Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет5/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Қолмен соғу. Соғу операцияларына созу, отырғызу, ию, тесу, кесу, бұрау, сығу, шеңбер бойлай соғу, тегістеу жатады. Соғу операцияларының түрлері 109-суретте көрсетілген.
Созу (59, а-сурет) соғылатын дайындама енінің жіңішкеру есебінен ұзындығы артатын операция болып табылады. Ме­талды созу үшін дайындаманың көлденеңінен балғаның қырлы жағымен ойықтар жүргізіледі, содан кейін шығыңқы қырлар балғаның жалпақ жағымен ұрып тегістеледі. Соғудың осы тәсілінде металл көлденеңінен жайыла ұзарады.
Отырғызу (59, б-сурет), соғылатын дайындаманың ұзындығының кемуі есебінен көлденең қимасының артуы, яғни созуға керісінше операция болып табылады.
Сындырып түсірудің отырғызудан айырмашылығы сол, мұнда дайындаманың көлденең қимасының өсуі оның ұзына бойы­мен емес белгілі бір бөлігінде болады.
Ию машина бөлшектеріна да, сондай-ақ көпшілік қолды тұтынатын заттарға (таға, тұтқа т. б.) кең қолданылады.
Тесу (59, г-сурет) немесе тесікті жасау тескіш құрал немесе шапқымен орындалады. Егер жұқа металлы тесу қажет болса, үшкірлеу жасалған шапқы қолданылады. Көлденең қимасы қалың дайындамаларды тесу үшін алдымен тесу құралымен оның бір жа­ры соғылады, сонан кейін аударып қойып, қарама қарсы соғады. Қажет етілген тесіктің диаметрін алу үшін де осындай арнаулы тескіш құралдардың көмегімен орындалады.
Кесу қажетті өлшемдегі металл кесектерін өңдеуге дайындау үшін немесе соғылғаннан кейін дайындаманың артығын алып тастау үшін қолданылады.
Бұрау (59, д-сурет) бір ұшы қысқышка ұстатылған дайындаманың екінші ұшынан ұстап тұрып өз осінен өзін айландырумен орындалатын операцияны айтады.
Қысумен дөңгелету (59, е-сурет) дайындамаға қысатын құралдың формасындай форма беруді айтады.
Тегістеу бұйымға бір тегіс бет беретін операция түрін ай­тады.
Қолмен соғу аспаптарына (60-сурет) —төс темір, әр түрлі салмағы бар балғалар, тегістегіш, қысқыш, кертешті, ұста құралдары, ойықтар, тістеуіштер жатады.
Қолмен соғуда төс темірді соғуға қарсы тұрарлық қабілеті бар болаттан жасайды. Төс темірдің бір жағы металды ию үшін мәселен, сақина жасау үшін шығыңқы, үшкір етіп жасалады.
Төстің бетіндегі тесік, құралдарды орнатуға және дайындамаларға тесік жасау қажет болған жағдайларда қолданылады. Салмағы 1,5 килограмға (15 н) дейінгі балғалар қол балғасы ұсақ бұйымдарды соғып өңдеу үшін қолданылады. Ал салмағы 2 килограмнан 10 килограмға (20—100н) дейінгі ұста балғалары деп аталатын ауыр балғалар ірі бұйымдарды соғу үшін қолданылады.
Тегістегіштер жазық беттерді тегістеу үшін қолданылады.
Қысқыштар дайындамаларға дөңгелек, квадрат немесе басқадай форма береді.



а – тегістеткіш, б – қысқыш, в – кескіш,
г – тескіш, д – төс темір, е – тістеуік
60 – сурет. Қолмен соғуға арналғанаспаптар


Кескіштер металды кесектеп бөледі. Тескіштер сом темірде тесік жасау үшін қолданылады.
Тістеуіштер қызған дайындаманы ұстап және айналдырып өңдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет