Қатты дәнекер. Баяу балқитын дәнекерлер беріктігі жоғары қосылыстар болуын қамтамасыз етеді. Дәнекерлеу кезінде көбінесе жапсарлардың беріктік шегін ав=21—26 кГ/мм2[210—250 Мн/м2] қамтамасыз ететін мыс-мырышті дәнекерлерді пайдаланады. Бұл дәнекерлерді маркалауда ПМЦ әріптері: мыс-мырышті дәнекер деген сөзді, ал маркадағы сан — мыстың пайызтік құрамын көрсетеді.
Балқи бастау температОралары сәйкес 800, 850, 875 болатын ПМЦ36, ПМЦ48, ПМЦ54 дәнекерлер осындай дәнекерлер. Бұл дәнекерлер жез, мыс, қалайыларды дәнекерлеу үшін қолданылады. Болат бөлшектерді Л62 маркалы жезбен дәнекерлейді. Беріктігі жоғары қосылыстар күмісдәнекерімен дәнекерлеу арқылы алынады. Күміс қосылған мыс-мырышті дәнекер маркаларында ПСР әріптерінен («припой серебрянный») кейін келетін санмен белгіленеді. Ол сан дәнекер ішіндегі күміс мөлшерін білдіреді.
Күміс дәнекерлерінің олардың құрамына байланысты балқу температурасының бастамасы 595-ден 725°С-ге дейін. Қосылыс беріктігі δв =50 кГ/мм2[500 Мн/м2]дейін барады.
Күміс дәнекерлерінің МСТ бойынша белгіленген маркалары мыналар ПСр12, ПСр25, ПСр40, ПСр45, ПСр65, ПСр72.
ПСр12 маркасында 12% күміс, 52% мыс және 36% мырыш бар. ПСр25 маркасының құрамына 25% күміс, 40% мыс және 35% мырыш кіреді.
Бұл екі марка да жез және беріктігі жоғары жапсар алу қажет болған жағдайда жұқа бөлшектерді дәнекерлеу үшін пайдаланылады.
ПСр40 маркалы дәнекер құрамы 40% күмістен, 16% мыстан, 17% мырыштен, 26% кадмийден 0,3% никельден тұрады.
ПСр40 дәнекері шыныққан және тоттанбайтын болаттан жасалған бұйымдарды дәнекерлеуге жоғары сапалы қосылыс береді.
ПСр 72 маркалы (72% күміс пен 28% мыс) дәнекер мыс проводтары дәнекерлеу үшін қолданылады, өйткені мұнымен дәнекерленген жапсарлардың электр өткізгіштігі жоғары болады.
Аты аталған қатты және жұмсақ дәнекерлер техникада кең қолданылатын алюминий және оның қорытпаларына жарамайды.
Алюминий қорытпаларын дәнекерлеуге арнайы мыс, кремний дәнекерлері қолданылады.
Осындай дәнекерлердің қатарына төмендегідей мына маркалы қорытпалар жатады: CM—2% 88% (алюминий мен 12% кремний) 34А (66%) алюминий, 6% кремний мен 28% мыс). Алюминий қорытпаларын дәнекерлеу үшін дәнекердің балқу температурасы 578—525°С аралығында болады.
Титан және оның қорытпаларын дәнекерлеу үшін ПСр40, ПСр45 маркалы күмісті дәнекер; сондай-ақ титанды-никельді қорытпалар негізіндегі дәнекерлер қолданылады.