Пісіру түрлері. Пісіріп қосудың негізгі түрлері мен тәсілдері 18-кестеда берілген. Сұлбадан пісірудің негізгі түрлері-металды қатты күйінде деформациялау арқылы қысыммен пісіру, ал қосылатын жапсарды электр тогының, жанғыш газдың немесе химиялык реакцияның жылуы көмегімен болатын балқытыппісіру екендігі көрсетілген. Тұткырлығы жоғары металдарды пластикалық пісіруде қалыпты температурада қыздырудың көмегінсіз, қысыммен ғана пісіріледі. Ал тұтқырлығы аз металдарды пластикалық күйге жеткенше алдын ала қыздырады. Пісіру түрлерін таңдап аларда алдымен металдың пісірілгіштігі, яғни оның берік қосылыс түзей алатын қабілеті ескеріледі.
а, б – жиектерін қисатпай түйістіру, в – жиектерін V әрпі тәрізді қисайтып түйістіру, г – жиектерін Х тәрізді қисайтып түйістіру, д, е - жиектерін Ү әрпі тәрізді қисайтып түйістіру, ж, з – таврлы әдіспен қисатпай түйістіру, и – бұрыштық қосу, к – айқастыру арқылы электрмен тойтару (электрозаклепка), м, н – ойып пісіру, о – жиектерін қаусыру
74 – сурет. Доғалық пісірумен орындалатын пісіру жапсарлары мен қосылыстарының түрлері.
Металдың пісірілігіштігі олардың химиялық құрамы мен физикалық қасиетіне байланысты болады. Өз ара балқығыштығы жақсы, жылу өткізгіштігі жоғары, аз отырылатын және сызықтык ұлғаю коэффициенті аз металдар жақсы пісіріледі.
Шойынның пластикалық қасиеті төмен болғандықтан оны пісіру жапсарын балқыта отырып пісіреді. Құрамында көміртегі аз болатын болаттар (С<0,25%) кез келген әдіспен жақсы пісіріле береді. Болатта көміртегінің мөлшері көбейген сайын (0,3 пайыздан астам) болаттың пісірілу қабілеті кеми бастайды, өйткені жапсар аймағында шынықтыру жарықшактарының пайда болуына бейімділік туа бастайды.
Фосфор мен күкірттің болуы пісіру жігінін беріктігін кемітіп, морт сынғыштығын арттырады. Болатта олардын тым аз болғаны жөн.
Пісіру жапсарының беріктігін металл жапсарын марганец, кремний және басқа элементтермен легірлеу арқылы арттыруғаболады. Құрамында 0,7 пайызға дейін марганец бар болаттың пісірілгіштігін арттырады, ал кремний қышқылдандырғыш болғандықтан болат құрамына оның 0,25 пайызға дейінгі мөлшері ғана қосылады.
Легірленген болатты пісіргенде қосылу беріктігі оның жылу өткізгіштігінің жоғары болмау салдарынан кемиді: Жоғарғы температура тек қыздырылған орынға шоғырланады, бұл кернеудің болуын туғызады, ал кейде жарықшақтың пайда болуына әкеліп соғады. Пісіру жапсар беріктігінің нашар болуы, сондай-ақ легірленген болаттың қызғаннан кейін ауада салқындатқанда шынықтырылу қабілетінен пайда болуы мүмкін.
Сондықтан легірленген болаттарды пісіруде осы құбылыстарды болдырмас үшін бұйымды пісіру алдында пісіру режимін қатал орындау қажет және бұйымды пісіруден кейін термиялық өңдеуден өткізу қажет.
Пісіру қосылыстары түрліше болады. Доғалық пісіру кезінде жіктер мен жапсарлардың негізгі типтері 75-суретте көрсетілген.
Пісірілетін бұйымда жапсардың орналасуына қарай жапсарлар төменгі, горизонталь, вертикаль және төбелік болып бөлінеді, әсіресе төбелік жапсардың пісірілуі қиын болады.