Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет10/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Жұмсақ дәнекер. Жұмсақ дәнекерлердің ішінде кең қолданылатындары — қалайы қорытпасы мен қорғасын. Бұл дәнекерлердің құрамын маркалануына қарай оңай ажыратып алуға болады.
Барлық жағдайларда маркалау ПОС әріптері мен қорытпада қалайының пайызтік мөлшерін көрсететін цифрдан тұрады.
Мәселен, ПОС90 маркасы құрамында 90% қалайы бар қалайылы-қорғасын дәнекері екендігін білдіреді. Қалғаны, яғни қорытпаның 10 пайызі қорғасын болады.
Дәнекерлеу сапасын арттыру үшін, оның құрамына сурьманың шамалы мөлшерін қосады. Кейбір маркаларда сурьма мөлшері 0,15-тен 6 пайызға дейін болады. Ал маркалауда сурьма кірмейді.
Қалайылы-қорғасың дәнекерлерінің ең көп қолданылатын маркалары мыналар:
ПОС90 — жапсардың тотығуға қарсы төзімділігі қажет болғанда (мысалы, ас қазандары мен ыдыстарының және медициналық аппараттарының ішкі жапсарларын дәнекерлегенде);
ПОС61 — 200°С-ден жоғары қызбайтын бөлшектерді дәнекерлеу үшін;
ПОС50 — дәнекердің жоғары аққыштығы қажет болса;
ПОС40 және ПОСЗО— болатты, мырышпен қапталған темірді, мысты, жезді, электр және радио аппаратОраларының бөлшектерін дәнекерлеу үшін;
ПОС4 және ПОС6 — сәйкес келмейтін бөлшектерді дәнекерлеу үшін;
Қалайылы қорғасын дәнекерлерінің құрамына байланысты бал­қу температурасы — 183-ден 277°С-ге дейін болады.
ПОС61 маркалы қорытпаның ең төменгі балқу температурасы 183°С;
Қалайылы-қорғасын дәнекерлерімен дәнекерлегенде жапсар беріктігінің шегі δв = 6 кГ/мм2-ден [60 Мн/н2] артпайды.
Электротехникада, радиотехникада, полиграфияда және басқадай өндіріс салаларында дәнекерлеу үшін балқу. температурасы аса жоғары болмайтын дәнекер алынады.
Мұндай тез балқығыш дәнекер висмуттың, кадмийдің, сынаптың, сурьманың қалайылы-қорғасын қорытпасымен үйлеседі. Мұндай дәнекерлердің мысалына құрамы мынадай қорытпаларды алуға бо­лады:
19% қалайыдан, 17% қорғасыннан, 53,5% висмуттан және 10,5% сынаптан алынған дәнекерлер; (балқу температурасы 60°С).
12,5% қалайыдан, 25% қорғасыннан, 50% висмуттан және 12,5% кадмийден тұратын дәнекер (балқу температуарсы 68°С);
10,5% қалайыдан, 27,5% қорғасыннан, 27,5% висмуттан және 34,5% кадмийден құралған дәнекер (балқу температурасы 75°С).
20% қалайыдан, 30% қорғасыннан және 50% висмуттан туратын дәнекер (балқу температурасы 92°С);
14,5 қалайыдан, 25,8% қорғасыннан 48% висмуттан және 9% сурьмадан тұратын дәнекер (балқу температурасы 105°С).
Осы жоғарыда аталған дәнекерлермен жасалған жапсарлар беріктігі қалайылы-қорғасын дәнекерлерімен салыстырғанда анағұрлым аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет