Бедерлептойтару машина жасау ісінде жұмсақ болаттан, алюминий мен мыс қорытпаларынан жасалған пластикалық бөлшекдар үшін орындалатын өңдеу түріне жатады. Бедерлеу операциясы штампталған өңдеу жұмысын жеңілдету үшін суықтай соғу болып табылады. Бұл арнаулы престерде жүргізіледі.
Таптаужәнежаю бетті роликпен орындалатын өңдеуге жатады. Бұл түрдегі өңдеудің мақсаты бұйым бетіндегі кедір-бұдырларды және тойтару қабатының пайда болуын жою. Роликпен таптау кезінде сыртқы бет кемиді де, ал тегістеу кезінде бұйымдардағы тесіктердің диаметрі ұлғаяды. Роликпен өңдеу токарлы, тескішжәне басқадай білдектермен орындалады.
9.9.Шыңдалудағы ақаулар
Жүргізілген тәжірибелер шарттарының орындалуына қарағанда қысыммен өңдеуде ұсақ түйіршікті құрылымның түзілуі, түйіршіктердің өз ара байланысының артуы, қуыс және т.с.с. жойылуы сияқты қасиеттерден шыңдау сапасынын жақсаруына да әсер ететіні көрінеді. Алайда шыңдау кезінде де, кей жағдайларда, жасалған бұйымнан бірақ кетіп сапасының кемуін туғызатын кемшіліктер болатындығы байқалды. Қысыммен өңделген металдар ақауларының қатарына жататын: температұралық немесе термиялық кернеулер, ішкі ұсақ жарықшақтар, металдың жанып азаюы, металдың морттылығы, күйіңкіреп кетуі, жарылуы, түсінің қарайып кетуі, пішінінің толық болмауы т. б.
Температұралық және термиялыккернеу кейде дайындаманың бөлінуіне әкеліп соғатын шамаға жетеді, өйткені бұл жарыкшақтың болу себептерін туғызады.
Кернеу қыздырудың біркелкі болмауынан, яғни өте тез қыздырғаннан беттік қабат одан әрі жатқан қабатқа қарағанда тез ұлғаятындығынан пайда болады.
Бұл құбылыс әсіресе жылу өткізгіштігі төмен металдарға, яғни жоғары
көміртекті және легірленген болаттарға (әсіресе ірі дайындамаларда) тән нәрсе.
Жанып азаю, яғни болат дайындамалардың салмағының кемуі, металл бетінде қақтың (күйік) пайда болуымен түсіндіріледі. Қалыпты азаю деп болатты қыздыра отырып прокаттап, не соққанда кемуі 2 пайыздан аспайтынды айтады. Алайда термиялық, керік және прокат пештерінде бірнеше қайтара қыздыкенн кему мөлшері онан да асып түседі, өйткені болат бетінің температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қыздыру ұзақ болады және тотықсыздану жылдамдырақ жүреді. Әсіресе күшті тотықсыздану қатарына төмен-көміртекті және легірленген болаттар жатады.
Металдың морт сынғыштығы ұзақ уақыт әрі жоғары қыздырудың (аса қатты қыздырудың) салдарынан, металдағы ірі түйіршіктер аралығының әлсіз байланысынан болады.
Асакүйдіріпжіберу түзеуге келмейтін брак болып саналады. Күйіп кетуден металдың тек сыртқы беті ғана емес, ішкі қабаттары да, тіпті түйіршіктер аралықтарында да күйік қақтар түзіледі. Бұл металды ұзақ уақыт балқу температурасына дейін қыздыкенн болады.
Iшкісызаттанунемесежарықшақтар тотықтандыратын қабаты бар қабыршақтардың түскен (шеккен) орнында немесе қабыршақтардың уатылып сынған орнында пайда болады. Мұндай жарықшақтар кейде прокатталған бұйымның бойымен белгілі бір ұзындыққа созылып, сом темірді бірнеше қабаттарға бөліп жібереді.
Жарылу немесе бұйымныңшетіненнеортасынанжарықшақтану(жыртылу) прокаттың кезінде металдың біркелкі қысылмауынан болады.
Қараю механикалық өңдеу кезінде сом темірдің өлшемінің азаюы немесе қисаюы салдарынан өңдеу кезінде запас жеткіліксіз болған бөлшекдарда кездеседі.
Жеткіліксізфигура, яғни сом темір өлшемінін (бұрыштарының, төмпешіктерінің, жұмырланған жерлері мен қырларының) чертёж талабына сай жасалмауы.
10.МЕТАЛДАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ
10.1.Металдарды дәнекерлеу жөніндегі жалпы түсінік
Дәнекерлеу металдарды болтпен, гайкамен, шпилькамен қосқанға қарағанда бір-бірінен ажыраспайтын қосылыс процесі болып табылады.
Дәнекерлеуметалл бөлшектеріның арасына балқытылған қосымша қорытпа-дәнекер (припой) енгізу арқылы орындалады.
Дәнекерді таңдағанда мына жағдайды еске ұстаған жөн: едәуір берік қосылыс, дәнекердің балқу температурасы дәнекерленетін бөлшекдың балқу температурасынан төмен болған жағдайда ғана жүрзіледі. Бұл шартты білудегі қажет нәрсе, қосылатын беттерде болатын өз ара еріткіштік пен диффузия металл бұйымы мен дәнекер арасына да бойлай өтіп кететіндігі.
Қосылысатын бөлшекдар металына қарағанда дәнекер баяу балқитын болуы керек, өйткені бұл жағдайда бөлшек дәнекерге қарағанда ертерек балқиды.
Дәнекерге қажетті қасиеттің бірі: дәнекерленетін металл балқытылған дәнекермен жеткілікті түрде шылануы керек.
Дәнекер қосылатын бөлшектердің өлшеміне, формасына байланысты темір сым, лента, шыбық, табақ, ұнтақ, порошок және паста түрінде пайдаланылады.
Дәнекерлеу процесі:
бөлшек металының қасиетіне қарай және қосылыстардың талап етілген беттеріне қарай дәнекерді таңдап алудан;
қосылатын беттерді механикалық өңдеуге және тазалауға дайындықтан;
флюстердің көмегімен дәнекерлеу орнын қыздырғанда тотығудан қорғаудан;
әр түрлі тәсілдермен қыздыкенн;
дәнекерлеу қосылысын бақылауға алудан тұрады.
10.2. Дәнекер
Балқу температурасына байланысты дәнекерлерді, егер олар 40°С-ден аспайтын температурада балқитын болса, тезбалқитындеп, ал егер олардың балқу температурасы 400°С-ден жоғары болса, баяу балқитын деп атайды. Беріктігі жоғары баяу балқитын дәнекерді қаттыдеп, ал тез балқитындарын — жұмсақдеп атайды.