Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет13/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Пісіру деп, пісірілетін жапсарды пластикалык немесе сұйық күйге жеткенше қыздыру арқылы металдарда ажырамайтын қосылыс процесін жасауды айтады.
Пісірудің мәні — пісіру жапсарындағы металл бөлшектерінін бір-бірінен өз ара қашыктықтарын молекула аралық қашықтыққа дейін жуықтату болып табылады. Осыдан пісіру қосылысының беріктігі келіп шығады.
Пісіру пісірілетін жапсарды пластикалық күйге жеткенше қыздырғаннан кейін қысым түсіру арқылы немесе қысымсыз пісіру жапсарын балқыту арқылы орындалады.
Қазіргі кезде металл өңдеудің пісіру қолданылмайтын саласын (кино мен радиоаппаратурасындағы дәлдік приборларды құрастыкенн бастап металлургиялық агрегаттарды, көпірлерді, үй каркастарын, теңіз кемелерін, газ құбырларының линияларын т. б. жасауға дейін) атау қиын.
Пісіру ауыр және еңбекті көп керек ететін жұмыстарды жай және жеңіл жұмыстармен ауыстыруға мүмкіндік туғызады. Мыса­лы, тойтарып шегелеуді пісірумен алмастыру жұмыс мерзімін қысқартып, металл үнемділігін арттырады; жасалған құрылымдардың бағасын кемітеді. Пісіру қосылыстары тойтарып шегеленетін қосылыстарға қарағанда берік және сенімді келеді. Әсіресе ол газ бен сұйықтарды сақтайтын және тасымалдайтын ыдыстарды, кательдарды және т. б. жасауда маңызды орын алады.
Пісіру арқылы әр түрлі металдарды қосуға болады; құймалық және соғылған болаттан мөлшері әр түрлі кез келген бұйымдар жасауға болады.
Пісірудің артықшылығы контактілі, электр доғалық, электр шлакты және басқа тәсілдерінің механикаландырылып, автоматтандырылуында, мұның өзі пісірудің жоғарғы техникалық көрсеткіштерінде күрделі құрылымдарды алуға мүмкіндік береді.
Пісіру тәсілдері
18 - кесте


Пісіру процестерін ойлап табуда, жетілдіруде және дамытуда біздің еліміз алдыңғы қатарда.
1802 жылы орыс ғалымы В. В. Петров электр доғалық құбылысын ашып, доғаның көмегімен металдарды қыздыруға, балқытуға болатындығын бірінші боп тапты.
1882 жылы Н. Н. Бенардос балқытылатын көмір электродта электр доғалық пісіру тәсілін тапты, ал 1888 жылы Н. Г. Славянов балқитын металл электродымен доғалық пісіруді орындауға болатындығын ұсынды. Н. Н. Бенардос және Н. Г. Славянов тәсілдері қазіргі металдардың электрмен пісіру түрлерінің негізі болып табылады.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін пісіру ғылымы мен техникасы біздің елімізде зор қарқынмен дамыды. Әсіресе электр доғасымен пісіру және оны механикаландыру процесінде совет ғалымы Е. О. Патонның еңбегі ерекше орын алады. 1929 ж. Е. О. Патон Украина академиясында электрмен пісіру зертханасын ұйымдастырып, ал 1934 жылы осы зертхананың негізінде электрмен пісіру институтын құрды. Пісіру ғылымын дамытуда МВТУ ЦНИИТМАШ, оргметалл және тағы басқа ғылми мекемелер мен машина жасау зауыттарының еңбектері өте зор.
Пісіру технологиясының жетістіктері, пісіру аппараттарынын қолайлылығы мен жоғары өнімділігі оларды өнеркәсіпте кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет