мұндағы Х – полимерлердің үлесі
Р – айналу тереңдігі
n– полимерлену дәрежесі
Үш өлшемді поликонденсацияның ерекшелігі
Екіден көп функционалды топтардың санымен бір немесе бірнеше қосылыстардың қатысында поликонденсацияны жүргізу кезінде реакция тармақтылардың түзілуімен жүреді, шекті жағдайда – тігілген полимерлер. Полимерлік бір "шексіз үлкен" үш өлшемді молекулаға қосылуы көлденең байланыстардың көмегімен – тігілуімен жүреді.
Мұндай торлы бөліктердің түзілуі поликонденсация басталғаннан кейінгі белгілі бір уақытта реакциялық қоспаның екі бөлікке: ерімейтін гель және еритін гель бөлінуі жүретіні сырттай көрінеді. Бұл мезет гель түзілу нүктесі, ал оған жауапты Р мәні реакция аяқталуының критикалық дәрежесі (РКР) деп аталады. Гель жеке тізбектері өзара еріткіш бір-бірінен айыра алмайтындай етіп химиялық берік байланысқан бірыңғай макромолекулалық тор болып келеді. Ол еріткіште ерімейді, полимердің деструкциясын туындатпайды. Гель түзілу нүктесіне жеткеннен кейін золь мөлшері гельге өтуі нәтижесінде тез азаяды. Нәтижесінде тұтқыр реакциялық масса алдымен созылымды материалға, содан соң қатты балқымайтын және ерімейтін өнімге айналады. Мұнда молекула аралық процестермен қатар бір торлы макромолекуланың функционалдық топтарының арасында реакция жүруі мүмкін.
Тәжірибелік гель түзілу нүктесін реакциялық қоспаның аққыштығын жоғалту уақыты ретінде анықтайды және гель түзілу нүктесінен кейінгі кезең қатаю деп аталады. Гель түзілу мен реакция аяқталуының дәрежесінің арасындағы байланыс Карозерстың негізгі теңдігінде келтірілген.
,
мұндағы Р –поликонденсация реакциясының аяқталуының дәрежесі;
f ср - жүйенің орташа функционалдылығы;
n – полимерлену дәрежесі.
Поликонденсацияны жүргізу тәсілдері
Поликонденсация және сополиконденсация процестерін егер мономер мен полимер полимердің балқу температурасында жеткілікті тұрақты болса балқымада; ерітіндіде; қатты фазада; сондай-ақ екі фазалардың (араласпайтын сұйықтықтардың, сұйық – қатты зат т.с.с.) бөліну бетінде және эмульсияда жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |