыспалы дөңгелектің гитарасы А — алдыңғы топайдан беріліс қорабына айналма қозғалысын беруді және осы берілістерді барлық типтегі бұранда оймаларын кесуге жұмсауды қамтамасыз етеді.
Беріліс қорабы Л — суппорттың бойлык және көлденең беріліс шамасын өзгерту үшін қажет. Токарь-винт кесу білдегінің беріліс қорабы бұранда жасауда керекті қадамды қою үшін және қозғалыс берілісін жүру винті мен білігіне беру үшін колданылады. Бірінші — кескішпен бұранда кесуде қолданылады, екіншісі — қайрау үшін.
Фартук И — жүріс винті мен беріліс механизміндегі ажырамалы гайканың орналасуы үшін қызмет етеді. Сонымен қатар жүріс білігінің айналысын бір мезгілде суппорттың бойымен немесе көлденең бағыттағы түзу сызықты ілгерілемелі қозғалуына айналдырады.
Суппорт Г — кескіштің бойлық және көлденең бағытта ме-ханикалық қозғалуын және шпиндельдің осіне кез келген бұрышпен қолмен жылжыту үшін қолданылады. Кейбір токарь білдектерінің модельдерінде (мысалы модель 1К62) бұл беріліс те механикаландырылған. Суппорт станина орын ауыстыра алатын бағыттаушысымен бойлық жылжымадан, салазка 3, көлденең жылжымадан 4, бұрылыс бөліктен 5 және тәрт позицияда бұрылатын кескіш ұстағыш 6 орналасатын үстіңгі бөліктен 8 тұрады.
Артқы топай Д — ұзын бөлшекдар өңдегенде екінші тіреуіш қызметін атқарады. Сонымен қатар ол тесіктерді бұрғылармен, зенкерлермен, ұңғылармен өңдегенде және бұранда оймасын метчик пен плашкалар арқылы жасағанда аспаптарды бекітуге қолданылады. Артқы топай корпустан 13, пинольтардан 10 және негізден 14 тұрады.
143-сурет. Токарь білдегі станинасының табанының көлденең қимасы
Жазық конустарды жонуда корпус 13 негізге 14 қарағанда көлденең бағытта керекті шамаға жылжып отырады. Бөлшектердің тесігін өңдеу үшін аспаптар мен центрлер кішкентай маховигі 12 бар винттің кемегімен өз осінің бойымен ауысатын пинольдің конус ұясына бекітіледі. Токарь білдектерінің жаңа модельдерінде 1К62, 1K620 163 суппорттың
бос жүрісіне кеткен уақытты азайту үшін қимасы жылдам ауыстырғышты привод Ж орналастырады.
Приводтың өз алдына электрдвигателі бар, одан айналу беріліс қорабын пайдаланбай бірдей жүріс білігіне беріледі. Осы жолмен суппорттың қозғалыс жылдамдығын арттыруға болады. (4 м/мин).
Басқару органдары шпиндельдің айналу жылдамдығын өзгерту үшін (1 және 2 тұтқалар), бұранданың беріліс шамасы мен қадамын өзгерту үшін (17 және 18 тұтқалар), білдекты жүргізу, тоқтату және резервтеу үшін (15 және 16 тұтқалар) қолданылады.
Конструктивті ерекшеліктер. Білдек 1К62 П тәрізді корабкалық пішіні қатаң болып келген, пішіні қораб сияқты станинадан және суппорттың бойлық жылжығыштарын ауыстыратын күшейткіш бағыттаушылардан тұрады. Станина іші қуыс екі тумбаға бекітілген. Алдыңғы тумбада білдекты іске қосатын электр двигатель, ал артқы тумбада суытқыш сұйық үшін жасалған бак орналасқан.
Артқы топай станинаға бір тұтқамен 11 бекітіледі (143-сурет), алайда мұнда да ол бұрғылау және токарьлық ауыр жұмыстарда пайдаланылатын қосымша қысу болттары арқылы бекітіледі.
Жұмысшыны ұшқан жаңқадан сақтау үшін, тез ашылатын мөлдір қалпақшалы қалқанмен жабдықталған.
Барлық электр жабдықтары Білдектің артқы оң жағындағы шкафқа Е орналасқан.
.
144-сурет. Фартукпен бір тұтқа арқылы басқару
Негізгі электр двигательді жүргізіп жіберу және тоқтату фартуктың оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан кнопкалы станция арқылы іске асырылады.
1К62 білдегінде негізгі электр двигательдің бос жүріс уақытын шектеп, электр энергиясын үнемдеу үшін реле орнатылған. Шпиндель айналмағанда реле автоматты түрде белгілі бір уақыт аралығында (5—8 секунд) электр двигательді электр тізбегінен ажыратып тұрады.
Білдектің 1К62 моделінің суппорт берілісінде үш басқару тұтқасының орнына фартуктың оң жағына орналасқан бірақ тұтқасы болады (145-сурет). Бұл тұтқа арқылы суппорт жылжымаларының көлденең және бойлық ауысуларын басқаруға болады. Тетікті сол жаққа бұрғанда (а тілшесі бойынша) суппорт алдыңғы топайға қарай жылжиды, ал оң жаққа бұрғанда (в стрелкасы бойынша) — артқы топайға қарай жылжиды. Тұтқаны өзінен ары бұру арқылы (б-стрелкасы бойынша) суппорттың центрге бағытталған көлденең берілісін қосады, ал тұтқаны өзіңе бұру арқылы (г стрелкасы бойынша) суппорттын центрден бағытталған көлденең берілісі іске қосылады.
Суппорттың барлық төрт бағыттағы жылдам ауысуында да осы тұтқа арқылы жүзеге асыруға болады, ол үшін қосымша тұтқаның шаригіне орналастырылған К кнопкасын басу керек.
Бұрғылау жұмысында артқы топайдың механикалық берілісін қамтамасыз ету үшін, оған суппорттың бойлық жылжымаларын жақындатады. Ол үшін көлденең жылжыманы өзіне қарай жылжыта отырып арнаулы құлыпты 9 (143-сурет) жауып, артқы суппортпен қосады. Осыдан кейін суппорттын бойлық берілісін іске қосқанда, сол сияқты артқы топай да қозғалады.
Токарь білдектерінде орындалатын жұмыстар. Токарьлық білдектер— металл кескіш құралдардың ішіндегі универсал кескіш болып есептелінеді. Олармен: цилиндрлі, конусты және фасонды айналу беттің мандай шектерін кесіп соған байланысты жазықтарды өңдеу, әр түрлі пішінді оймаларды ою, кесінділерді өңдеу, кескішпен әр түрлі бекіту және жүріс бұрандаларын кесу сияқты әр түрлі жұмыстарды орындауға болады.
Сонымен қатар токарь білдектерінің артқы топайының пиноліне орналасқан аспаптар арқылы Білдектің шпинделімен бір ось бойында орналасқан тесіктерді бұрғылауға, зенкерлеуге, ұңғылауға және таңбалағыштар мен плашкалар арқылы сыртқы және ішкі оймаларды жасауға болады.
Токарьлық білдектерде экономикалық дәлдікпен өңдеу тазалығын төменгіше: шала өңдеуде дәлдігі 5 — кластық және беттік тазалығы 2—3 класс; таза өңдеуде — дәлдігі 4 класс, беттік тазалығы 4—6 класс; жұқа өте таза өңдеуде дәлдігі 3—2 класс, беттік тазалық 7 класқа дейін жеткізіледі.
145-суретте токарьлық жұмыстың негізгі түрлері және мұнда қолданылатын кесу аспаптарының типтері көрсетілген.
Жонып кесу (145, а-е сурет) — түзу және иілген кескіштер арқылы орындалады. Өңделетін бетті цилиндр пішінлы жұмыр ету суппорттың бойлай берілісі арқылы жүзеге асырылады.
Қысқарта кесу (145, ж-сурет) цилиндрлік беттердің артқы жағын және корпустық бөлшектердің жазықтығын өңдегенде суппортты көлденең жылжыту арқылы қырқып тастайтын кескіштермен орындалады.
Кесу немесе ойықша жасау— (145, з-сурет) бұл да суппортты көлденең жылжыту арқылы жүзеге асырылады. Бірақ бұл жағдайда арнаулы оймалы кескіштер қолданылады. Кесуде және мүлдем кескенде беріліс шамасы жартылай кесуге қарағанда кең алынады.
Кеңітіп кесуде (145, и-сурет) — арнаулы кеңейткіш кескіштер қолданылады. Кеңейткіш кескіштердің көлденең қимасы кеңейтілетін тесіктің диаметрінен кіші болуы керек, ал кескіштің ұзындығы, керісінше, тесіктің тереңдігінен үлкен болуы керек. Бұл системаның қатаңдығын нашарлатып, оны төменгі кесу режимінде жұмыс істеуге әкеліп соғады. Әр түрлі айналу беттері, жонудағы сияқты осындай негіздегі әдістермен жасалынады.
а-тура өтетін кескішпен бойлай жону, б - бүгілген кескішпен бойлай өңдеу (жону), в - тартып созылған кескішпен бойлай өңдеу (жону), г- майыстырылған кескішпен бойлай және көлденең жону, е – дөңгелек кескішпен тазалап жону, ж- кескішпен қысқартып кесу (көлденен жону), з- кескішпен оймаларды жону және кесіп тастау, и - тескіш кескішпен тесіктерді қашап өңдеу, к — призма пішінді кес-кішпен фасонды жону, л — ойма кескішпен бұранды кесу.
145-сурет. Жону жұмыстардың негізгі түрлері мен кескіштің типтері:
Фасондык беттерді призмалык және фасонды дискілі кескіштер арқылы жасайды (145, к-сурет) немесе оларды механикалық, электр немесе гидравликалық көшірме тетіктерді қолдану арқылы алады.
Кескішпен бұранда кесу (145, л-сурет) — әр түрлі. Мысалы: дюймді, метрлік, әр түрлі пішінді үшбұрышты, тік бұрышты, жарты шеңберлі, трапеция тәрізді ж. т. б. модульді және питчелі типтерін жасауға мүмкіндік береді.
Бұранданы кескішпен кесудің өнімділігі аса жоғары емес. Бұранда кескіштердің пішіні кесілетін бұранда ойығының пішініне сәйкес келуі тиіс.
Токарьлық жұмысқа қолданылатын әмбебапты жабдыктар. Токарьлық білдекте жұмыс істеу үшін бөлшектерді бекітуге және оларға неше түрлі пішінлар мен өлшемдер беретін әр түрлі жабдықтар қажет.
Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: цангалы патрондар, қамыттар, центрлер үш жұдырықшалы, төрт жұдырықшалы патрондар және қозғалатын, қозғалмайтын лонеттер және т. б.
Кейінгі жылдары аз сериялы, әсіресе сериялы өндірістерде гидравликалық, электр және механикалық көшірмелер кеңінен қолданыла бастады, бұлар универсал білдектерде бөлшектерді өңдеуге кететін қосымша уақытты кемітуге және автоматтандыруға септігін тигізеді.
12.4. Токарь-револьверлі білдектер және токарь автоматтары мен жартылай автоматтары
Токарь-револьверлі білдектер. Токарь-револьверлі Білдектердің универсал токарь-білдектерінан айырмашылығы бұларда револьверлі қалпақшасы бар бойлық суппорт және артқы топай қондырылған.
Токарь-револьверлі білдектер сериялы және ірі сериялы өндірістерде қолданылады да, негізгі екі группаға бөлінеді:
а) револьверлі қалпақшалы вертикаль осьте орналаскан білдектер.
б) револьверлі қалпақшалы горизонталь осьте орналасқан білдектер.
Вертикаль осьте орналасқан револьверлі қалпақшалы Білдектің кесу, кесіп тастау жұмыстарын атқаратын көлденең суппорты болады. Ал горизонталь осьте орналасқан револьверлі қалпақшалы білдектерде көлденең суппорт жоқ, сондықтан кесу, кесіп тастау жұмыстары револьверлі қалпақшалының өз осінен баяу айналдыру арқылы жүзеге асырылады. 146-суретте моделі 1336М револьверлі қаплақшасы горизонталь осі бар токарь-револьверлі білдегі көрсетілген.
Білдектің негізгі түйінділері және атқаратын жұмысы. Білдек негізінен кескіш аспаптарды қолдана отырып темір шыбықты материалдардан бөлшек дайындауға арналған.
1336М моделді білдекте өңделетін бөлшекдар: штуцерлер, ниппельдер, втулкалар, бұрандалы бөлшекдар және т. б. сериялық өндірісте дайындалады.
Білдектің негізгі түйіндері (146-сурет): А — тіреулерге орнатылған бағыттауыш труба; Б— шыбық материалын беретін механизм; В — жылдамдық қорабы бар алдыңғы топай; Г — револьверлі қалпақшасы бар суппорт; Д — станина және Е —беріліс корабы.
Басқару органдары: 1 және 2 — жылдамдық қорабын ауыстырып қосатын тұтқалар; 3 — кнопкалық станция; 4 — револьверлі қалпақшаның айналу берілісінің бағытын өзгертетін тұтқа; 6 — револьверлі қалпақшаның бұрылыс маховигі; 7— револьверлі қалпақшаның механиқалық айналу беріліс қосылысының жұлдызшасы; 8 — суппорттың бойлай ауысуының қолмен реттеу штурвалы: 9 — суппорттың механикалық бойлық берілісін іске қосатын тұтқа; 10 және 11 — беріліс қорабын ауыстырып-қосқыш тұтқа; 12 — шыбық материал беру штурвалы. Білдектеғы қозғалыс. Кесу қозғалысы — шпиндельдің дайындамамен қоса айналуы, ал беріліс қозғалысы — револьверлі суппорттың түзу сызықты ілгермелі қозғалысы мен револьверлі қалпақшаның өз осімен баяу айналуы (көлденең беріліс). Ал дайындаманы беру және қысу, револьверден суппортты қашықтату және жақындату, револьверлі қалпақшаны басқа жағдайға аудару, сондай-ақ револьверлі қалпақшаның фиксациясы бұрылысы қосымша қозғалыстар болып есептелінеді де қолмен орындалады.
146-сурет. 1336М модельді жону-револьверді білдегінің жалпы түрі
Жұмыс принциптері. Шыбық материалы (немесе жеке дайындама) Білдектің шпиндель патронына бекітіледі. Өңделетін дайындаманың технологиялык процесіне байланысты кескіш комп-лектілері револьверлі дайындамаларды өңдеудегі технологиялық процестердің әр кезін анықтап отыратын қалпақшаның ұяларына орналастырылады.
147-сурет. Револьверлі білдекте нипельді өңдеудің сұлбасы
Револьверлі қалпақшаның әр айналымынан кейін жаңа жағдайға қолмен көшіріледі. Қалпақша бұрылыстың 16 жағдайымен қамтамасыз етілген.
Бойлық берілісті істен шығару автоматтық механизм арқылы ауыстырылып отыратын бойлық тіреуіш арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ кескіш аспаптардың өз ара сәйкес орналасуынан білдекты жөндеуге бөлшектерді системасыз өңдеуге мүмкіншілік береді.
Конструктивтік ерекшеліктері. Білдекте конструкциясы жағынан қарапайым жылдамдық қорабы орналасқан, алайда шпиндельдің айналу санын өзгерту үшін диапозоны жеткілікті түрде жасалған. Жылдамдықты өзгерткенде автоматты түрде приводтың жылдамдығын тез төмендететін тормоз іске қосылады. Бұл жылдамдықты ауыстырып-қосудағы процесті жеңілдетіп, тоқтату уақытын қысқартады.
Білдек барабан тәрізді револьверлі қалпақшамен шпиндель осіне параллель орналасқан айналма горизонталь остерімен жабдықталған. Сондықтан бұл жоғары қатаңдық және жоғары дәлдік те бірден әр түрлі бірнеше (16-ға дейін) кескіш аспаптарды орналастыруды қамтамасыз етеді.
Бойлық және көлденең қатты тіреулер системасы және червякті механизм бойлық берілісті автоматты түрде ағытатын өңделген денелердің өлшемдері тұрақты болуын (дәлдігі 3-класқа дейін) қамтамасыз етеді.
Беріліс приводында беріліс механизмін сынудан сақтайтын, шарикті муфта бар.
147-суретте вертикаль револьверлі қалпақшасы бар және ниппельді өңдеуге арналған көлденең суппортты револьверлі білдекты бапка келтіру сұлбасы көрсетілген.
Револьверлі қалпақшаның І позициясында тіреуішке дейін беріледі, ал ІІ позицияда кескіш ұстағыш пен центрлегіштің көмегімен диаметр D бойынша жонылып тесікке центрленеді. ІІІ — позиция D диаметрімен шектелген бет өндіріледі де d1 диаметрлі тесік бұрғыланады, IV позицияда диаметр d2 тесік бұрғыланады және диаметрі d3 белбеу жонылады.
Одан әрі көлденең суппорттың қалпақшасына орналасқан 1 және 2 кеңейткіш кескіштермен кезектегі диаметрлі d3 тесікті қашап кеңітіп, ішкі жиектер жонылады. Револьверлі қалпақша V позициясында орналасқан ұңғы арқылы d3 диаметрлі тесік ақтық тазалық өңдеуден өткізіледі. D1 диаметрі бойынша бұранда оймалары кескішпен 3 жасалады. VI позиция бұранда арнайы патронға бекітілген плашкамен жасалады.
Кескіш 3 сондай-ақ бөлшекды бөліп кесу үшін, ал кескіш 4 шыбықты тіреуішке берер алдында маңдайлық шегін кесу үшін керек.
Токарьлық автоматтар мен жартылай автоматтар. Жөндеуге және арнаулы аспаптармен құралдар жасауға көп уақыт кететіндіктен токарьлық автоматтар мен жартылай автоматтар көбінесе жаппай және көп сериялы өндірістерде қолданылады.
Бұл берілген типтегі білдектерде қозғалыстардың барлық түрі автоматтандырылған. Автоматтар мен жартылай автоматтарда кесу мен беріліс қозғалыстарының жылдамдығын өзгерту, жұмысшы қозғалыстарын және бос жүріс ауыстырғыштарын іске қосу және ағыту, жұмыс органдарын әр түрлі позицияға орналастыру және Білдектердің басқадай басқару элементтері жұмысшының қатынасынсыз орындалады.
Автоматтарда дайындама мен дайындалған бөлшектердің қондырылуы, бекітілуі және алынып тасталуы автоматты түрде орындалса, ал жартылай автоматтарда бұл операциялар қолмен орындалады.
Автоматтар бір шпиндельді және көп шпиндельді болып келеді.
Бір шпиндельді автоматтар фасонды-кескіш автоматтар, бойлық фасонды-кескіш автоматтары және токарьлы-револьверлі автоматтар болып бөлінеді.
12.5. Бұрғылау білдектерінде тесіктерді өңдеу
Бұрғылау — тесіктерді кесіп өңдеудің ең көп тараған әдістерінің бірі. Бұрғылау процесінде кескіш құрал болып табылатын бұрғының көмегімен тұтас материалдардан тесік тесіп, (бұрғылау) бұрғыланған тесіктердің диаметрін үлкейтуге (кеңейтіп тесу) болады. Бұрғының жұмысы 148-суретте, ал зенкердің (тесіктерді көп жүзді аспаппен өңдеу) жұмысы 149-суретте көрсетілген.
148-сурет. Бұрғынын. жұмысы: 149-сурет. Зенкердің жұмысы
Өңделінетін бөлшекды бұрғылағанда бұрғылаушы Білдектің столына қысқыштар, призмалар, ұстағыштар және т. б. арқылы бекітіледі, ал бұрғыға бірге екі қозғалыс беріледі (148-суретті қара) — v стрелкасының бағытымен айналмалы және s стрелкасының бағытымен ілгерілемелі (бұрғының осімен бағытталған) қозғалыс беріледі.
Бұрғының айналу қозғалысын басты (жұмысшы) қозғалыс, немесе кесу қозғалысы, ал ілгерілемелі — беріліс қозғалысы деп аталады.
Бұрғылардың әр түрлі типтері болады: ұшты бұрғы, спиральді, зеңбіректі, сақиналы және арнаулы құрастырылған бұрғылар.
Спиральді бұрғы жұмысшы бөлектен, қылта мойыннан және білдек шпинделіне бұрғыны бекітетін өкшеліктен және бұрғыны шпиндель ұясынан шығаруда тіреуіш болатын табаннан құралады (151, а-сурет).
Кесуші бөлік екі тістен (ұштан) жаңқаны шығарып отыруға арналған оймадан (151, б-сурет); жалғастырмалардан (өзекшеден) — екі тісті қосатын (ұшты) бұрғының орта бөлігінен: жаңка түсетін алдыңғы екі беттен және екі артқы беттен; бұрғыны бағыттаушы және оның тесік қабырғаларындағы үйкелісті азайту үшін қажетті екі лентадан; алдыңғы және артқы беттердің килысуынан пайда болған және негізгі кесу жұмыстарын орындайтын екі басты кескіш жиектерден, екі артқы беттердің қилысуынан пайда болған көлденең (перемычки) жиектен тұрады. Бұрғының сыртқы бетінде ленталардың шеті мен ойманың арасында винт сызығы бойынша орналасқан тіс арқасы — бірнеше ойылған бөліктері орналасқан.
Бұрғының кесу бөлігінің (152-сурет) геометриялық параметрлеріне жататындар: бұрғының төбесіндегі бұрыш, винт оймасының көлбеу бұрышы, алдыңғы және артқы бұрыштар, көлденең жиектің (перемычка) көлбеу бұрышы.
150-сурет. Спиральді бұрғының элементтері
Бұрғының тебесіндегі бұрыш 2φ негізгі кесу жиектерінің арасына орналасқан. Ол бұрғының жұмыс істеуіне үлкен әсер етеді. Бұл бұрыштың шамасы өңделетін материалдардын қаттылығына байланысты алынады (80°-тан—140°-қа дейін): болат, шойын және қатты қолалар үшін 2φ =116—118°; жез бен жұмсақ қолалар үшін 2ф=130°; жеңіл қорытпалар, силумин, электрон және баббиттер үшін 2φ=140°; қызыл мыс үшін 2φ=125°; эбонит пен целлулоид үшін 2φ = 80—90°.
Диаметрі 12 мм ден жоғары бұрғылардың төзімділігін арттыру үшін бұрғыларды екі жақты қайрау әдісі қолданылады; ол үшін негізгі кесуші жиек кәдімгі қайраудағыдай түзу пішінда емес (152, а-сурет) сынық сызық пішінінда болады. (152, б-сурет). Негізгі бұрыш 2φ=116°—118° (болаттар мен шойындар үшін), ал екінші бұрыш 2φ=70°—75°.
Винт оймасының көлбеу бұрышы грек әрпі омегамен (ω) белгіленеді (152, а-сурет). Бұл бұрыш үлкейген сайын кесу процесінің жүруі мен жаңқаның түсуі жеңілденеді. ω шамасы бұрғының диаметріне байланысты болады. Диаметрі 0,25-9,9 мм бұрғылау үшін ω = 18-28°, диаметрі 10 мм және одан артық бұрғылар үшін ω = 30° болады.
Егер спираль бұрғыны басты кесу жиегіне перпендикуляр жазықтықпен қиса, онда біз алдыңғы γ бұрышын көреміз. (151, в-суреттегі Б—Б қимасын қара).
Алдыңғы бұрыш γ (гамма) кесу жиектерінің әр түрлі нүктелерінде шамасы әр қилы болады: бұрғының шеттерінде оның шамасы жоғары, ал осіне қарай кеми бастағаны білінеді. Мәселен, егер сыртқы диаметрдің алдыңғы бұрышы γ = 25—30° болса, онда жалғастырма да (перемычка) 0°-қа жуықтайды. Алдыңғы бұрыш шамасының тұрақты болмауы спиральді бұрғылардың кемістігі болып саналады және оның біркелкі емес тез тозуына себепкер болады.
Бұрғының артқы бұрышы α (альфа) артқы беттіц кесу бетіндегі үйкелісін алдын ала азайту үшін жасалған. Бұл бұрыш бүрғының осіне параллель А— А жазықтығында қаралады (151, в-суретті қара). Артқы бұрыштың шамасы да бұрғының шетінен центріне қарай өзгереді. Ол шеттерінде 8—12°, ал осінде α = 20— 26°-қа тең.
152-сурет. 2А135 модельді вертикальды бұрғылау білдегі
Көлденең жиектің көлбеу бұрышы Ψ (пси) диаметрі 1—12 мм бұрғылар үшін 47-ден 50°-қа дейін (152, e-суретті қара), ал диаметрі 12 мм -ден жоғары бұрғылар үшін 55°-қа тең етіп алынады.
Бұрғылаушы білдектер бірыңғай классификация бойынша бұрғылау білдектері: вертикаль бұрғылаушы; бір шпиндельді жартылай автоматтар; көп шпиндельді жартылай автоматтар, радиаль-бұрғылаушы, горизонталь-бұрғылаушы (кеңейтіп кесу) және әр түрлі бұрғылаушы болып алты негізгі типке бөлінеді.
Ең кең тараған білдектер бір шпиндельді вертикальды-бұрғылау білдектері. Олар столға, қабырғаға және арнаулы тіреулерге ор-наластырылады. Стөлге орналасатын бұрғылау білдектерінің айналымы жоғары келеді де (мысалы: 2А106 модельді білдекте шпиндель 1545-тен 15000 об/мин дейін барады), диаметрі 12 миллиметрге дейінгі тесіктерді өндеуге қолданылады.
153-сурет. Төрт шпиндельді білдек (а)және көп шпиндельді бұрғылайтын қалпақша (б)
Ең кең тараған білдектер бір шпиндельді вертикальды-бұрғылау білдектері. Олар столға, қабырғаға және арнаулы тіреулерге ор-наластырылады. Стөлге орналасатын бұрғылау білдектерінің айналымы жоғары келеді де (мысалы: 2А106 модельді білдекте шпиндель 1545-тен 15000 об/мин дейін барады), диаметрі 12 миллиметрге дейінгі тесіктерді өндеуге қолданылады.
Вертикальды бұрғылау білдегі қазіргі конструкция бойынша негізден 1 (табан) (152-сурет), тіреуден 6, жылдамдық қорабынан 5, беріліс механизмі мен шпиндель түйіні 3 орналаскан бағыттаушы кронштейннен 4, және столдан 2 кұралады. Жылдамдык қорабы электр двигатель приводы мен тіреудің жоғарғы бөлігіне құрастырылады. Табаны көбінесе қуыс жасалынады да салқындатқыш сұйықтықты сақтайтын бактың жұмысын атқарады. Шпиндельді түйіні бар бағыттаушы кронштейн және стол тіреу бағыттаушысымен жылжып, өңделуші бөлшекдың мөлшеріне байланысты керекті биіктікке бекітіледі.
Көп шпиндельді бұрғылау білдектері көбінесе сериялы өндірісте қолданылады. Бұл типтегі білдектер жылжымайтын (тұрақты) және ауыспалы болып жасалынады.
1-негізі, 2- қозғалмайтын бағана, 3- айналмалы бағана, 4- траверса, 5- траверсаны көтеріп және түсіріп тұратын механизм, 6-қалпақша, 7-шпиндель
154-сурет. Радиалды-бұрғылау білдегі
Тұрақты шпинделі бар көп шпиндельді бұрғылаушы білдектер осьтен ара қашықтықтары тұрақты саны екіден алтыға дейін бір қатарға орналасқан шпиндельдерден тұрады (153, а-сурет). Өңделетін бөлшекды біртіндеп ауыстыра отырып бұл білдекте әр түрлі операцияларды орындауға (бұрғылау, зенкерлеу, ұңғылау және т. б.) немесе бір бөлшекдағы бірнеше тесіктерді бір мезгілде бұрғылауға болады.
Кез келген бір шпиндельді білдекты бірден бірнеше тесіктерді бұрғылау үшін ыңғайлап жасауға болады. Ол үшін бұрғылау білдегінің шпинделінен, барлық шпиндельдер қалпақшасына айналу қозғалысын беретін, арнаулы тетігі бар көп шпиндельді қалпақшаны бекітеді (153, б-сурет).
Радиалды-бұрғылау білдектерін салмағы жағынан ауыр, ірі және габаритті бөлшекдардағы бірінен-бірі едәуір қашықтықта орналасқан бірнеше тесіктерді өңдеуге қолданылады (154-сурет). Бұл білдектер жай бұрғылау білдектеріна қарағанда, өңделетін бөлшекды жылжытпай-ақ бұрғылау қалпақшаларын козғay арқылы өңдеуге мүмкіншілік туғызады.
Қазіргі кезде механикаландырылған өндіріс орындарында бір-біріне байланыссыз стандартты түйіндерден — агрегаттардан: күш қалпақшасы, көп шпиндельді қалпақшалар, станиндер, тіреулер, арнаулы плиталар, қысқыш жабдықтар және т. с.с. түратын агрегат т ы қ білдектер кеңінен колданылады.
Кесіп-кеңіту білдектері. Бұрғылаушы білдектерімен диаметрі анағұрлым кіші (80—100 мм-ге дейін) тесіктерді өндеуге болады. Сонымен қатар олар тесіктердің ось сызықтарының түзулігіне және бөлшектердің басқа беттеріне қарай орналасуына қатаң талап қойылатын дәлдігі жоғары тесіктерді өңдеуге жарамайды. Осы есептерді шешуге ең ыңғайлы болып келетін кесіп-кеңіту білдектері қолданылады.
Горизонталь кесіп-кеңіту білдектері барлық бұрғылау білдектер тобындағы ең универсал болып саналады. Бұлармен жай бұрғылау білдектерінде орындалатын операциялардан басқа тесіктерді кесіп-кеңейту, бобышкаларды қайрап өңдеу, кескішпен ішкі және сыртқы маңдайлық шектерді кесіп-кеңіту, кескішпен ішкі бұранда оймаларын, сондай-ақ фрезерлі операциялардың барлығын орындауға болады.
Кординатты кесіп-кеңейту білдектері дайындалған материалдарды өте жоғары дәлдікпен өңдеумен сипатталады, сондай-ақ арнаулы санау тетіктері (механикалық, электрлік және оптикалық) өңделетін шпиндель осімен салыстырғанда екі кординат бойынша 0,01:0,005 мм-ге дейінгі дәлдікпен дұрыс орналасуына мүмкіндік береді. Осы қасиетіне байланысты кординатты кесіп-кеңіту білдектерде өңделетін бөлшектердің ара қашықтығын 0,01 мм-ге дейін сақтап, оларды 7-класты дәлдікке дейін өңдеуге болады.
Бұл білдектер аспапты цехтарда кондукторларды, құралдарды және штамптарды өндіру үшін және кондукторсыз бөлшектердің алғашқы үлгісін жасайтын (тексерусіз) экспериментальды цехтарда жасау үшін қолданылады.
Кесу аспаптары және бұрғылау білдегіна қажетті әмбебапты жабдықтар. Тесіктерді өңдеу үшін бұрғылау білдектерінде қолданылатын кескіш аспаптардың түрлері 22-таблицада келтірілген. Металл кесу білдектерінде бөлшектерді механикалық өңдеу үшін білдекте қосымша жабдықтар орнатылады. Олар өңделетін бөлшекдармен кесу құралдарының өз ара дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Көмекші аспаптарға ауыспалы втулка және әр түрлі типтегі бұрғылау патрондары, ауыстыруға қолайлы, өздігінен центрленетін патрондар, өздігінен орналасатын ұңғы патрондар, қашаушы қалақ және қалпақшалар т. б. жатады.
Диаметрі 12-15 мм және онан жоғары болып келетін кескіш аспаптар бұрғылау білдегінің шпинделіне бекітіліп, конус тәріздес келген өкшелікке табанша арқылы ұстатылады. Конус аспапты шпиндель осіне салыстырмалы түрде центрлейді. Ал табанша аспапты шпиндельдің конуста бұралуынан сақтайды. Егер аспап конусы шпиндель конусынан кіші болса, онда ауыспалы конустық втулкалар қолданылады (155, а-сурет).
а-конус тәрізді өтпелі төлке, б-үш жұдырықты патрон, в-тез ауысқыш патрон
Цилиндрлі өкшелік аспаптар патрондарға бекітіледі. Көп тараған үш жұдырықшалы патронның құрылысы 155, в-суретте көрсетілген.
Сериялы өндірісте білдекты тоқтатпай-ақ аспапты тез ауыстыру үшін тесіктерді бұрғымен тізбектей өңдегенде тез алып салуға қолайлы зенкерлі және ұңғылы патрондар қолданылады (155, e-сурет). Аспапты ауыстыру үшін сақинаны 1 жоғары көтеру керек; бұл жағдайда шариктер 2 центрден тепкіш күштің әсерінен ашылады, ал аспап втулкамен 3 бірге патроннан еркін шығады. Кезектегі аспапты қондырғаннан кейін сақина 1 төмен қарай түседі де шарикті 2 втулкадағы 3 ұяларына т еріксіз енгізеді. Шарик 2 аспаптың түсіп кетпеуін және шпиндельден аспапқа айналдырушы моменттің берілуін қамтамасыз етеді.
Өңделінетін бөлшектер өлшеміне, конфигурациясына байланысты машина қысқышына немесе тікелей столға бекітіледі. 157-сурет.
Бұрғылау білдектеріндеғы орындалатын жұмыстар. Бұрғылау білдектеріндеғы технологиялық мүмкіншіліктер тесіктерді бұрғылау операцияларымен ғана шектеп қалмайды. Мұнымен тесікті өңдеуге байланысы жоқ басқадай технологиялық операцияларды орындауға болады . Дәлдігі жоғары таза тесіктер (2 кластық тазалыққа шейін) үш аспаппен өңделеді: бұрғымен, зенкермен және ұңғымен (развертка). Диаметр 15—18 мм-ден жоғары тесіктерді 2 кластық дәлдігі бойынша өңдеу үшін сериялық өндірістерде екі қайталай ұңғылау қолданылады. Винт қалпақшаларындағы, шруптардағы, тойтару тесіктері зеңкерлермен немесе соған сәйкес конфигурациялы зенковкамен өңделеді.
Тесіктің маңдай шектері цековкамен (шектермен) өңделеді. Тесіп өтетін бұрандалы тесіктерді өңдеу үшін жекеленген ұзартылған таңбалағыштар пайдаланылады. Тұйықталған бұрандалы тесіктерді екі немесе үш таңбалағыштардың жинағы арқылы өңдейді. Тесіктерді кесіп-кенейту тек кесіп-қашаушы білдектерінде ғана орындалады бұрғылау білдектері бұл жұмысқа бейімделмеген.
Қашау арқылы әр түрлі өлшемдегі тесіктерді өңдеуге болады. (3—5 мм және одан да көп). Өте нәзік кесіп-кеңейтуді қолдана отырып өте жоғары кесу жылдамдығында (150—300 м/мин) кесу тереңдігі (0,02—0,1 мм) шамалы және аз берілісте (0,05—0,1 мм/об) беттік өңделу тазалығы 10-шы класқа дейінгі дәлдігі 1-ші класқа дейінгі тесіктерді дайындауға болады.
12.6. Металдарды фрезерлеу білдектерінде өңдеу
Фрезерлеу білдектерінің түрлері және атқаратын жұмысы.
Фрезерлеу білдектерінде конфигурациям әр түрлі сыртқы және ішкі беттерді өңдеуге болады: көбінесе бұл білдектер жазық беттерді, оймаларды, жарықшаларды өңдеу үшін колданылады; фрезер білдектерін кей жағдайларда сызыктық фасонды беттерді өңдеуге колданылады. Фрезерлеу білдектерінің арнайы түрлері күрделі кецістік фасонды беттерді өңдеуге бейімдеп жасалған.
Жоғары өнімділігіне және әмбебаптылығына байланысты фрезерлеу білдектері токарь білдегінан кейінгі кеп тараған группалар катарына жатады.
Фрезерлеу білдектерінің негізгі типтері м.ынандай: консольді-фрезерлеу (вертикаль, горизонталь, универсал және кең универсал); консольсіз фрезерлеу; бойлық фрезерлеу; кешірме — фрезерлеу.
Қонсольді-фрезерлеу білдектердыц негізгі сипатталатын қасиеті: оларда стол өңделетін бөлшекмен бірге өз ара перпендикуляр үш бағытта ауысып тұрады, ал кейбір модельдерінде шпиндельдің осіне бүрыш жасай ауысады.
Консольсіз-фрезерлеу білдектер вертикальды және горизонтальды болуы мүмкін. консольсіз вертикаль фрезерлеу білдектері, анағүрлым ірі бөлшекдар өңделеді. Бұл білдектерға тән қасиет, олардың столы тек өз ара перпендикуляр екі бағытта: бойлық және кәлденең бағытта ауысады. Вертикаль бағытта шпиндель топайының өзі ауысады.
Фрезерлеу процесі туралы түсінік. Беттерді фреза арқылы технологиялық еңдеу әдісін фрезерлеу деп атайды. Фрезерлеу кезінде басты (айналмалы) қозғалысты фреза, ал беріліс козғалысын (фреза осіне түзу сызықты және перпендикуляр) — білдек столына бекітілген дайындама алады.
Фрезаның жұмыс істеу принципі кесу кезінде аспаптын барлык кескіш жиектері бір мезгілде жұмыс істейтін көп жүзді аспаптардың: зенкерлер, үңғылар және таңбалағыштардың жұмыс істеу принципінен белек. Фрезерлеу кезінде беріліс бағыты аспаптың осіне перпендикуляр бағытта болады, осының салдарынан фрезаның әрбір тістері өнделетін бөлшекмен өзінің оборотының шамалы уақытында ғана контактіленеді де жұмысқа бір мезгілде бір немесе бірнеше фреза тістері қатысады. Фрезаның көп тісінің бір немесе екі тісі ғана жұмыс үстінде болады да қалған тістері бұл уакытта суынып үлгереді, сондықтан аспаптың тұрақтылығы артады және фрезерлеудің өңімділігі жоғарлайды.
Фрезерлеудің түрлері. Фрезерлеудің негізгі екі түрі бар; ци-линдрлік және аспаптардың мацдайлық шегімен фрезерлеу. Цилиндрлік фрезерлеуде (157, а-сурет), өнделінген бет 2 басты кесуші жиекпен 1 бір пішінде болады. Сондықтан өңделетін беттің пішіні фреза жасаушысының пішініне толық байланысты және оған кері бағытта өңделеді, яғни фреза дөңес болса, онда өңделетін бет ойыс болып шығады және керісінше.
Өңделетін беттің бойлық пішіні өңдеуден соң толкын тәрізді болып шығады да бұл толқындар ара қашыктығы а тіске берілісінің шамасына, ал тереңдігі фрезаның диаметріне байланысты болады.
Цилиндрлік өцдеу кезінде өцделген беттің тазалығы өте жоғары болуы үшін аз беріліспен жұмыс істеуге тура келеді. Маңдайлык фрезерлеу әдісінде (157, б-сурет) өңделген бет 3 басты кесуші кырмен 2 емес, фрезаның мацдайлық шегіне орналаскан көмекші кесуші қырларымен 1 кесіледі. Сондықтан өңделген бет фреза жасау шысына байланыссыз жазықтық болып шығады.
Маңдайлық фрезерлеу кезінде өңделген беттің тазалығы тістік берілістің шамасына байланысты болады.
Ойықтарды, пазаларды т. б. өңдеу кезінде фреза аралас (комбинирование) жұмыс атқарады; бұл жағдайда кейбір беттер фреза тісінің негізгі кесу жиектерімен, ал кейбіреулері көмекші маңдайлық қырларымен кесіледі (157, в-сурет).
а- цилиндрлі, б-беттік кесу, в- аралас
157-сурет. Фрезерлеу түрлері
Фрезерлеудің кесу режимінің элементтері. Фрезерлеу кезінде де өцдеудің басқа түріндегідей кесу режимдері кесу жылдамдығымен, беріліс шамасымен, кесу тереңдігімен және фрезерлеу енімен сипатталады.
Фрезерлеу кезінде кесу жылдамдығы v деп, фреза тістерінің кесу кырларының ең қашық жатқан нүктесінің шеңберлік жылдамдығын айтады. Ол м/минутпен өлшенеді.
Кесу тереңдігі t деп, өңделетін бетпен өңделген беттің ең жақын ара кашықтығы, яғни фрезаның бір жүріп өткенде алынатын металл қабатының (мм-мен өлшенеді) қалыңдығын айтады (157, а-суретті қара).
Фрезерлеу ені В деп, фрезаның осіне (ұшынан фрезерлеу әдісінде — фреза осіне перпендикуляр бағытта) параллель бағыттағы өңделген беттің енін айтады (157, а, б-суретті кара). Фрезерлеу ені миллиметрмен өлшенеді.
Тістерге келетін беріліс sz деп, өңделетін материалдың фреза-ньщ бір тіске айналғандағы берілісті айтады (мм/тіс-пен өлшенеді).
Обороттағы беріліс s об деп, өңделетін материалдык фрезаның бір оборотындағы жылжуын айтады. (мм/об-пен өлшенеді).
Минуттік беріліс деп, дайындаманың фрезаға карағанда орын ауыстыруын айтады (мм/мин-мен өлшенеді).
Фрезерлеу кезіндегі берілістер өз ара төмендегідей байланыста болады:
SM = Sай n =Sz zn мм/ мин,
мұндағы: z — фрезаның тістерінің саны;
n — фрезаның бір минуттағы оборт саны.
Фрезалардың негізгі түрлері. Фрезаларды атқаратын жұмысына, тістерінің түрлеріне және бағытына, конструкциясына және білдекқа бекіту әдісіне және т. б. қарай түр-түрге бөледі.
Конструкциясына қарай фрезалар бүтін, дәнекер құ-рамалы және тез ауыстырмалы тістері бар (фрезалық калпакша-лармен) кондырмалы болып бөлінеді (158-сурет).
Бүтін фрезаларды 1, 2, 4, 7 жоғары сапалы аспаптық материалдардан жасайды.
Дәнекерленген фрезаларды арзан конструкциялық болаттардан жасайды, ал олардың тістерінің жұмысшы бөлігіне жоғары сапалы аспапты материалдардан жасалынған пластинканы дәнекерлеп бекітеді.
Құрамалы фрезалар 3 легірленген конструкциялык болаттардан жасалған корпустан және фреза корпусына механикалык бекіткіштермен: сынамен, конустық штифтамен және т. б. бекітілетін қоңдырмалы тістерден тұрады. Құрама фрезаларды жи-налған күйінде кайрайды.
Фрезалық калпақшалар 15 кәдімгі кескіштерде бар жылдам ауыстырмалы тістерден тұрады. Мұндай тістерді корпустан бөлек шаблон бойынша жекелеп немесе жиналған күйінде қайрауға болады.
Тістердің пішініне қарай үшкір және қайырылған тісті фрезалар болып белінеді. Фрезаның осіне қарағанда кесу қырларының орналасуына карай, тістер түзу тісті және спиральді (винтті) болып екіге белінеді.
Түзу тіс жұмыска бірден, ал спиральді тіс біртіндеп косылады. Сондықтан да спираль тістер түзу тістерге қарағанда баяу және бір калыпты жұмыс істейді.
Бекіту тәсіліне карай, фрезалар қондырылған, екшелік, мандайлық болып екіге белінеді.
Қондырылған фрезалардың 1, 3, 4, 7 тесіктері және сыналық паздары болады да шпиндельдің оправкасына бекітіледі.
Өкшелік фрезалар 6 және 9 цилиндрлік немесе конустык өкшелікпен тұтас жасалады. Конустық өкшелікті фрезалар Білдектің шпинделіне тікелей немесе конустық ауыспалы втулкалар арқылы бекітіледі. Цилиндрлі өкшелік фрезалар цангалы патрондарға бекітілген.
Маңдайлық фрезалар 15 шпиндельдің маңдайына төрт болтпен бекітіледі.
Атқаратын қызметіне қарай фрезалар бұрышты, фасонды, тіс кескішті, пазалы, бұрандалы, жазықтықты өндеуге арналған және арнаулы фрезалар болып бөлінеді.
Ж азықтықты өңдеуге арналған фрезалар басқаларға қарағанда жоғары сапалы және өнімді өндейтін болғандықтан маңдайлық фрезалар, сондай-ақ түзу және спираль тістері бар цилиндрлік фрезалар колданылады.
158-сурет. Фреза түрлері
Оюшы фрезаларға 5 шлицтерді паздарды ойыктарды және материалдарды қиюға арналған циркульдік аралар жатады.
Паздарды өңдейтін фрезалар конструкциясы бойынша әр түрлі болады: ұшжақты, тік бұрышты ойықтарды өңдеуге арналған дискілі фреза, 4, таврлық ойықтарды және қарлығаш канатты ойықтарды өндеу үшін Бұрыштық фрезалар бір бұрышты 7 және екі бұрышты 8 болады.
Фасондык фрезалар 10 ойык, деңес және қисық сызыкты фасонды пішіндерді өңдеу үшін колданылады.
Tic кескіш фрезаларға дискілі модульді фрезалар 11, саусакты модульді фрезалар 12 және червякті модульді фрезалар 16 жатады. Бұлардың барлығы да конусты тісті деңгелектер кесу үшін колданылады. Бүған конустық тісті дөңгелектер кесетін арнаулы фрезаларда жатады.
Бұрандалы фрезалар екі түрлі болады: дискілі 14 және тарақ тәріздес 13. Біріншісі пішіні ұзын және терең бұрандаларды фрезерлеу үшін, екіншісі қысқа бекіткіш бұрандаларды кесу үшін колданылады.
а — бөлгіш тетік, б — айналмалы стөл, в — машина қысқышы
Саусақты фреза колданылады. Ұштық фрезалармен 6 шпонкалық ойықтарды; терезелерді және қисық сызықты ойықтарды еңдейді.
Арнаулы фрезаларға: гравирлеу фрезасы және штамптар, мат-рицалар, пресс пішіні және т. б. көлемдік көшіру фрезалары жатады.
Фрезерлеу білдектерінің жабдықтары. Консолді-фрезерлеу білдектерінде бөлшектерді бекітетін арнаулы жабдыктармен коса бөлгіш қалпакшалар деңгелек бүрылатын үстел, машиналық қысқыштар және фрезаны бекітетін оправкалар сияқты универсал жабдыктар кеңінен колданылады.
Әмбебап белгіш қалпақшалар (159, а-сурет) негізінен горизонтальды және әмбебапты — фрезерлеу білдектерінде, квадраттарды, алтықырлы денелерді, тісті дөңгелекті кесуде, жұлдызшаны кескенде және сол секілді жұмыстарды жасауда дайындаманы белгілі бір бұрышқа периодты түрде бұрып тұру үшін және винттік оймаларды жасағанда айналма қозғалыс алу үшін қолданылады.
Бұрғыш стол (159, б-сурет) вертикаль-фрезерлеу білдектерін, шатундарды, цилиндр жұдырыкшаларды, қалпақшаны, шатунды және т. б. бетті фрезерлеуде, сондай-ақ дайындаманы белгілі бұрышқа бұрып бірдей бөліктерге бөлу үшін қолданылады.
Машиналық қысқыштар (159,е-сурет) консольді-фрезерлеу білдектерінің барлық түрлерінде аз габаритті бөлшектерді бекіту үшін қолданылады: Кейінгі кездерде өңделетін бөлшектерді тез және берік бекітетін пневматикалық пневмогидравликалық машиналық қысқыштар кеңінен қолданылып келеді.
Консольді - фрезерлеу білдектерінің құрылысы. Әмбебап консольді-фрезерлеу білдектер мынадай бөлшектерден тұрады (160, а-сурет): сұйықты жинайтын бак, әрі салқындаткыш ыдыс ретінде қолданылатын негізден 1 мұнда Білдектердің барлық бөлшектері орналастырылған станинадан 2, жылдамдық корабы бар приводтан 3; Іріктегіш жабдығы бар төрт шпиндельдік түйіннен 5, шпиндельдік фрезерлік оправкаларды ұстап тұратын ілгіштері 6, 7 бар тұмсықшадан 4, консольдерден 12, көлденең жылжымалардан 11; үстелдің бұрылатын бөлігінен 10, үстелден 9; беріліс приводынан 13 және тұмсыкша мен консольді косымша байланыстардан 8 тұрады.
Стөлдің автоматты козғалысы маятниктік тұйық циклмен жүреді, яғни алдымен жұмыстық беріліс бір бағытқа түзу козғалыста болады да, соңынан автоматты түрде кері жүріске ауыстырылады.
161-сурет. Бойлық фрезерлеу білдегінің сыртқы көрінісі
Көлденең жылжыманың 11 бағыттаушысымен бірге консоль 12 станинаның вертикаль бағыттаушысының бойымен қозғалады. Бұрылу бөлігі 10 көлденең жылжымаларға бекітіледі де, ецделетін дайындама тікелей немесе басқа жабдықтардың көмегімен бекітілетін үстелге 9 беріледі. Дайындама шпиндельдің осіне параллель вертикаль берілісті (консольмен), горизонтальды көлденең берілісті (келденең жылжымамен) және шпиндельдің осіне перпендикуляр горизонтальды бойлық берілісті (үстелдің бұрылу бөлігінің бағыт-таушысының бойымен жүруі) болып келуі мүкін. Винтті — оймаларды фрезерлеу үшін бұрылу бөлік 45° — бұрышқа бұрылып қо-йылады.
Вертикаль-фрезерлеу білдегі. Білдек әр түрлі бөлшектерді (маңдайлык, ұштық, бұрыштық, фасондық) фрезерлермен жеке
жағдайда немесе сериялы өндірісте фрезерлеуге арналған (161, б-сурет).
Вертикалды-фрезерлеу білдегі мынадай негіздегі бөліктерден тұрады: негіз 1, жетек 2, станина 3, шпиндель 4, үстел 5, консоль 6.
Вертикалды-фрезерлеу білдектерінын, горизонтальды фрезерлеу білдектерінан негізгі айырмашылығы шпиндельдің орналасуынын өзгешелігі мен тұмсыкшасыныц жоқтығында. Кейбір білдектердьщ шпинделі вертикаль жазықтыққа бұралатындай фрезерлік калпақшаға орналасқан.
а — шпонка оймасын дискілі фрезамен ою, б—дискілі фрезамен пазаны фрезерлеу, в —күрделі контурды фрезалар жиынтығымен фрезерлеу (1, 2, 3, 4, 5), г — кертпешті бірбұрышты фрезамен фрезерлеу, д — Т — тәрізді паза үшін таврлы пазаны фрезамен фрезерлеу, е — ұштық фрезамен бүрышты фрезерлеу, г — Т —тәрізді паза үшін шпонка оймаларын фрезамен фрезерлеу, з — «Қарлығыш құйрығы » секілді оймаларды бірбүрышты фрезамен фрезерлеу: и — Торцты фреза мен ауыспалы тістер қою арқы-лы келбеу жазыктықтарды фрезерлеу
162-сурет. Фрезерлеу жұмыстарына мысалдар
Бойлық-фрезерлеу білдегі. Ірі сондай-ак аса үлкен емес дайындамаларды сериялы және массалық өндіріс жайында көп орьш-ды құрал жабдыктардың көмегімен өндеу үшін портальды бойлык-фрезерлеу білдегі колданылады (161-сурет).
Бойлық-фрезерлеу станы өте өнімді болады, өйткені онда дайындамаларды үш жақтан бірдей өндеуге болады.
Бойлық — фрезерлеу білдегінің кейбір түрлері айналмалы фрезерлік калпақшамен жабдыкталғандыктан олармен көлбеу жазыктыктарды да өңдеуге болады.
Фрезерлеу білдегінде орындалатын жұмыстар. Фрезерлі білдектерімен горизонталь, вертикаль, келбеу жазыктыктар: жтй ойық-тар, «қарлығаштың күйрығы» типтес цилиндрлі және призмалы бөлшекдарда бұрыштык, кеп қырлы паздар және шпондық оймалар әр түрлі фасонды беттер, тісті деңгелектер, спиралды оймалар бұ-ранда беттері еңделеді.
Кешірме-фрезерлері білдектерде еңделетін бөлшектердің пішініне сәйкес кешірме бойынша бөлшектерді еңдейді.
Жазықтықтарды фрезерлеу. Жазықтықтарды әр түрлі: цилиндрлі, маң-дайлық, үштык және екі қырлы дискілі фрезамен горизонтальды-фрезерлеу білдегін не вертикальды-фрезерлеу білдегін пайдалану аркылы еңдеуге болады (157, а, б-су-ретті қара). Ең үлкен енімділік пен еңдеудегі тиімділікті қатты қорытпалардан жасалған маңдайлық фрезаны қолдану аркылы алуға болады.
163, а, б, г, з-суреттерде дис-кілі, кесуші, үштық бір ұшты және Т — тәріздес фрезерлермен ойықтарды фрезерлеу керсетілген.
Келбеу жазықтықтардықондырмалы тісті маңдайлык 163-сурет. Фрезерлеу білдектерінде көфрезалармен өңделеді( 163, и- иіру әдісін қолдану
163 – сурет. Фрезерлеу білдектерінде көшіру әдісін қолдану
Фасонды беттер мен қисық сызықты контурларды фрезерлеу.
Тар фасонды беттер радиусты (ойыс және денес профильді) фре-зерлермен еңделеді. Кеңірек фасонды беттерді жеке қисық сызыкты контурлы дайындамаларяы фреза жинағымен өңдейді (162, e-сурет).
Пішіні шеңбер доғасы тәріздес қисық сызықты контурлы дайындаманы бұрьвлмалы деңгелек үстелге орнатып, ұштық фрезамен еңдейді.
Ірі сериялы ендірісте кисық сызықты контурлы бөлшектерді ендеу үшін арнаулы кешіретін құралдар немесе кешірме фрезерлерлі білдектер колданылады. Кешірме фрезерлеуді колдануда әр түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін: механикалық, гидравлика-лык, электр контактілі жәгее контактісіз (фотоэлементті, программалы басқару және басқалар).
163-суретте механикалық көшірмелер үшін қарапайым қондырғы керсетілген. Дайындама және көшірме вертикальды фрезер білдегінің столына жеке орналастырылады (анық болу үшін бөлшек мен көшірменіц бекітілуі көрсетілмеген). Фрезаның осі мен көшірме саусағыныц арасы дәл анықталады. Көшірме саусағы жүктін әсерінен көшірмеге жабыса түседі де үстелдің бойлық қозғалуына байланысты оиың контуры бойынша сырғып отырады. Дайындамаға артқы фреза келтіріледі.
Берілген контурлы бөлшекды фрезерлеу кезінде үстелдің бойлық бағытта ауысуы бойлық беріліс S6ou механизм арқылы, ал көлденең айнымалы ауысуы Зквл көшірме арқылы жүзеге асырылады. Мүнда жүк (163-сурет.) көшірме мен көшірме саусағының арасының тығыз болуын қамтамасыз етуі үшін жұмыс істейді.
Егер фреза мен көшірме саусағыньщ диаметрі бірдей болса, онда көшірме мен бөлшекдың пішіні бір-бірінен аумайды, ал диаметрі бірдей болмаса олардың пішіні де әр түрлі болады. Бұл жағдайда көшірменің пішіні арнаулы аналитикалық-есеппен айықталады.
Фасонды және қисық сызықты беттерді механикалық ендеуде жұмыс циклдерін автоматтандыру тиімді түрде әр түрлі бақылағыш көшірме системалары арқылы жүзеге асырылады.
12.7. Металдарды сүргілегіш және қашаушы білдектерінде өңдеу
Сүргілегіш және қашаушы білдектерінде жазықтықтар, түзу сызықты пазалар, әр түрлі пішінді болып келген оймалар және сызыкты фасонды беттер және т. б. еңделеді.
Сүргілегіш және қашаушы білдектерінің токарь, бүрғылау фрезерлеу білдектерінан айырмашылығы сол, мұнда кесу қозғалысы (негізгі қозғалыс) түзу сызықты (ілгерілемелі-қайтармалы) болып келуі, ал беріліс қозғалысы үстелдің немесе сырғыманың (ползуннің) кезектегі жұмысшы жүрісіне байланысты периодты болады.
Бұл Білдектердің кемшіліктеріне оның бос жүрісінде уақыт шығынының болуы, ал үлкен жылдамдық алуына, үстелдің немесе сырғыманың ілгерілемелі-қайтармалы қозғалысынан туатын вибрация мен инерциялық күш кедергі келтіреді.
Мүндай білдектер көлденең сүргілегіш білдектер ы, (бір супортты, екі супортты,) бойлық сүргілегіш білдектері) бір тіреулі, екі тіреулі жиекті сүргілегіш және қ а ш а у ш ы (универсал) болып бөлінеді. Осы типті білдектер жеке және аз сериялы өндірістерде колданылады.
Сүргілеу процесі туралы түсінік. Көлденең сүргілегіш және қашаушы білдектерінде жұмыс істегенде кескіш түзу сызықты ілгерілемелі-қайтармалы козғалыс жасайды да, бөлшек әлсін-әлсін үздікті берілісте болады.
Сүргілеуіш білдектерінде әр түрлі типте болатын түзу және кисық кескіштер колданылады; (164-сурет) еткіш (164, а-сурет), тазалағыш (164, б-сурет), енді тазалағыш (164, е-сурет), ұштап кескіш (164, г-сурет), бір жола кескіш (164, д-сурет) және баска-лар.
164, е-суретте екі жақты қашаушы кескіш берілген, ал 164, ж-суретте жартылай қашаушы кескіш көрсетілген.
а— жону кескіштері, е—ж — қашау кескіштері, з — иілген кескіштің қозғалысы, и — түзу кескіштердің қозғалысы
164-сурет. Жону және кашау кескіштері:
Иілген кескіш сүргілеу кезінде 0 нүктесінің айналасына кысым
түсіріледі де аз терендікті t ғана алса, ал түзу кескіштермен сүргілегенде (164, и-сурет) қысу кезінде ол көп тереңдік t алып жібереді де өңдеудің дәлдігін азайтады. Сондыктан сүргілеу кезінде көбіне иілген кескіш пайдаланылады.
Қайырмалы кескіш үстағыштарға бекітілген кескіш жылдам тозбайды, себебі қайырмалы кескіш ұстағыштағы кескішті артқа жылжығанда кескіш бөлшек бетімен еркін сырғанап отырады.
Беріліс s мм/дв • х деп бөлшекдың немесе кескіштің көлденең бағытпен, бір-екі жүріс ішіндегі ауысуын, яғни жұмысшы және кері жүріс кезіндегі ауысуын айтады. Беріліс кескішке күш түспейтін металдар қабатын кеспеген жағдайдағы кері жүріс кезінде іске асырылады.
Қайрау кезіндегідей металдың кесілу қабатының ауданы / мм2, кесу терендігі t мен беріліс шамасының s көбейтіндісіне тец болады.
а — модельді көлденең жону білдегі, б — 7231А — модельді бойлық жону білдегі
165-сурет. Жону білдегі
Көлденең сүргілегіш білдек. 165, а-суретте жазық және фасонды беттерді өңдеуге арналған 737 модельді гидравликалық білдек көрсетілген.
Білдектің негізгі түйіндері мыналар: ішіне кесу қозғалысын тудыратын гидрожетек 9 қондырылған станина 8 (165, а-сурет), Станинада ползун (сырғыма) 7 ауысып тұратын горизонталь бағыттаушы және траверстің 2 қозғалуына қызмет ететін вертикаль бағыттауыштар болады. Сырғыманың алдыңғы бөлігіне суппорт б орналастырылған. Үстіне бөлшекдар қойылған үстел 5 траверс 2 бағыттаушысының бойымен ауысады да табанға 3 орналасқан тірек 4 арқылы ұсталынып тұрады. Білдектің жұмысы электр двигателінің 1 көмегімен іске асырылады. Білдекте ползунның қозғалуы үшін гидрожетек жәие ползунның екі жүрісі үшін гидравликалык беріліс болады. Үстелдің вертикаль және горизонталь бағытта тез қозғалуы үшін қуаты аз жеке электр двигателі қолданылады. Механикалық әдістен басқа, үстелді 5 қолмен де вертикаль бағытпен де қозғауға болады. Сондықтан кесу мен беріліс жылдамдықтары сатыланбай жай өзгереді.
Сырғыманың жұмысшы жылдамдығы 3-тен 37 м/минутқа дейінгі диапазонда езгеріп отырады. Суппортты 6 горизонталь осінен белгілі бүрышка бұра отырып көлбеу беттерді жонуға болады. Өңдейтін бөлшектер үстелге 5 немесе тікелей машиналық кыскыштарға бекітіледі.
7231А модельді екі тіректі бойлық сүргілегіш білдегі (166, б-сурет). Білдек негізінен станинадан 12, V-тәрізді бағыттағыш үстімен жылжитын үстелден 11, станинамен байланысты екі тіректен 2 және 7, ал жоғары жағы бірінен кейін бірі келетін порталдан 4, траверстен 3, бағыттаушы тіреуіштердің бойымен ауысатын траверске 3 орнатылған екі
вертикаль 5 және 6 суппорттан тұрады. Бағыттаушы тіректердің бойымен қозғалатын бүйірлік суппорттан 1 және 9, супорттардың беріліс механизмінен 8, кесу қозғалысының жетегінен 10, басқару пультінен тұрады.
Өңделетін бөлшек кесу қозғалысы берілетін үстелге 11 орнатылады. Суппортқа беріліс козғалысы берілетін кескіш бекітеді. Траверсті еңделетін бөлшектердің биіктігіне сәйкестендіріп орнатылады да, керекті жағдайда бөлек жетегі бар арнаулы механизммен бекітіледі.
Қашаушы білдегі.
Білдектің жалпы түрі көрсетілген. Бұл білдек жазық және фасонды беттерді өңдеу үшін, шпонкалык және басқа да жырашықтары бар бөлшектерді, ойықтарды, әр түрлі штамптардың түрлерін өңдеу үшін арналған.
Қашаушы және сүрплегіш білдектерінде орнатылған жұмыстар. Сүргілеу білдегімен істелетін жұмыстың бірнеше түрі 167-су-
ретте көрсетіледі. Горизонталь, вертикаль, көлбеу
жазықтықтарды (167, а-сурет) өткір немесе кыркатын кескішпен берілістің бағытына сәйкес сүргілейді. Тілу және ою жұмыстары кесіп тастайтын кескіштермен орындалады. Паздың тереңдігі үлкен болғанда кескішті сындырып алмас үшін кескіштің
енін в пазаньщ енінен В кіші етіп алады, ал ою сатыланып жүргізі-
леді. Таврлы паздарды немесе «к а р л ы ғ а ш қ ү й р ығ ы» т и п т і п а з д а р д ы сүргілеу сәйкес конфигурациядағы пазалық кескіштермен орындалады. Жабық пазаны сүргілеу білдектын бос жүрісінде кескіш кейін кайырылып тасталмайды. Әр түрлі фасонды беттерді өңдеу үшін
167-сурет. Жону жұмыстары
фасонды немесе белгілеу бойынша галтельді кескіштерді пайдаланады (167, д-сурет). Сонғы жағдайда кескішке үстел мен суппортты қолмен ауыстыру арқылы екі түрлі беріліс қозғалысы беріледі.
Қашау процесі негізінен сүргілеу процесінен айырмашылығы жок, бірақ жұмыс сипаты сүргілеуге қарағанда тіптен баскаша. Қашау арқылы түпті және түпсіз фасонды тесіктерді өңдейді, көпжакты (168, а-сурет) ішкі бағыттаушыларды (168, б және з,-суреттер), ішкі шпонкалық пазаларды 168, в көп шпонкалы тесіктерді (168, г-сурет), күрделі
168-сурет. Қашау жұмыстары
конфиғурациялы материалдарды (168, д-сурет) және т. б. өндейді.
Кейбір сыртқы беттердің түрлерін өңдеу жұмыстары сүрлеу және фрезерлеу білдектерінде орындала алатын болса да оларды кашау білдегінде істеу тиімдірек келеді (168, е және ж-сурет). Қашау операциясының өнімділігі аз болғандыктан олар жекелей немесе аз сериялы ендірісте пайдаланылады. Kөп сериялы және жаппай өндірістер де бұл жағдайларда тартып созу (протягивание) колданылады.
Сүргілегіш және қашаушы білдектерінде сүргілеу дәлдігі 3—4 класқа дейін, ал беттің тазалығы 6—7 класпен орындалынады.
12.8. Ажарлау білдегінде өңдеу
Ажарлау процесі туралы түсінік. Ажарлау деп, ажарлау дөңгелегімен машина бөлшекдарының, аспаптарының беттерінен жүқа қабатты алып тазалап, тегістеп өңдеуді айтамыз.
Әр түрлі пішіндегі және өлшемдегі ажарлау деңгелектерін бір-бірімен өз ара арнаулы байланыстырғыштармен байланысқан абразивтік материалдардың түйіршіктерінен жасайды. Сондай-ақ ажарлау қабаттары және ажарлау қайрақтары колданылады. Абразивті материалдар және аспаптар жайында толык берілген.
Ажарлау дөңгелектерін кептеген тістердің жиынтығынан кұралған фреза деп қарауға болады. Шынында да ажарлау процесінде шеңбердің шеттік әрбір қатты түйіршіктері тістер сияктанып беттерді әр түрлі кимамен ояды.
Ажарлау дөңгелегінің басқа кесетін аспаптарымен салыстырғандағы бір ерекшелігі, бүның түйіршіктері ете қатты және езінен-езі үшталып еткірленіп отырады.
Ажарлау кезінде аз тереңділікпен, яғни аз күш түсіре отырып, ажарлағанда, ажарлау дәлдігін 2 — класқа жеткізуге болады. Сондай-ақ ажарлаумен беттің тазалығын 10-класқа жеткізуге болады.
Ажарлау кезінде кесу процесі еңделетін бөлшекдың беті келтірілетін тұрақты жылдамдықпен бір қалыпты айналып туратын деңгелек аркылы орындалады. Ажарлау деңгелегінің түйірлері бөлшектердің бетінен жұқалап кабық түсіру аркылы ете таза және жоғары дәлдікпен еңдейді. Ажарлау процесінде деңгелек бір еткен кезде 0,005—0,05 мм шамасында беткі қабық алынады.
Ажарлау кезінде кесу жылдамдығы, шецберлік жылдамдығына тең болады және олар иш (м/сек) деп белгіленеді.
Бөлшектердің айналуындағы шеңберлік жылдамдық алғашкы өңд«у кезінде v, =20:60 м/мин, ал тазалап әңдеу кезінде Ғд=2 : 4 м/мин болады. Металдың бетін айналдыра ажарлау кезінде деңгелектің бір ғана кос жүрісінде алатын калыңдығы t кесу тереңдігі деп аталады. Кесу тереңдігі мына формуламен ернектеледі.
мм
Мұндағы d\ және d2— бөлшектердің өңдеуге дейінгі және кейінгі диаметрлері, мм.
Кесу тереңдігі t деп кейде дөңгелектің бөлшек бетімен бірден екі қайталап өтуіндегі көлденең берілісін атайды.
Кесу терендігінің шамасы t 0,005—0,09 мм/дв • х-ка тең етіп алынады, бұл шама h/t—рет еткенде һ мм шамасында қабық алынуды камтамасыз етеді.
Дөңгелектің бір айналғанда бөлшекдың осінің бойымен жылжуы бойлық беріліс деп аталады да, мм-мен алынған бөлшекдың бір оборотымен немесе мм/мин өлшенеді. Бойлык берілістің шамасы ажарлау дөңгелегінің В мм шамасына байланысты алынады.
. s (0,3 0,6) В.
Ажарлау кезінде өнделетін бөлшек мен ажарлау дөцгелегіне үш түрлі: тангенциалды (шеңберлі) куш Р2 (170,б-сурет), дөңгелектің радиус бағытымен эсер ететін радиалды куш Pv және Рх беріліс күші. Бұл күштердің барлығында ажарлау кезіндегі жүмсалатын Білдектің қуатын, беріктілігін есептеу керек.
Ажарлау кезінде дөңгелек ескіреді, мүкалып қалады; езінің пішінін жоғалтады, түйірлерінің еткірлігі азайып мүқалады немесе түйірлері түсіп сиректенеді. Егер етпей қалған түйіршіктер алынбаса, ал қуыстары металл жоңқасымен бітеліп қалса осыньщ салдарынан деңгелек уатыла бастайды да, ажарланған бетті күй-діреді. Сондықтан мұндайды алдын ала түзеу керек. Дөңгелекті жендегенде мүқалған абразив түйірлерін алып немесе доңгелекті ауыстырып отырады.
Өте дәл фасонды ажарлау кезінде дөңгелекті өңдеуге алмас қиқымдары вольфрамның (70—80°), мыстың (28—19%) және алюминийдің (1—2%) қорытпасымен цементтелетін алмас-металл қа-рандашы пайдаланылады. Кейбір жағдайда дәл ажарлау үшін алмаз орнына ВКЗ, ВК6 қатты қорытпасынан жасалған қатты қорытпалы дискалар колданылады.
Дөңгелекті жөндеуде көп тараған түрінің бірі отандық өнеркәсіптерде жасалынған минералды-керамикалык дискі A3 және А.
Ал дәлдікті керек ететін ажарлау түйірлі жұмыстарында үлкен түйірлі дөңгелекті жөндеуге бір ортақ оське жүлдызша етіп жинаған дискілер жинағы — шарынкалар пайдаланылады.
Ажарлау дөңгелегін таңдау. Ажарлау процесі өнімді болуы үшін, ең алдымен абразивтік материалдың түріне, қаттылығына, олардың байланысу тегіне түйіріне, пішініна карай ажарлау дөнгелегін тандап алу қажет (IX тарауды қара).
Ажарлаудың түріне карай, ажарлау білдектері бірнеше түрге бөлінеді — цилиндрлі, конусты, мандайлық шектерді өңдеу үшін дөңгелек ажарлау — тегіс беттерді өңдеу үшін тегістей ажарлау — білік, саусақ,
169-сурет. Дөңгелек ажарлау білдегінің сыртқы көрінісі мен фрезерлеу процесінің, сұлбасы
клапандарды центрлей бекітпей-ақ ажарлау үшін центрсіз ажарлау двигательдің иінді білігін ажарлау үшін арнаулы ажарлау және т. б. абразивті аспаптармен жұмыс істейтін (кашаушы, тегістеуші) білдектері колданылады.
169, а-суретте дөңгелектей ажарлау білдегі көрсетілген.
Білдектің негізгі беліктері: қорап пішіні катты станинадан үстелден 2, төменгі жылжымасынан үстелдің бүрылмалы бөлігінен 3,
ажарлау дөңгелегінің 5, арткы 8 және алдыңғы 4 топайларынан, электр двигательдерден 7 (дөңгелекті айналдыру үшін) және 9 (бөлшектерді айналдыру үшін) тұрады.
Цилиндр беттерді ажарлау кезінде (169, б-сурет) бөлшек 4 алдыңғы топай мен арткы топай центрлерінің ортасына орналасады. Ажарлау топайы 6 дөңгелекпен 5 көлденең жылжымаға орналасады Да, ажарлау тереңдігіне t байланысты сынық бойымен көлденең ауысады. Жұмыс істеу кезінде үстел 2 негізгі табанымен / бірге ажарлау дөңгелегінің 5 ұзына бойы бағытымен қозғалады, ал ажарлау дөңгелегі өз осінен айналып тұрады.
Ажарлау топайы 6 мен деңгелегі 5, үстелдің 2 әр бір қайтара өткенінде t шамасына жылжиды да, өңделетін бөлшекдың беткі қабатын (припуска) сыпырып, тазалап отырады.
Конусты беттерді ажарланғанда алдьщғы топай 3 және артқы опай 7 екеуінің ортасында бекітілген бөлшек 4 үстелдің 2 үстінде олады, ал үстелдің өзі негізгі табанға белгілі а — бұрышымен орналасады. Онда ажарлау дөңгелегінің 5 айналысынан және үстелдің ауысуынан конусты бет пайда болады. Универсал дөңгелекті ажарлау білдектерінде ажарлау топайы 360°-ка бұрылуы мүмкін.
1 — ажарлау дөңгелегінің козғалысы, II—бөлшекдың қозғалысы
170-сурет. Жазық ажарлау білдегінің жұмыс істеу сұлбасы
Жазық беттер екі түрлі әдіспен: бөлшекдың ілгері-кейінді козғалысы арқылы және дөңгелей козғалысы арқылы ажарланады. Бірінші жағдайда ажарланатын бөлшек Білдектің үстеліне 2 бекітіледі де, үстелге ілгерілемелі-кейінді қозғалыс беріледі, ал ажарлау дөңгелегі 3 айналып тұрады. Үстел бекітілген бөлшекмен коса екі рет арлы-берлі жүргеннен кейін көлденең бағыт бойынша (дөңгелектің осініц бойымен) жылжиды.
Осындай жұмыстарға бөлшек бекітілетін үстелі үзына бойы ауысатын, ал шпиндельдің осі горизонталь жазықтықта жататын жазык ажарлайтын білдектер колданылады. Мүндай білдектер негізгі немесе магнитті үстелдің үстіне орналасқан бөлшектерді жазык ажарлау үшін
(дөңгелек шегі) арналған. Үстелдің үзына бойына ауысуы, ажарлау топайының көлденең ауысуы сатыланбай реттеліп берілуі гидравликалық системамен басқарылады.
170, б-суретте шпиндельдің осі вертикаль орналаскан жазык бет ажарлау білдегінің жұмыс істеу принципі көрсетілген. Бұл жағдайда ажарлау процесі табақ секілді дөңгелектің маңдай шегімен жүргізіледі. Ажарлау дөнгелегі 3 вертикаль бағытта төмен қозғалады және айналып тұрады, ал бөлшек / столмен 2 бірге горизонталь бағытта ілгерілемелі-кейінді қозғалыста болады.
Карусель білдегінің принципі бойынша жазықтықтарды ажарлау 170, в, г-суреттерінде керсетілген.
Магнитті үстелге 2 бекітілген бөлшекға (170, e-сурет) вертикаль осін айнала айналмалы қозғалыс беріледі. Ажарлау дөнгелегі 3 вертикаль осіне қарағанда бір шама айналады да ажарлаудың қал-пақшасымен бірге темен үстелдің 2 әрбір оборотында ажарлау терендігіне t қарай ауысады. 170, г-суретінде Білдектің айналмалы деңгелек үстелі мен ажарлау деңгелегінің осі горизонталь орналасқан түрінің жұмыс істеу принципі керсетілген. Ажарлау дөңгелегі ез осінен айналады. Ажарлау деңгелегінің 3 қалпақшасы келденең-жонғыш білдегінің сырғымасы сияқты ілгері-кейінді қозғалыста болады.
Центрсіз ажарлау. Ажарлаудың бұл түрі үлкен сериялы және массалы ендірісте әр түрлі цилиндрлі бөлшектерді ажарлағанда кеңінен колданылады.
Мұның ерекшелігінің езі мынада: ажарланатын бөлшек / бір жаққа карай айналып түрған екі деңгелектің арасында пышақта 2 еркін ауысып тұрады. (171-сурет). Ажарлау деңгелегі 3 ез осінен айналу жылдамдығы 30 м/сек болып кесу жұмысын жүргізеді, ал екінші деңгелектін 4 айналысы баяу болады (15—25 м/мин). Жетекші деңгелектің ролі ажарланатын бөлшекды үстау.
171-сурет. Центрсіз ажарлау білдегінің жұмыс істеу сұлбасы
Егер жетекші деңгелектіц осін ажарлайтын деңгелектің осіне а — бұрышымен орналастырса, онда цилиндрлік бөлшек беріліспен s мм/мин — бірге айналмалы қозғалыстан басқа ұзына бойы ілгерілемелі козғалысқа ие болады.
Егер жетекші деңгелектің осі ажарлайтын деңгелектің осіне параллель болса, онда ажарлау процесі бөлшектердің жан-жаққа Козғалысынсыз болады да тіке ажарлауға жол бермейді.
Кесе ажарлағанда бөлшек бір жағынан ғана беріледі. Бұл жағдайда ажарлайтын және жетекші деңгелектің остерінің арасындағы α бүрышы 1,5—3,0° болады. а бұрышы неғүрлым үлкен болса, онда ұзына бойлық берілісте, бөлшекдың деңгелектердің 3 және 4 арасыңдағы ұзына бойлық қозғалысының жылдамдығы да артады.
13.МЕТАЛДАРДЫ ЭЛЕКТР ӘДІСТЕРІМЕН ӨҢДЕУ
Металдарды электрлікнемесе электр химиялықәдіспен өңдеу деп, өңделетін бөлшек мен аспаптың металдар қабаты химиялық, термиялық немесе электр тогының аралас әсерінен алынуымен орындалатын жұмысты айтады. Электр тогының әсерінен металдар балқу температурасына дейін қызып, немесе электрохимиялық (анодтық) еруге дейін барады. Металдарды электр әдісімен өңдеу ешқандай сырткы механикалық күштерді керек етпейді. Олай болса электр әдісімен өңдеудің негізгі айырмашылығы олар мен кез-келген қаттылықтағы материалдар мен күрделі формалы диаметрі кіші тесіктерді және т. б. өңдеуге болады.
Электрлік немесе электрохимиялық өңдеуге: электр ұшқынды, электр контактілі, электр импульсті, анодты-механикалық, электро-химиялық, химия-механикалық және басқалар жатады
13.1.Электр ұшқынымен өңдеу