Бөлшектерді берік дәнекерлеуде қойылатын шарттар. Дәнекерлеу беріктігі дәнекерді дұрыс таңдап алуға ғана емес, дәнекерлеу процесін дұрыс орындауға байланысты болады.
Әсіресе қосылысатын беттерді дайындап алудың үлкен мәні бар. Оларды алдымен кірден, таттан, майдан тазарту үшін терімен ысқылап, бензинмен сүртіп алады. Осы мақсатта сілтіде майсыздандыру және қышқылда өндеу жүргізіледі.
Көп жағдайларда бөлшектерді дәнекерлеу алдында қалайылап — балқытылған дәнекермен қаптайды. Қалайыланғанда дәнекер негізгі металмен қоса балқиды да қыздыру температурасы аз болғандығының өзінде дәнекерлеуді ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.
Дәнекер жапсарының беріктігі, сондай-ақ бөлшектерді дұрыс қосуға қажет болатын олардың арасында қалдырылатын саңлаудың шамасына байланысты болады. Қалдырылған саңлау кіші болса, оның ішіне дәнекер толық өнбейтіндіктен дұрыс толтырылмай қалады, ал саңлау белгілі бір мөлшерден артық болса, дәнекердің беріктігі нашар болып шығады. Өйткені бөлшек металы мен дәнекер арасында берік қорытпа түзілмейді. Әдетте қалдырылатын саңлаудың шамасы 0,05—0,15 ммболады. Дәнекердің беріктігіне, сондай-ақ қосылысатын бөлшектердің беттік шамасы да әсер етеді, сондықтан, мысалы айқастыра дәнекерлеуден гөрі түйістіру арқылы дәнекерлеу ыңғайлы.
10.3. Дәнекер флюстері
Жапсарлардың беріктігін қамтамасыз ету үшін пісіру жапсарларын қыздырғанда олардың бетін тотығудан қорғаудың арнайы тәсілдері қарастырылады, өйткені пісіру жапсарында жұқа қабыршақ түріндегі тотықтың өзі дәнекерлеу беріктігін кенет төмендетіп жібереді.
Қосылысатын беттердегі тотықтың болуынан сақтану үшін тез балқығыш, қыздырғанда пайда болатын металл тотықтарын ерітетін және бөлшек бетінен тез алынатын дәнекерлеу флюстері қолданылады. Бөлшек беттерін флюстермен дәнекерлеуге дейін жабады. Жұмсақ дәнекерлермендәнекерлеу үшін, әдетте:, флюстер ретінде мына материалдар пайдаланылады.
Хлорлы мырыш 25—40%, қалғаны су. Хлорлы мырышті тұз қышқылында металл мырышті еріту арқылы алады. Пісіру жапсарына мұндай флюсті бояу жаққыш кистімен жағады. Бұл флюс металдардың тотығын 283°С-де ерітеді. 290-нан 350°С-ге дейінгі дәнекерлеу температурасында қолданылады.
40% хлорлы мырыш, хлорлы амоний, 50% су, флюстің әсерінің күшеюі 100°С-ден жоғары температурада өтеді.
25% хлорлы мырыш, 25% тұз қышқылы, 50% су. Дәнекерлеуде таттанбайтын болат қолданылады.
25% канифоль, 75% этил спирті (мысты дәнекерлеу үшін қолданылады).
Қаттыдәнекермендәнекерлеу үшін жиі қолданылатын флюстер мыналар:
1)42% фторлы калий, 35% бор ангидриді, 23% фторборат калий;
2)70% бор қышқылы, 21% бура, 9% фторлы кальций.
Алюминий және оның қорытпаларына 32% хлорлы құймадан, 50% хлорлы калийден, 10% фторлы натрийден және 8% хлорлы мырыштен тұратын флюс қолданылады.
Дәнекерлеу біткеннен кейін флюстердің қалдықтарынан арылу үшіи және коррозиядан сақтану үшін пісіру жапсары сумен шайылады.
Дәнекерлеу кезінде қыздыру тәсілдері 17-кестеда келтірілген.
17 – кесте.
Дәнекерлеу кезінде қыздыру тәсілдерінің классификациясы
Қыздыру тәсілдері
дәнекерлегішпен
горелкамен
пеште
күрделі түйіндер үшін батыру арқылы
электрлі қыздырғышпен
Мысты
Ультрадыбысты (флюссіз)
Абразивті дәнекерлеу кезінде тотық қабыршағы механикалық жолмен алынады
Ацетиленді оттекті
Бензинді-ауалық
Газ-ауалық
Ауалық атмосферамен (флюспен)
Қалпына келтірілген немесе инертті ортада
Вакуумда
Балқытылған дәнекер
Тұзды ваннаға
Электролитке
Индукциялық
Кедергімен
Электролитте
10.4.Дәнекерлеуде қолданылатын аспаптар мен жабдықтар
Жұмсақ дәнекерлеген дәнекерлеу әр түрлі дәнекерлегіштердің көмегімен орындалады. Дәнекерлегіштің формасына қарай таңдап алу оның жұмыс істеуге ыңғайлығына және алынған қосылыстың түзу жапсарлы немесе нүктелік қосылыс түрінің қажеттілігіне байланысты болады. Дәнекерлегіштің екі түрі 69-сүретте көрсетілген.
а – жазық жүзді, б – сүйір жүзді 70 – сурет. Бензинді дәнекерлегіш
69-сурет.Дәнекерлегіші (а) және электр дәнекерлегіш (б).
Жазық жүзді дәнекерлегіш балғалы (оның жүзінің үшкірлігі 40—50°), ал тік жүзді (70, б-сурет) маңдайлықшекті(торцовой) деп аталады. Маңдай шекті дәнекерлегіш ішкі бұрыштарды дәнекерлеуде өте ыңғайлы. Дәнекерлегіштерді мыстан жасайды. Оларды қажетті температураға дейін горелкамен не пеште қыздырып алады да содан кейін қызған дәнекерлегіштің үшкір ұшымен флюс кесегіне жырашық жасайды.
1 – мыс сымы, 2 – мыс-темірлі қорытпаның пленкасы, 3 – дәнекер галтелі
71 – сурет. Пеште дәнекерлеудің типті қосылыстары а – бұйымды дәнекерлеуге дайындау, б – дәнекерленгеннен кейінгі бұйым.
Жырашыққа ыстық дәнекерлегішпен балқитын дәнекер шыбығын орналастырады да оны жұмысшы білікпен жабады. Дәнекер тамшылары дәнекерленетін жапсарға ауысады. Суыну шамасына қарай мұндай операцияларда дәнекерлегіштер бірнеше рет қыздырылады, сондықтан да оларды әсері периодты дәнекерлегіштердеп атайды.
70-суретте әсері үздіксіз дәнекерлегіштер көрсетілген. Оның бірі (70,а-сурет) дәнекерлегішке монтаждалған бензинді дәнекерлегіш лампысымен қыздырады; ал екіншісі (71, б-сурет) электр дәнекерлегіш болып табылады.
Қатты дәнекермен дәнекерлеуде дәнекерлегіштер аз қолданылады. Өйткені бұл дәнекерлердің балқу температурасы өте жоғары болады. Мұндай жағдайда дәнекерді дәнекерленетін жерге орналастырып, кез келген тәсілмен дәнекерлегіш лампасымен, электр тогымен, газ горелкасымен пеште балқытуға болады.
Пеште дәнекерлеу мына тәсілдермен жүргізіледі. Дайындап алғаннан кейін, қосылған жапсарларды дәнекермен жапқаннан кейін (71-сурет) бөлшектерді пешке салады да дәнекерді балқу температурасынан жоғары температурада қыздырады, соңынан суытады. Бұл тәсілде дәнекерлеу процесінің әсіресе мөлшері шамалы, бір типтес бөлшектерді дәнекерлеу өнімділігі артады (72-сурет).
72-сурет. Қалпына келтіру атмосферасымен пеште дәнекерлеу үшін қосылыс формалары
Аса үлкен емес бөлшектерді дәнекерлеуде электр контактілі тәсілмен қыздыру жақсы нәтиже береді. Бұл тәсілде қосылысқа флюс жағылған дәнекердің жұқа табақшасы орналастырылады да бөлшекдар электродтардың арасына қысылады, және ток өткен кезде бөлінген жылу қосылысты дәнекердің бөліну температурасына дейінгі температурада қыздырады.
Белгілі бір қалыңдықтағы материалдардан жасалған тез қыза қоймайтын формалары күрделі, ірі бұйымдарды қыздыру үшін жоғары жиілікті ток қолданылады (Ж. Ж. Т.)
1 – болат ұстағыш, 2 – индуктор, 3 – қатты қорытпа пленкасы, 4 – дәнекер
73 – сурет. Болат ұстағыштағы қатты қорытпа пластинкаларының индукциялық дәнекерлеуінің сұлбасы.
Дәнекерлеудің берілген тәсілі кескіштің ұстағышына (тістін сабына) қатты қорытпалардан жасалған пластинкаларды жапсыру үшін қолданылады (73-сурет).
Ұстағышты соған сәйкес формадағы индуктор арқылы қыздырып; жұқа табақ түріндегі дәнекер ұстағыш пен дәнекерленетін пластинаның арасына қойылады, ұстағышты қыздырып болғаннан кейін ол пресс астына қысылады да баяу суытылады. Дәнекерлеу кезінде қосылыстарды бақылау дәнекерленген жапсардың сыртқы түріне, оның (герметикалығы) механикалық касиеті мен құрылымсына қарау арқылы жүргізіледі. Көп мөлшердегі қосылыстарды тексеруге дәнекерленген қосылыстардың бірін жапсар бойымен ажырату арқылы және дәнекерленген қосылыстарынан үлгі ойып алу арқылы тексеру жүргізіледі.
Бұйымның конструкциясы мен міндетіне қарай дәнекерлеу жапсарын рентген сәулесімен жарықтандырады, пневматикалық және гидравликалық преспен тығыздап, виброберіктігіне қарай сынау жүргізіледі.
Рентген сәулесімен жарықтандырылғанда дәнекерленбеген жерлерді — жасырын ақауларды, кеуектікті, ұсақ жарықшакты табады. Дәнекерленген жіктердегі дефектісі бар жерді дәнекерлеу сапасын тексеру кезінде түзеуге рұхсат етіледі.
11.МЕТАЛДЫ ПІСІРУ
11.1.Пісірудің мәні, маңызы және түрлері
Металдарды өңдеуде ең көп тараған технологиялык процестердің бірі пісіру болып табылады.