Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет17/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Газбен пісіру. Газбен пісіруде оттегі араласқан жанғыш газдың жоғары температурадағы (3000°С) жалынның жылуынан металл жиектері мен отырғызылатын металл шыбық балқиды. Жанғыш газ есебінде кальций карбиді мен судың өз ара әсерінен шыққан кәдімгі ацетилен (С2Н2) қолданылады.
Ацетиленнің бөліну реакциясы мына формула бойынша жүреді


СаС2+2Н2О - С2Н2 + Са(ОН2)


Кальций карбиді электр пештерінде ізбесті кокспен немесе тас
көмірмен бірге балқыту арқылы алынады. Газбен пісіруде сондай-ақ жаңғыш газ ретінде кокс газы, жарықтандырғыш газдар, сутек, бензол және т. б. қолданылады.
Газбен пісіру корпусы тұтқа сияқты жасалынған пісіру оттығымен жүргізіледі (80-сурет). Корпуста ацетилен мен оттегі берілетін түтіктер болады. Осы екі газдың тез ара араласуынан пайда бо­латын жанғыш қоспа мундштукка барып түсіп, одан ары атмосфераға шығар ауызда оталып жанады да пісіру жалынын тудырады.


1, 2 – ацетилен мен оттегі тасымалдайтын шлангтар үшін ниппельдер, 3 – регулятор (реттегіш), 4 – мундштук (ауыспалы ұшы)
80 – сурет. Газ оттығы.


Пісіру кезінде ацетиленді-оттек жалынының әр зонасында әр-түрлі температура болатынын ескеру қажет. Жалын зоналары 82-суретте көрсетілген.
Оттықтың пісіру жалынымен пісірілетін металдардың жиектері балқытылады да пайда болған сұйық ваннаға қосымша сым темірді жапсар құралғанға дейін әбден балқытады. 82-суретте пісіру кезіндегі пісіру оттығы мен қосымша темір шыбықтың орналасуы көрсетілген.
Металдар мен әр түрлі қорытпаларды газбен пісіруде келесі нұсқауларды ескерген жөн.
Көміртекті болаттарды пісіруде, металл артық қызбау үшін, пісіру жапсарын 600—700°С-ге дейін қыздыру керек. Жапсар берік болуы үшін қосымша материалға 2—3% никель қос­қан жөн. Көміртекті болаттарды пісіргенде балқытылған жапсардың механикалық қасиеттерін арттыру үшін оны 800°С-де қыздыра отырып шыңдайды. Ал біркелкі құрылым алу үшін және ішкі кернеулерді жою үшін пісіру жапсарын 800°—850°С температурада босаңдатады (суын қайырады).




1 – ақ зона ~ 15000С, 2 – көк жалын ~ 32000С,
3 – көкшіл конус ~ 500-6000С
81 – сурет. Ацетиленді оттегі жалынның сұлбалық кескіні.


Легірленген болаттарды пісіруде, олардың жы­лу өткізгіштігінің, өз бетімен шынығуының төмен екенін және легірлеуші элементтердің жоғары температурада көміртегімен химиялық қосылыстар жасайтынын ескерген жөн. Сондықтан легірленген болаттарды пісірудің сапасы жоғары болу үшін пісірілетін бөлшектерді алдын-ала баяу қыздырып, аз қуатты жалынмен пісіру процесін үдету және жапсарларды термиялық өңдеуден өткізіп алу қажет.
Сұр шойыннан құйылған бөлшектерді пісіруде, ішкі кернеулерді жою үшін оларды алдын-ала 500°—800°С-ге дейін қыздырып, ал қосымша стерженьді құрамында кремнийі едәуір шойыннан жасау керек, өйткені пісіру кезінде шойын құрамынан жоғары температурада кремнийдің аздаған бөлігі жанып шығады, ал оның жанып азаюы пісіру жапсары мен оның маңайын ағартып жібереді.


82 – сурет. Пісіру кезіндегі газ оттығының орналасуы


Мыстан жасалған бөлшектерді пісіруде, олардың жылу өткізгіштігінін жоғары болатынын ескерген жөн, мұндайда мыстың жылу бергіштігін азайту үшін қуатты оттық пен бөлшектердің астына жылу өткізбейтін төсегіштер қолданған жөн.
Жезбен қолаларды пісіруде осы қорытпалардағы мырыш пен қалайының жанып кетпеуі үшін қосымша темір шыбықты алюминий, марганец, фосфор сияқты тотықсыздандырғыш өндіріледі. Қолдан жасалған бұйымдар пісірілген соң, пісіру жапсарының механикалық қасиетін арттыру үшін оларды 550°—600°С температураға дейін қыздырып, суарады.
Алюминийді пісіруде ішкі кернеулерді азайту үшін оларды алдын ала 400°С-ге дейін, ал пісірілгеннен соң 300—350°С-ге дейін қыздырады. Қосымша материал ретінде А 99 маркалы алю­миний темір шыбығы немесе 92% алюминий мен 8% мыс қорытпасы алынады. Сондай-ақ алюминийді пісіру кезінде құрамы ерекше флюстер пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет