Айқас тігіс (шыралжың).
Инемен тігілетін кестенің көп тараған түрі.
Өрнек инемен біркелкі төрт бұрышты
етіп, бір жіптің үстіне екінші жіпті крест
түрінде айқастырып бастырып отырады.
Маржандап, моншақтап кестелеу. Әйелдердің бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба, камзолдар және сән-салтанатты киімдерді ғана маржандап, моншақтап кестеленеді.
Қазақтар маталарды сауда-саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Стамбул т.б. жақтардан Қазақстан жері арқылы өткен көне «Жібек жолы» арқылы әкелген. Орта Азиямен, Қытаймен сауда – саттық жасаудың нәтижесінде жүн, мата, мақта маталарын үзбей айырбас жасап алып тұрған. Көшпелі қазақ ауылдары бірнеше ғасыр бойы Орта және Орталық Азия немесе Еділ бойы қалаларына барып сауда саттық жасаған. Осы алыс берістің нәтижесінде осы елдерден маталармен бірге кестенің кейбір түрлері де қазақ жеріне енген.
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.
Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды.
2. Жалпақ түйін тігіс. Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлерінің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін кебінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.
Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.
Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы онеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды.
Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жүқа киімдерді тігеді.
Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материал-дарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3—4 см, ұзындығы — 30—40 см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпаңтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.
Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.
Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.
«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.
Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.
Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз-өзіне кіріге жұмырланып түседі.
Бақылау сұрақтары:
Кестенің қанша түрі бар.
Кесте тігуге қандай мата түрлері қолданылады.
Қазақ халқында ең көп тараған кесте түрінің даму тарихы.
Баспа кесте түрінің тігілу технологииясы.
Біз кесте қай халық арасында ең көп тараған.
4- лекция. Тақырыбы: Жібек таспамен кестелеу технологиясы.
Жоспар
“Түйіндер” тігісі.
Гүлдің күлтесі тігісі.
Лекция мақсаты:
1.Жібек таспамен кестелеудің технологиясын,әдісін,шығармашылықпен кестелеу үлгілерін қолдануды үйрету.
3.Лекция мәтіні (қысқаша) 1“Түйіндер” тігісі.
Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше кезге түсетін түрлерінің бірі жібек таспамен кестелеп тігу. Жібек таспамен тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Жібек таспамен тігу әдісімен алма, жүзім, Бұлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей Бұлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған Бұлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген Бұлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімғі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып қүлпырып түрады. Кейде Бұлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті, ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.
Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып, тігуді маржандап кестелеу дейді. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киім мен сән-салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана киілетін, сондай-ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер қолданылмайды. Себебі оңдай заттардағы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.
«Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды-қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі төқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең өрай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс өдістерінің түрлері қолданылады.
Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз босаралық қалмайды.
Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі.
Тепшу де ең көп қолданылатын тігістің бірі. Мұны киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың бүгістерін тігуде қолданады. Тепшуді материалдың қалың-жұқалығына, ширақтылығына қарай инемен 3—4 рет түйреп алып бірақ тартады.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.
«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.
Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерінің көрдік.
2.Гүлдің күлтесі тігісі. Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы
«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын. Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар. Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының
Өрмек тоқу.Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым
Өрмек өрісінің қазықтары; Күзеу шыбығы – қабатталған шиден. Түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;
Адарғы – екі жақ шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл
Есепші немесе кергіш сабау, оны «сару ағаш», «беру жіп»
Қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жағын
Арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар
Арқалық – 1-1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі
Көтерме немесе мосы – басы біріктірілген 3 ағаштан тұрады;
Екі басын тұяқтап байлататын бақылау жіп (бөлік жіп);
Өрмек жіптер. өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын
Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі. Оның
Екіншісі – күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі
Арқау – бұл ерсі мен қарсы жіптердің арасында көлденең
Күзу – бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр
Өрмек жібінің өрісін (ұзындығы) өлшеп, оның неше метр немесе
Өрмек құрушы шеберлердің көз мөлшері, көңіл есебі күшті келеді.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да,
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру
«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суарып тастап өрістегі жіпті Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді Түкті кілем. Ою-өрнегі, тоқылу сапасына, бояуның түріне, тұрмыста қолдануына «Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік Енді осы өнердің ел арасында дамыған түрі-түкті кілем тоқудың Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек Әрі қарай сіңген жіпті салқын сумен 2-3 қайтара шайып, Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ Көлемі 4,20х2,30 метр болатын кілем арқауына 4 кг, желі
Күзу байлау өте-мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштан ұзындығы
Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі Желі жібі өте мықты болады, өздігінен үзілмейді. Дегенмен әлдеқалай Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырылады. Түк шалуда Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті
Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл (қос шатыргүл немесе жеке
Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 сантиметр мөлшерінде сақталады. Ал, Дайын болған кілемді екі адам екі шетінен (енінең) қарама-қарсы Қырқылған кілем қағып-сілкіледі. Шаңтозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі. Кілем жабдықтары: Кілемді жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Адарғы тарақ – кілемнің өрнегіне келтіріліп шалынған түсті жіптерді, Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің
Кесермен пышақ – кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып Ұстараны ұзынынан иіп, ортасынан сындырып, бір бөлігін әлгі қаңылтырдың Қайшы – кілем түгін тегістеп қиюға пайланылатын жабдық.
Бақылау сұрақтары:
1. Жібек таспамен кестелеу технологиясы.
2. Кестенің қанша түрі бар?
3. Алтындап, күмістеп тігу қандай бұйымдарға тән?
5- лекция. Тақырыбы: Қазақ халқында жүнді пайдалану ерекшеліктері.
Жоспар
Қазақ халқының мал шаруашылығы.
Қой жүні және одан жасалынатын бұйымдар.
Лекция мақсаты: Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуға ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Қазақ халқының мал шаруашылығы.
Тері мен жүн шетелде өте жоғары бағаланса да Қазақстанда бұлардың өндірілуіне енді ғана мән бере бастады.
Ауыл шаруашылығы саласының жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсуде. Шаруа қожалықтарында да, жеке меншікте де төрт түліктің басы көбейіп келеді. Малдан өндірілетін ет пен сүт өнімдері де соңғы кезде екі есе артқан. Ал қазір мал басы құнды, ет қымбаттады десек те, жүнді қабылдайтын орын жоқ. Семейде киіз және киіз өнімдерін шығаратын «Роза» ЖШС-і бар. Бірақ бұл кәсіпорын облыс бойынша бір-екі ауданның ғана шаруашылықтарының жүнін қабылдай алады. Теріге келсек, бұны қаладағы «Семей тері-былғары зауыты» ЖШС-і қабылдайды. Бұрындары ауылдардан жеткен терілер тұздалмаған, қалай болса солай келетіндіктен қабылданбай қалады екен. Енді бұл олқылықтың орны толып, зауыт облыстың аудандары үшін бір жыл бойы үздіксіз тері қабылдайтын қойма ашып қоймақшы. Бұған жергілікті халықтан жұмысшылар тартылады. Жұмысшылардың терінің сапасына мән беріп, талғай алатын, мал өнімдерімен жұмыс жасай білетін сауаты болу керек. Ауылдан келетін адамдар әкелген терілерін осында өздері саудалай алатын болады.
Қазір ветеринария, зоотехника ғылымдарының дамыған уақыты. Шаруашылық иесі өзінің ірі қараларын оқыраға қарсы ектіріп алса өте жақсы. Бұндай малдың терісімен қоса сүті мен етінің де сапасы артары сөзсіз. Қожалық иелері осындай мәселелерді ескергендері дұрыс, - дейді Ж. Рахымғалиев.
Қазір шетелдерде тері өңдеу технологиясы өте жоғары дамыған. Базарлар мен дүкендердегі Түркия тондары сұранысқа ие. Шетелдік кәсіпкерлер шикізатты арзан бағаға сұрайды. Тері мен жүнді жерге тастай алмаған халық шикізатты арзан бағаға өткізе салуға мәжбүр. Сиыр терісінің килограмы 500 теңгеден өтті делік. Одан көрші елдің кәсіпкерлері 5-6 аяқ киім жасап, әрқайсысын өзімізге 8-10 есе қымбатқа сатады. Сөйтіп шетелдіктер шикізатты бізден өте арзан бағаға сатып алып, өздерінің экономикасын жандандыруда. Шығыс Қазақстан облысы да бұндай ауқымды мәселелерден сырт қалмақ емес. Осы орайда Семей тері-былғары зауытының алдына қойып отырған жоспарлары өте үлкен. Ең бірінші, жоғарыда айтып өткеніміздей тері қабылдайтын қойма ашылуы тиіс. Ол үшін «Семей тері-былғары зауыты» ЖШС-нің жанынан мал терісін түбегейлі өңдейтін жаңадан тағы бір кешенді зауыт құрылысы басталған. Болашақта бәсекелестікке төтеп бере алатын сапалы тондар, аяқ киімдер, тері бұйымдарын әзірлеп, сатылымға шығару жолға қойылады. «Қазақстан Даму банкі» қаржыландырылатын жобаға 56 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Жобаны жүзеге асыру өткен жылы басталғандықтан қазір қаражаттың 50 пайызы игеріліп, өз мақсатына жұмсалған. Бірінші кезеңі биыл жазда толығымен аяқталып, құрылыс жұмыстары бітуі тиіс. Яғни ірі қара терісін өңдейтін зауыт жаз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазақ халқының түрмыс-тіршілігінде малдың етін, сүтін азық етсе, і мен жүнін киім-кешек тігуге, түяғы мен мүйізінен, сүйегінен эртүрлі қол бүйымдарын эзірлеген.
Төрт түлік малдың терісі өте қымбат шикізат. Соның ішінде ірі қараның те сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бүзау терісі деп төртке бөліп атаған.
Жылқы терісін - бие терісі, жабағы жэне қүлын терісі деп үшке бөледі. терілерін атан терісі, бота терісі дейді.
Мал терілері негізінде жондық, қабырғалық, үйектік, пүшпак мойын, та деген бөліктерге бөлінеді.Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, т тері, тоқтышақ терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбысқа деп бөледі.
Жабағы - қой-ешкінің сәуір, мамыр айларындағы жабағы жүні, қопсыл қалың түбітті терісі.
Қырықпа - жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі.
Күздік тері - қазан, қараша айларында сойылған малдың өңі қалың тері:Бұл теріден тон, шалбар, ішік, бөрік тігуге болады.
Соғым терісі - жүндес, қыртысы қалың мықты терілер. Олардан киімнің барлық түрлерін тігуге болады. Қой жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері шақай сияқты біршама түтас тері киімдерін тіге білді.
Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған.
Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп мәнерлеу, жүн иіру, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әй
2.Қой жүні және одан жасалынатын бұйымдар. Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. елдер үшін ерекше өнер санаған.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау
. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Бақылау сұрақтары:
Жүннен жасалатын бұйымдар түрлерін атап бер?
Соғым терісі дегеніміз не?
Жабағы деп нені атаймыз?
6- лекция. Тақырыбы: Жүннен жасалған бұйымдар технологиясы.
Жоспар
1.Қазақ халқының мал шаруашылығы.
2.Қой жүні және одан жасалатын бұйымдар.
Лекция мақсаты: Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуға ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Қазақ халқының мал шаруашылығы. Жүн және одан жасалатын заттар Жүн және одан жасалатын заттар. Сырмақ жасау. Сырмақтың түрлері. Сырмақты оюлау.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын.
Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді «өлі жүн» деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді «шет-пұшпақ жүн» деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.
Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.
Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқьіған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны «өте асығыс» деген белгіні білдірген. Осыдан келіп хан мен хандар арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны «үкілі почта» деп атаған.
Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мысалы, ерте кезде бақсы, молдалар, хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыңңа үкі қадау ғұрпының бір жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған.Үкіні ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін —ұлпа, ал бауыр жүнін— қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні көбінесе ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз-келіншектер дүниесіне кебінесе ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Жүн сабау, киіз басу, текемет басу, сырмақ жасау жұмыстары жастардың бас қосып ойын-сауықпен көңілді отетін. Жұмыстары болған сон жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
2.Қой жүні және одан жасалатын бұйымдар. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. үр салу – шүйкеленген жүннен немесе арнайы дайындалған талдырмадан киіздің бетіне ою, өрнек басу. Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады: 1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу. Түр ойыстырып салу – талдырмадан қиып алған оюды шабақталған жүннің немесе талдырманың үстіне салып, ыстық су шашып, әрі қарай киізше басу. Шүйкелеп түр салу – киіз бетіне ою-өрнек ретінде салынатын боялған немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ (талдырма жасамай) сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» сыру сөзіне «арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі», ал сыры атауына «жиі етіп бастырып тігу» деген анықтама беріледі (8-том, 1985. 507 б.). Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау технологиясынан алынған.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.
Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды.
Бақылау сұрақтары:
1.Жүннен жасалатын бұйымдар түрлерін атап бер?
2. Киізді басу технологиясы қандай?
3. Шүйкелеп түр салу дегеніміз не?
7-лекция. Тақырыбы: Текемет басудың шығу тарихы.
Жоспар
Текемет, киіз басуға арналған жүнді алғашқы өңдеу технологиясы.
Ши тарту .
Лекция мақсаты: Текемет басудың ұлттық дәстүрде алатын орны, шығу тарихмен танысу.
3Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Текемет, киіз басуға арналған жүнді алғашқы өңдеу технологиясы.
Текемет қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды.. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба – белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Мәселен, ашамай +, х белгі, күн бейнесі, т.б. айналдыра сыру тәсілі қолданылды. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады.
Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік қасиетін көне заманнан бері кеңінен қолданғанын Пазырық (б.д.д.V ғ.) қорғанынан табылған дүниелер айғақтайды.
Археологиялық материалдарға сүйене отырып, адамзат тарихында Пазырыққа дейінгі аралықта киіз басу өнерінің кәсіби қалыптасып, дамығанына көз жеткіземіз, оларды көркемдік шешімі жоғары өнер туындысы ретінде қабылдаймыз.
Жүннен әртүрлі киіз басып, киіз үйге туырлық, үзік, түңлік, дөдеге және тұрмысқа қажетті еденге төсейтін текемет, сырмақтар, тұсқа ілінетін тұскиіздер мен қап түрлерін жасаған. Киізден жасаған бұйымдар қазіргі заманда халықтың генетикалық мәдени қарым-қатынасындағы байланысты көрсететін дерек ретінде қабылданады. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы қорында сақтаулы 267 киізден жасалынған бұйымдар – қайталанбас өнер туындысы ғана емес, әлі сыры ашылмаған, толығынан зерттелмеген асыл мұра.
Киізден жасаған бұйымдар 1970-1980 жылдары жан-жақты жүргізілген экспедициялық жұмыстар кезінде молынан толықтырылды.
Әрине, киізден жасалған бұйымдардың ішінде өзінің қанық, ашық түсімен оюлы текеметтер ерекше көз тартады. Мұражай қорындағы текеметтер топтамасы қазақ халқының ертеден келе жатқан киіз басу тәсілінің бар сырын кеңінен меңгеріп, текемет басудағы көркемдік қасиетін толығынан аша білгенін дәлелдейді.
Жалпы алғанда киіз басу барлық жерде бір тәсілмен орындалады. Киіз басуға арналған ши бетіне бірыңғай түсті жүн қалың етіп тартылып, басқа түске боялған жүннен ою түседі. Сонан соң бетіне ыстық су себіліп, шиге еппен оралады да, әрі-бері домалатып теуіп, нығыздалады. Бұдан әрі киіз әбден «піскенше» бірнеше тәсіл қолданылып, толық біткен кезде текеметті жарқыратып күнге жайып қояды. Киіз бетіне ою жүргізетін шебер ел арасында аса құрметке ие. Текеметті бір күн ішінде басып бітеді. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болады да, жергілікті көркемдік ерекшіліктері анық көрініп тұрады.
Басқаға ұқсамайтын ою салу тәсілімен Шығыс Қазақстан текеметтері бірден көзге түседі. Шығыс Қазақстан жерінде тәжірибелі шебердің қолынан шыққан текемет бетіне ою бірыңғай жүйелі түрде жіңішке сужиекпен шілтерленіп түсіп, өз шешімін табады.
Сондай жұмыстардың бірі – Семей облысындағы Сәулебекова Қарлығаның туындысы (35-кз). Жалпы оюдың сары түсі текемет бетінің қоңырқай түсімен өте жылы үндестік тауып, үйлесіп жатса, қызыл түсті шаршының жіңішке жолақтары көтеріңкі көңіл лебін сезіндіреді. Жиекке түскен иелерінің аты-жөні жазылған жазулар ою-өрнекпен астасып, бір ырғаққа түседі.
Ал, Әбділдинова Бипан керісінше, өз текеметінде бояуы өте қанық, ашық түстерді пайдалану арқылы көркемдік құрылымын күрделендіре түскен Киіз басу кезінде орнынан жылжып сәл қисық кеткен ою жолдары текеметтің әдемілігін арттырып, бар ою сызықтарын қимыл-қозғалысқа келтіріп жандандырып жібереді.
2.Ши тарту . Қазіргі замандағы витраж жасау тәсіліне ұқсас құрылымдағы Есергенова Қалиманың текеметі – жеке-дара туынды (9-кз). Қанық түстерден құрылған ашық реңдер әуені күнделікті өмірдің өтіп жатқан сұрғылт күндерінде адамды өзіне еріксіз көз тартқызып, көңілін сергітетін қуат құйғандай болады.
Музей қорында көркемдік дәрежесі биік туындылармен қатар, құрылымы бірсыдырғы болып келетін экспонаттарға назар аударсаңыз, олардың әрқайсысынан автордың өзіндік шығармашылық серпілісін байқайсыз. Шебер жұмыс барысындағы киіз басу тәсілі мен табиғи жүннің өзара қарым-қатынасындағы сәндік мүмкіндіктерінің ашылуына еркін жол береді. Текемет бірсыдырғы болып көрінгенімен, табиғилылық пен қарапайымдылықтың үндескен тылсым тынысын сезінгендей боласыз.
Осындай көркем туындылар арасынан өзіндік түр-тұлғасы дараланған Батыс Қазақстанның текеметтерін ерекше атап айтуға болады. Сол текеметтер ішінде көркемдік құрылымы мен түстік үйлесімі өзгеше ақ текеметтер ерекше орын алады
Тұтас бір жүйеде жиналған музей қорындағы әрбір экспонат жергілікті жердің көрнектілік ерекшелігін көрсететін және жеке автордың қолтаңбасы айқын танылатын өнері туындысы ретінде танылады.
Ою-өрнектерінің іріленіп, біртұтастығымен көрінетін Талдықорған облысындағы Дүйсенова Нұрыштың өз уақытының сұранысына сәйкес келетін авторлық шығармашылығы ерекше көзге түседі . 1960-1970-ші жылдары кілем, текемет сияқты тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда қанық ашық қызыл түсті реңдердің көркемдік үйлесімін пайдалану кеңінен өріс алды. Бұл бағыт Дүйсенованың текеметтерінде белең алған.
Солтүстік Қазақстан облысында техникалық тәсілдердің қолданылуына байланысты қол өнердің кәсіби деңгейі мен көркемдік шешімі ерекше болып келеді. Ши үстіне тартылған жүн бетіне жұқалап басылған талдырма төсеп, оның үстіне боялған жүннен ширатып, тартып ою салады да, ыстық су бүркіп, әрі қарай текемет толығынан басылып шығады. Осындай тәсілмен басылған текеметтің бірі – Қостанай облысының шебері Құдабаева Рыстайдың текеметі. Текемет оюының сәндік құрылымын келтіруде шебер ашық кеңістікке жол береді. Текемет бетіндегі оюлары – құрамы жылы болып келген қызыл түстің үстінде қалқып тұрғандай әсер етеді. Текемет бетіндегі негізгі ою таза күйінде қалады.
Музей қорында Оңтүстік Қазақстанның текеметтері ою-өрнектерінің ірілігімен, бояуларының ашықтығымен ерекшеленеді. Оңтүстік өңірдің Қ. Стыбаева, Б. Романова, М. Ахметова, К. Керімбекова, Т. Сәрсенова сияқты атақты тағы да басқа шеберлерінің өнер туындылары сақталулы тұр. Бұл шығармашылық деңгейі жоғары, реңдік үйлесімінде әлемдік танымда жер бетінің қуат көзі болып танылатын күн мен оттың сипатын беретін қызыл және сары түс үстемдік алады.
Экспозицияның сәнін келтіріп тұрған Романова Бибайшаның текеметі – алтын қордағы баға жетпес туындылардың қатарында (114-кз). Шебер текеметтің өрнектік шешімін мүйіздерін орталық бөлікке қарай бір бағытта бұрған өте ірі көлемдегі төртқұлақ өрнегі арқылы тауып, оюлардың текемет бетіндегі қозғалыс жүйесін үдете түскен. Романованың халық қол өнерінде киізден басқа да тамаша туындылары музей қорында тұр. Олар: текеметтер мен кілемдер, алашалар мен тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар.
Бір сиқырлы дүние, құпия сырымен өзіне көңіл аударатын Молдабаева Несібелінің қара текеметі үлкен зерттеуді қажет етсе Іляев Ғанидың текеметінің ою құрылымы мен көркемдік танымының мән-мағынасы заттың тұрмыстық қажетілігінен жоғарытұрғандығынайқындайды. Бүкіл текемет бетіне жайыла тармақталып салынған ою – жан-жағындағы кеңістікті жандандырып, жанға жайлы тиіп, тағылымдық күш береді.
Музей қорында сақталған киізден жасалған бұйымдар ішінде тек қана көркемдік деңгейімен ғана бағаланбай, өзінің ғылыми маңызымен еркшеленетін сырмақтар жүзден асады.
Халық шеберлері киіздің сәндік қасиетін ұтымды пайдаланып, күнделікті өмірде тұрмысқа қажетті, көшіп-қонуға ыңғайлы әртүрлі қаптар жасаған. Олар аяққаптар, кесеқаптар, төсекқаптар сияқты бұйымдар қажеттіліктен басқа киіз үйдің ішінің сынына әр беріп, көркемдігін айқындап тұратын болған. Пайымдау мағынасы жоғары, өрнектеу құрылымы күрделі аяққап – Есілбаева Күлзаданың шығармашылығындағы шеберліктің шарықтау шыңы болып табылытыны сөзсіз . Қоңырқай киіз бетіне мысыр аңыздарында жиі кездесетін қоңызға өте ұқсас ірі ою түскен. Осы оюды жиектей қаз-қатар жүргізген бірнеше нәзік өрнек жолдары затқа ерекше әсем сипат беріп тұрса, аяққаптың шетіне тігілген шілтерлі шашақтары заттың көркемдік құнын арттыра түседі. Бұл экспонат –өте сирек кездесетін, теңдесі жоқ, құнды туындылар қатарындағы дүние. Каталогта ұсынылып отырған қазақ халқының баға жетпес асыл қазынасы болып саналатын қазақ қол өнері ішіндегі киізден жасалған бұйымдар әлемдік мәдени мұра қатарынан орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Текметке қандай ою-өрнек түрі қолданылады?
2. Текеметке қажетті жүнді қалай бояйды?
3. Текеметті қай жереге пайдаланылады?
8- лекция. Тақырыбы: Киіз басу технологиясы.
Жоспар
Киізді білектеу, басу.
Киізді ұзындау.
Лекция мақсаты: Киіз басудың ұлттық дәстүрде алатын орны, пайдалану аясы және технологиясымен танысу.
3.Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Киізді білектеу, басу. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады.
Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз. Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады: 1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу. Түр ойыстырып салу – талдырмадан қиып алған оюды шабақталған жүннің немесе талдырманың үстіне салып, ыстық су шашып, әрі қарай киізше басу. Шүйкелеп түр салу – киіз бетіне ою-өрнек ретінде салынатын боялған немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ (талдырма жасамай) сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» сыру сөзіне «арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі», ал сыры атауына «жиі етіп бастырып тігу» деген анықтама беріледі.
Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау технологиясынан алынған.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.
2. Киізді ұзындау Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды.. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты.
Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба – белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Мәселен, ашамай +, х белгі, күн бейнесі, т.б. айналдыра сыру тәсілі қолданылды. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Басқұр — киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20—30 см. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ Басқұр және түксіз немесе ала Басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) Басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) Басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды.
Түскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің ("мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа") ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі
шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бақылау сұрақтары:
1.Киізге арналған ою-өрнек қолданылады?
2. Киізге қажетті жүнді қалай бояйды?
3. Киізгеді қай жереге пайдаланылады?
9- лекция. Тақырыбы: Сырмақ жасау технологиясы
Жоспар
1.Сырмақ киізінің басылуы.
2.Сырмақтың көлемі мен түрлері.
Лекция мақсаты: Студенттерді еңбекке, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету,ой-өрісін,шеберлігін,дағдысын, белсенділігін арттыру, әр оюдың тарихына шолу, бұйымды сырып, әшекейлеуге үйрету.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Сырмақ киізінің басылуы. Әдетте сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегіс жиектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.Сырмақтың беті кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланып сырылады.
Көлем жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені — көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне жабуға арнайды, жалпы келемі 3—5 метрдей болады. Екіншісі — төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3—3,5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене дөңгеленіп, ал от жағы бүрілген сияқты тарыла дөңгеленіп, от басымен тәрге дәлденіп жасалады. Ол тамның, шошаланың, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастырыла төселеді. Үшіншісі — төр сырмақ, көлемі 2—5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақтар келгенде төрдегі жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ көрпенің астынан салады. Төртіншісі — төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды. Көлемі 2—2,5 метр, жер төсектің орнына немесе төсектің алдына төсейді.Сырмақтардың кейде 1—1,5 метрлік шағын түрлері де кездеседі. Олар бір кісілік сырмақ деп аталады.
Түр жағынан алғанда да қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды «ақ сырмақ», «қарала сырмақ», «жиекті сырмақ», «дебіске сырмақ» деп атайды. Ақ сырмақты бояулы жиекпен немесе түсті матамен оюламайды. Оны тек шуда жіппен ғана тоқылған жиекпен немесе таңдайлап иірген қарала жиекпен жиектейді. Қарала сырмақты қара және ақ киізден ойыстырып, астарлап, сырып жасайды. Оюларды құраған тігістің үстіне бояулы жиек бастырылады. Бұл бұрын сән-салтанатта сыйлы қонақтарға төселетін, көш жүгіне жабылатын еді. Жиекті сырмақты тұтас бірыңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектеп жиек бастыру арқылы жасайды. Мұны мүлікті тең етіп бууға, жолға алып шығуға және басқа да күнделікті тұрмыста көп пайдаланған. Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап бастырып, сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жиек басады. Кейде кестеленген тұтас матамен тыстап та дебіске жасайды.
Қазақ халңының ескі ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға ретінде белгіленгені тәрізді, үй-іші төсенішінің үй мүліктерінің де жас мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болған. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың ескі ғұрпында көбінесе күйеуі бұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына немесе қара жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін. Ал дебіске сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектер мен күйеу жігіттерге төсей- тін. Дебіске сырмақты тұс киіз орнына да пайдаланған.
2.Сырмақтың көлемі мен түрлері. Сырмақ жасаушы шеберлер өзі білетін немесе қолында бар ою үлгілерінің қайсысын алып, оны қалай орналастыруды қарастырады. Сонымен қатар киіздің көлеміне қарай оны көп кесіп, қырдасынды көп түсірмеу жағын да ойластырады. Сонан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектердің қағаз бен тыңыр теріге түсірілген үлгісін киіздің үстіне салып, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен немесе қайшымен мінсіз етіп қиып алады да сырмақ бетіне салады. Оң беті қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі. Сырт оюлары ақ киіздің шетіне келіп, ақ киіздің ортасы осы қара шеттің ішінен орналастырылған, екі түсті, оны жөрмеп тігеді. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы беті құрастырылып болған соң ою жапсарларының үстінен боялған жиек бастырады. Мұны жиектеу дейді. Оюларын жиекпен басып болған сырмақты астар төсеп, бетпен қоса сыриды. Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі — жеке жіптің өзімен әрлі-берлі тік шаншып сыру арқылы тігу де, екіншісі — қос жіппен сырып тігу. Бұл әдіс инедегі жіптің астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып сыру арқылы іске асырылады. Мұндай тігіс тігін машинасының тігісіне ұқсайды. Сырмақты сыру үнемі ою-өрнектердің бағытымен оюлана сырылады. Сырылып болған соң сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады. Жиек жіптер неғұрлым ашық түсті, ұяң ақ жүннен иіріледі. Ақ жүнге бояу жақсы қонады. Жиек жібін иіру алдында одан істегелі отырған бұйымының көлеміне қарап қанша метр немесе қанша құлаш керектігін алдын-ала есептеп шамалайды.
Шамалап мөлшерлеудің бұл түрін жіп иірушілер «алқым», «домалақ» деп атайды. «Екі ұршық жіп», «бір алқым жіп», «төрт алқым жіп», «бір домалақ жіп» деген сөздер де осы шамалап мөлшерлеуден шыққан. Жиекке арналған жіпті жалаң қабат түрінде біреуін оңқай, біреуін солақай етіп иіреді. Содан кейін оларды өзді-өзіне қосады да, оны екі қабаттап екі бөлек етіп тағы иіреді. Бұл екі қабатталып иірілген екі бөлек жіпті екі «тін» деп атайды. Бұдан кейін екі «тінді» екі бөлек домалақтап мөлшерін біліп алған соң, оны бояуға салу үшін қайтадан төгеді де, жарты метр шамасындай етіп босатып шумақтайды. Мұны жіпті келептеу дейді. Келептенген жиек жіпті қазанға салып бояумен бірге аударыстыра отырып қайнатады. Қайнату үстінде жиек жіптің қылшықтары бүріліп, сыптығырланады да бояу жақсы сіңеді. Қазақтың халықтық әдісінде бояуға ашудас, мүсәтір, түз қосып, аздап май салады. Бояу сіңіп, қайнап болған жіпті сол келептеулі қалпында сөреге іліп, кептіреді. Бояудың бір қалыпты сіңуі үшін сөредегі жіпті де сағат сайын аударыстырып отырады. Әбден кеуіп болған соң оңқай домалақ пен солақай домалақты қатар жарыстыра отырып бір ұшынан бастап ысқылайды. Ысқылау үстінде жиек жіп тағы да тазарып әрленеді. Ысқылаудан өткен жиектің екі тінін қосып (оны ширатпайды) бір домалаққа жинайды. Мұны «бас» деп атайды. Басқа төгілген оңқай, солақай екі тінді жарыстыра отырып сырмаққа бастырады. Сонда бастырылған жиектің қатар түскен ширатындысындағы оңқай иірім мен солақай иірім қарсыласа келіп біркелкі және әдемі таңдай өрнегін жасайды.
Қазақ қолөнерінде арнайы басылған немесе дайын тұрған ақ киіздерден жасалатын заттар көп. Сырмақ, текемет, төр киіз, тұс киіз сияқты көлемді мүліктерден басқа да көлемі шағын заттар бар. Олар: аяққап, қол дорба, сандық-қап, төсек көмкеруі, керегеқап, асмалдық (орнектелген түйе жабу), тоқым, кебенек, қалпақ, телпек және т. б. Мұндай заттарды жасауға қажетті киізді көбінесе оюлап кеспей тұтас күйінде пішіп алып, өрнекті соның бетіне жапсыра тігеді. Ондай өрнектерді салу үшін кейде әр түсті түрлі маталарды оюластырып, кейде бір түсті матаның бетін әр түрлі жіппен өрнектеп кестелейді. Көбінесе мұндай мүліктердің шетшеті көмкеріліп, жібек жіптермен шашақталып, әр жерінде келетін баулары да тоқыма әшекейлі келеді.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.
Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба – белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Одан кейін сырмақ шеттерін нығайтып бекіту үшін жіп есіп алып, сырмақтың шетін жию пайда болды. Кейінірек ақ, қара түсті жүндерді пайдаланып, қарама-қарсы түстерді шабыстырып қолдану тәсілімен сырмақтың шетін жиектеу келіп шықты. Оның ішкі жағына да сәйкес жиек басып, су тарту арқылы сырмақтың бетіне төртбұрыштар түсіріліп, жиектердің ара-арасы сырылып отырды (шабыстырып қолдану – қарама-қарсы түстерді қиыстырып келтіру, жиектеу – түсті жіппен тігіп жиек салу, көмкеру, су тарту – оюды қатарлап орналастыру үшін яки алма-кезек түсіру үшін бүкіл ою тұлғасының желісін үзілдірмей, ұластырып салу. Су – бүкіл ою тұлғасының сабағы, желісі, өзегі. Сырмаққа қатысты желі атауы жиірек қолданылады. Ал кесте өнерінде мұндай желіні су деп айтады. Қазақ сырмақтарының ою-өрнегі осы желі, яғни суы арқылы жасалады).
Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.
Қолөнер бұйымдарындағы қол тігісінің атаулары. Қазіргідей тігін машиналары жоқ кезде қзақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан, т.б. тұрмыстық бұйымдарды қолмен тіккен. Қолмен тігудің кейбіреуі эстетикалық қызмет (мысалы, кесте және зерлеп тігу) атқарса, бірсыпырасының таза практикалық қызметі басым болған. Сырмақтар – сәндік құрылымы бір қалыпты реттілікпен салынған, оюларының жіктері анық жиектеліп, кеңістіктік біртұтас қомпозиция құрайтын керемет өнер туындылары. Халық шеберлері сырмақ жасауда ақ пен қара киізді ойып, қиюластырып жасаумен қатар біртұтас киіз бетіне помбарқыт, барқыт, мақпал, мауыты, сәтен сияқты маталардан немесе иірілген әр түсті жіптерден де өрнек салып, сыру сияқты тәсілдерді кеңінен пайдаланған. Сырмаққа ою салудың жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты үш түрге бөлінеді: сырмақ бетіне орталық бөлікті қоршай жиек оюын түсіру және жалпы біртұтас ірі ою құрылымын орналастыру немесе екі-үш деңгейге бөлінген ою жолдарын түсіру. Сырмақ оюларының негізін көне заманнан байлықты, барлықты білдіретін мүйіз текті оюлардың барлық түрлері кеңінен қолданылады. Оюлардың орналастыру реті әрқашан бұрыннан келе жатқан ой-санадағы наным-сенімге бағындырылады. Орталық бөлікті жиек оюларымен қоршау – от басын, өзі өмір сүрген ортаны сыртқы жаман күштерден, күйреуден сақтау, оны қоршау мағыналары сақталған. Жекеше мағынадан әлемдік ұғымға ұштасқан бұл философиялық таным – Ғаламды апаттан, күйреуден сақтау ниетімен жалғасады. Әрине, кейінгі шеберлер ол туралы ой жүгіртіп, толғанбаған болар, бірақ ішкі генетикалық сезім арқылы терең мағыналы ою жолдары туындағаны мәлім.
Жердің бетін жерде жүретін малдың мүйізімен (қошқар мүйіз), аспан әлемін ұшқан құспен, аспан мен жердің ортасын жапырақ жайған ағашпен белгілеп, Кеңістіктің үш деңгейін осылайша астастыра көрсетуін шебердің шығармашылық ой-толғамының жемісі деп білеміз.
Сырмақ жасауда дайын киізді ойып, қиюластырып тігуден басқа, киіз бетіне әр түрлі матадан ою жапсырып әсемдеу үйдің сәнін келтіріп, оны сән-салтанатын арттыра түскен. Сондай сырмақтардың бірі Өксікова Мәрзияның туындысы –өзінің басқаға ұқсамайтын қайталанбас ою-өрнегімен дара сипатталады . Шеті иретіліп келген жасыл жалпақ жиекпен қоршалған ортаңғы бөлік біртұтас сипатқа ие болған болса, бірнеше жолаққа тартылған ою жолдары руна әріптеріндей бірыңғай ырғаққа түсіп, тылсым сырымен көз тартады.
Бақылау сұрақтары:
Сырмақ дегеніміз не?
Сырмақ сырудың қанша тәсілі бар?
Алғашқы сырмақ пішіні қалай қалыптасты?
10- лекция. Тақырыбы: Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
Жоспар
1.Гобелен өнері тарихы.
2.Құрасбек Тыныбеков Батима Зәуірбекова шығармашылығы.
Лекция мақсаты::Ұлттық өнерді, мәдениетті түсінуге,бағалауға, үйренуге тәрбиелеу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Гобелен өнері тарихы. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор.
Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.Көргендердің көзінің жауын алып, таңғалдырған, адам қолынан шыққан осынау ғажайып туындылар бүгінгі халқымыздың мақтанышы болса, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұра екені анық.
Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Қайсыбірінің аты-жөні белгісіз. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек. Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, гобелен өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді.
Тоқыма жіптер арқылы суретші өз шығармасын гобелен арқылы көрсете білген. Гобелен өнерінің қалыптасуы қазақ халқының қолөнері ішіндегі ең басты орындардың бірін алады. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды.
Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.
2.Құрасбек Тыныбеков Батима Зәуірбекова шығармашылығы. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:
Қ.Тыныбеков,
Б.Зәуірбекова,
И.Ярема,
Ә.Бапанов,
С.Бапанова,
Қ.Жұбаниязова,
А.Ихонова,
Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ қолөнер түрлері атап бер?
2. Гобелен шығу тарихы қандай?
11- лекция. Тақырыбы: Түскиіз жасау технологиясы
Жоспар
1.Түскиізге арналған материалдар.
2.Түскиіздің жасалу технологиясына байланысты бөлінуі.
Лекция мақсаты: Сәнді қолданбалы өнердің бір саласы түскиіздің жасалу технологиясы,шығу тарихы, түрлерімен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Түскиізге арналған материалдар. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үйі болады. Оның жасау жабдығында күнделікті қолданылып жүргендердей емес өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылған. Тұсқа айшықты түс киіз ілінген. Түс киіз-қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп, сәндеп безендірген бұйымдарының бірі. Түс киізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл өрнектер салып дайындаған.Оның көлемі көп жағдайда тік төртбұрыш болып, керегеге тұтастай тұтуға жетерлік болған.Түс киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанмен керегеден суық ұрмас үшін жылулық қасиеті тағы қатты ескерілген.Сондықтан да оны да қалың киізден жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсірген.
2.Түскиіздің жасалу технологиясына байланысты бөлінуі. Түскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің ("мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа") ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі
шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бақылау сұрақтары:
1.Түскиіздің жасалу технологиясын атап бер?
2.Түскиізді тұрмыста қай жерде қолданылады?
3. Түскиізге қандай өрнектер пайдаланылған?
12- лекция. Тақырыбы: Ши тоқу технологиясының әдіс тәсілдері.
Жоспар
1.Ши Тарту,аршып дайындау дәстүрі.
2.Шидің көрінісіне қарай бөлінген түрлері.
Лекция мақсаты: Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу. Ғасырлар бойы дамып келе жатқан ши тоқуды үйрену.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Ши Тарту,аршып дайындау дәстүрі.
Қазақ жерінің әртүрлі өңірінде түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес ши деп аталатын өсімдіктен тоқылған бұйым да ши деп айтылады. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға, түрікмендерге, қарақалпақтарға, т.б. халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына, киізді ылғалдан сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған. Шидің түрлеріне байланысты мынадай атаулар кездеседі: ақ ши – қабығынан аршылған ақ шидің жүн оралмай, ою-өрнексіз тоқылған түрі, шым ши шидің түрлі түсті жүн орау арқылы өрнектеп тоқылған түрі (жергілікті тілде шымырау ши), орама ши // ораулы ши – өнебойына тұтастай емес, әр жерінен аралатып жүн оралған ши, шидек – құрт жаятын кішкене ши, терме ши – шым ши, өреше – киіз үйдегі ас-су тұратын жерді қоршап қойған ши, дүзтеру ши – қошқар мүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши, т.б.
«Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері» деп аталатын екінші тарауда тіл біліміндегі заттар мен құбылыстарға ат қою мәселелері, әйел қолөнері материалдары негізінде анықталған уәжділік түрлері баяндалады. Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар «шыбын қанат» деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды.
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде «жез ши» деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).
Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «Шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.
2.Шидің көрінісіне қарай бөлінген түрлері.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастырудың да шеберлер тізу деп атаған.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.
Бақылау сұрақтары:
1.Ши тоқу өнері қай кезден бастап қалыптаса бастады?
2.Ши түріне қарай қандай түрге бөлінеді?
3.Ши тоқу барысында қандай ою-өрнек түрі қолданылады?
13 - лекция. Тақырыбы: Теріден,былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы
Жоспар
1.Тері илеу технологиясы.
2.Теріден былғарыны сыйлық бұйым жасау технологиясы.
Лекция мақсаты: Былғарыдан өңдеу әдісі мен орындау технологиясын үйрету,студенттерді үнемділікке баулу,әдемілікке тәрбиелеу, студенттердің білім дағдысын қалыптастыру,алған білімдерін практикамен ұштастыру, шеберлігін шыңдау.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Тері илеу технологиясы. Теріні құрымға салу, ысқа ұстау . Торсық (саба, көнек...) жасау. Тері илеу. Тері бояу. Былғары өңдеу: көксауыр, былғары. Саптама. Шоңқайма. Көк етік. Кебіс. Мәсі. Тарамыс.
Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.
Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.
Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, дымдаңбайды да, көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.
Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды.
Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.
Иленіп, кептірілген теріні қырады.Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады.
Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бұлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.
Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі — қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4—4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасынмен теріге жағады. Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды.
2.Теріден былғарыны сыйлық бұйым жасау технологиясы. Теріні бояудың басқа түрлері — томар бояу, қынамен бояу. Боялған теріден әсем киім,тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бұларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, үлкен қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік, елтірі ішік, лаң терісінен ішік, бөкебай ішік тігіледі. Қозы, лақ терлерінен тымақ, бәрік, құлақшын тігеді. Сондай-ақ жүнін сыртына қаратып, құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) «құлын ішік» деп, ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті «бота ішік» деп атайды. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігеді. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді.
Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бұлғын ішік аң терісінен тігіледі. Кей де мұндай киімдерді аң терісінің жонынан, тамағынан немесе пұшағынан құрап істейді. Бұл киімдерді тамақ ішік, пұшпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды бөстек дейді.
Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, әдіптейді, жаға-жеңдерін кестелеп жұрындайды немесе сыздың жүргізу арқылы әшекейлейді (құндыз бөрік, қамқа тон т.б.).
Мал терілерін илеп, бояп, ең беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді, әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т. б.
Көксауыр - жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән.
Былғары - қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан былғарыны өңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым, шілия, белдік, жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүліктерді де сол етікшілер тігеді. Халық арасына көп тараған былғары аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:
Саптама - бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен, шалбардың балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да, тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны кобінесе қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, шанамен жол жүргенде киеді.
Шоңқайма - саптаманың бір түрі. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде «жарма қоныш» деп те атайды.
Мықшима — өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етік. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап, тұмсығына қатырғы салады.
Көк етік - көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. Оны көксауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы, ойындысы, күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады. Көк етікті көбіне серілер, батырлар, салдар киетін. Қазақтын: «Көк етікті кез келмей, көк етіктіге бармай отырған қыз» дейтін мәтел сөзі осыдан қалған.
Кебіс – көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да көксауыр, мықшима, жезөкше, қазықөкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.
Мәсі - мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік (ичиги), былғары байпақ, көзел, сақтиян дейді, өйткені мәсі құрымнан, шегіреннен, көзелден, жұмсақ былғарыдан тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріліп, машинамен жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тек тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп, немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді. Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан тігіледі. Мәсілерді көк, қызыл шегірендермен оюлап, әр түсті жіппен кестелейді. Мәсіні етіктің ішінен киеді.
Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз — ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жұлдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды.
Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 — 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі. Теріні өндеу бойынша технологиялық мәліметтер. Теріден таспа тілу. Ат саймандары. Жапсырма жұмысының шығу тарихы. Жапсырмалау элементтері. Түрлері. Қала құрылысыңда және басқа да ғимараттарда кездесетін қарапайым жапсырмалау жұмыстары. Үйдің маңдайшасын, бағанасын жапсырмалау және оның техникасы. Құйма. Қайта жөндеу, әрлеу жұмыстары. Қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. Гигиенаны сақтау. Өру өнерің шығу тарихы. Өру тәсілдері. Қайың қабығынан, қамыстан,шиден ,теріден өру түрлері және макраме техникасындағы өру түрлері. Өру жұмысына керекті заттарды дайындау ережесі. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Бақылау сұрақтары:
1.Теріден қандай бұйымдар әзірленген?
2. Жапсырмалау дегеніміз не?
3.Теріден қандай сыйлық жасалады?
14- лекция. Тақырыбы: Гобелен тоқу технологиясы.
Жоспар
1. Гобелен тоқу тарихы.
2.Композициялық бөлімді талдау.
Лекция мақсаты: Студенттерді халықтың өнерімен таныстыру, үйрету, шығармашылық жұмыс туралы білім беру және өнер шеберлігін таныту, қосымша әдебиеттерден білім алуға, ізденуге, талдау жасауға үйрету.
3. Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Гобелен тоқу тарихы. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:
Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова,
А.Ихонова, Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.
2.Композициялық бөлімді талдау. Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |