Лекция конспектісі 6В01403-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы үшін



бет13/14
Дата13.09.2024
өлшемі230,5 Kb.
#204297
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері ЛЕКЦИЯ

Киіз үй жиһаздары


Сабақтың тақырыбы : Киіз үй жиһаздары
Сабақтың мақсаты : киіз үй жиһаздары туралы мәлімет беру және олардың суретін
Білімділігі: киіз үй жиһаздары туралы түсінік беру,киіз үй жиһаздарының маңыздылығын және ерекшелігін түсіндіру.
Тәрбиелігі : ұқыптылыққа, әсемдікке және ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуге
Дамытушылығы : оқушылардың ой –өрісін,байқағыштық қабілеттерін, дүниетанымын шығармашылық бағытта дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі : түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қорыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ .
Пәнаралық байланыс :әдебиет ,тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
б) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау
1. Қазақ халқының қолөнер бұйымдарын атаңдар
2. Зергерлік бұйымдарға нелер жатады?
Оқушылырды үш топқа бөлу
І топ Әбдіре
ІІ топ Асадал
ІІ топ Адалбақан
Жаңа сабақ . Киіз үй – қазақтың тұрағы, құтты мекені,баспанасы ғана емес,ол сәулет құрылыс,сурет қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып,мақтан тұтатын өнер туындысы.
Киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне 3000 жыл уақыт өтті. Оның «Киіз үй» аталуының себебі сырты киізден,ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардың барлығы киізден жасалған
Қазақ халқы ертеде киіз үйде тұрған. Сондықтан үй мүліктері мен жиһаздары ұлттық қолөнер дәстүрі бойынша көшпелі тұрмысқа лайықталып жасалған. Түрлі материалдардан әзірленетін үй бұйымдары киіз үй кеңістігімен жараса үйлескен. Оларда халықтың сан ғасырлық бай тәжірибелері көрініс тапқан. Үй жиһаздары көп орын алмайтындай және көші-қон кезінде алып жүруге қолайлы болатындай етіп жасалған.
Үй жиһаздары – сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал, ағаш төсек, қол сандық, шай сандық, қобдишалар, төсеніш бұйымдары – кілем, текемет, алаша, сырмақ, құрақ көрпе, жер жастық және заттар мен ыдыс-аяқтарды сақтап, тасымалдайтын бұйымдар – керме, кесеқап, аяққап, қоржын сияқты дүниелерден тұрады.
Үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымдардың бірі – сандық. Ол киім-кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттарды салып сақтауға арналған. Сандықтың бетін былғарымен қаптап, құйма күміспен әшекейлейді. Түгел былғарымен қапталғанды жағлан (шабадан - чемодан) деп атайды. Сондай-ақ сандықтың бет жағына жұқа мыс қаңылтыр, жез қаңылтырларды шаршылап, керегеге көздеп қадау арқылы әшекейлеу де кең тараған. Әрбір үйде 2-4 сандық болады.
Әбдіре (абдыра) – үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын, көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі. Көтеруге ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.
Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті кебеже деп атайды. Көші-қонда түйеге арту үшін төрт бұрышына қайыс өткізетін тесігі бар құлақ жасалған. Төрт құлақ кебеженің астына жүкаяқ қойылмайды. Қақпақтарын оймыштап, бедерлеп әшекейлейді. Бір үйде 3-5 кебежеге дейін болған.
Асадал– ыдыс-аяқ және азық-түлік сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі. Ол кебеже, сандықтарға қарағанда биік болып келеді. Екі немесе үш қабат сөрелеріне күмістелген, сүйектелген қақпақтар орнатылған.

Жүкаяқ – буылған тең, қатталған, бүктелген сырмақ, көрпе-жастық, кебеже, сандық сияқты заттарды қою үшін пайдаланылатын жиһаз. Асты қуыс болатындықтан үнемі жел кеулеп, жүктің асты дым тартып, көгермейді. Оны да алуан түрлі өрнектермен әшекейлеген.
Үйге сән беретін тұтыну бұйымдарының бірі — ағаш төсек. Қазақтарда төсектің негізгі үш түрі сақталған. Біріншісі – екі басы қайқылау келген сүйеніш тақтайы бар төрт сирақтысы. Екіншісі – екі басы қайқылау келетін алты, сегіз сирақтысы. Соңғысы – екі басы тік келген төрт сирақты кереует. Төсек бастарының қайқы болуы – жатқан адамның аяғы мен басы денесінен сәл биік келіп, демалғанда қан айналысы жақсы болатынын қазақтар баяғы заманда-ақ ескерген. Ол сондай-ақ, ажыратылып және құрастырылатындықтан көшкенде түйеге артуға өте қолайлы. Ағаш төсектерге салынатын қиюланған және оюланған төсек сырмақтар, тұсына қойылатын адалбақан, ілінетін тұскиіз, тоқылған, кестеленген төсек жапқыш, төсекаяқ, кермелері керемет жарасып, үйдің сәні мен ажарын аша түсетін болған..
Адалбақан - киім т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды. Енді сол бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды.Сәнді болу үшін оның сыртын бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршікбас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.
Практикалық жұмыс .
Әр топ өзінің атаулары бойынша сурет салады.
Сергіту сәті .
Сөзжұмбақ шешу
К
И
І
З
Ү
Й

1. Ас тағам , ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлік ( кебеже)
2. Қарындашпен, тушьпен орындалған көркем шығарма ( графика)
3. Үй бұйымдары мен ұсақ –түйек заттарды сақтайтын сандық түрі ( әбдіре)
4. Кез келген бұйымның заман талабына сай жаңа үлгісін жасау ( дизайн)
5. Буылған тең, көрпе жастық,кебеже,сандық сияқты заттарды қою үшін пайдаланатын жиһаз ( жүкаяқ)
6. Табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма ( пейзаж)
Сабақты қорытындылау .
1. Үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын, көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі.
2. Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті не деп атайды?
3. Ыдыс-аяқ және азық-түлік сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі.
Бағалау .
Үйге тапсырма беру. суретті түрлі – түсті бояулармен бояп аяқтап келу.
14 тақырып
Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі (теория)

Мақсаты: Білімділік: )атты ағаш үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу;


Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке бөлшектері: шаңырақ, уық, кереге т.б
Абдыра
Абдыра — үйжиһазы, сандықтың үлкен түрі. Тақтайдан жасап, алдыңғы бетін. Өрнектеп, сырлайды. Орталық Азия халықтары кеңінен қолданады. Аталуы — көне түркі қаңылтырмен қаптайды. Қақпағы және қиюласқан жіктері қаңылтыр қиықтарымен торланады тіліндегі "абыд" (жасыру) деген сөзден шыққан. Оның көлемі әр түрлі болады. Абдыраны мықты әрі жеңіл ағаштың тегістеп жонылған тақтайынан қиюластырып жасайды. Абдыра бір түсті сырмен боялып, кейбірінің алдыңғы беті сәнді болу үшін түрлі өрнектермен әшекейленген жұқа қаңылтырмен қапталады. Қозғауға ыңғайлы болу үшін абдырадың екі бүйіріне қос-қос тан төрт тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.[2]
Адалбақан — киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапанқайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.
Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде цәндеп көрпе-төсек те жиналады.[3]
Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік. Екі әдіспен тоқылады.
• Бірі — түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақтап тоқу.
• Екіншісі — әр түсті бой жіптерді санап отырып, теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру.
Алғашқысын қақпа Алаша деп, соңғысын терме Алаша деп, кейде кілем Алаша деп те атайды. Алашадан төсеніш, тұс кілем, қоржындар жасайды. Алаша — қазақ тұрмысында ең жиі қолданылатын мүлік.
'Асадал '– тамақ, ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы. Кебеженің сирақты түрі. Үстіңгі бөлігі қақпақталып, бетіне түрлі нақыштар салынады, сүйекпен, қаңылтырмен, әр түрлі тастармен безендіріледі.
Бөстек– құлын, бөкен, елік, ешкінің иленген терісінен жасалатын жұмсақ төсеніш, көне түркі тіліндегі “посты” (тері) сөзінен шыққан. Бөстекті құлын, бөкен, елік, ешкі терісінен іш жағына қара бидайдың ұны мен кебегіне айран қосып жасаған ерітінді жағып, бірнеше күн жылы жерде ұстайды. Содан кейін сіңген теріні кергілеп, уқалап жұмсартады да, қатты сүйекпен не қайрақ таспен сүргілеп барқыт, шұға сияқты матамен көмкере астарлап пайдаланады, көбіне иленген қалпында да төсене береді. Бөстекті төрге не қарттар отыратын орынға төсейді.
[
Дастарқан— ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "Асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әр түрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады.[4], 
Жүкаяқ– дәстүрлі қазаққоғамында қолданылған, сандықтың астына қойылатын жиһаз. Ағаштан жасалады, төрт аяғы болады. Жүқаяқтың беті металмен қапталып, әр түрлі өрнектермен әшекейленген.
Киіз, кигіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған.
Ноин-улин мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді. Киізден сырт киім, байпақ (аяқ киім) тіккен, оны тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмыс-тіршілікке қажет заттарды тігуге де қолданған. Халық шеберлері қазіргі кездің өзінде киізден қоржындар мен дорбалар жасайды.
Ақшаңқан киіз ақ қойдың жүнінен басылады. Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет, сырмақ жасалады. Басылатын жүннің мөлшерін, жарамдылығын айыра алатын, шабақтау мен тартуға шебер адамды киізші дейді. Киіз қазір фабрикаларда арнаулы станокпен басылады.
Киіз - жүн және түкті тері қалдықттарын илеу арқылы немесе минералды мақтаға тұтқыр материал қосып, жылумен өңдеп, қалыптау тәсілімен жасалған аралық төсем, тығыздау арқылы дыбыс пен жылуды оқшаулау үшін пайдаланылатын зат.
Сабақты қортындылау:
Бағалау:
Үй тапсырмасы

15 тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет