24- лекция. Тақырыбы: Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері.
Жоспар
1.Қос етек көйлек.
2.Белдемше
Лекция мақсаты: Қазақ әйелдерінің киімімдерінің силуеті мен пішімімен танысу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Қос етек көйлек Қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің силуэті, пішімі және әшекейлеу әдістері ұқсас болғанымен, материал таңдауына, түр-түстер үйлесімділігіне және пропорцияларының әр түрлілігіне қарай айырмашылықтары болады. Бұл Қазақстанның кейбір аймақтарында қолөнер дәстүрлерінің ертедегі пішіндерінің ұзақ сақталуымен де түсіндіріледі. Әл аймақтың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты әйелдер көйлегі әр түрлі тігілгенімен, барлық жерлерінде де қыздар киімі, жас келін киімі, ересек әйел киімі кездеседі.
Қыздар киімі алтын және күміс жіптермен, майда моншақтармен әшекейленген жиектерімен, сондай-ақ алтыннан, күмістен жасалған салпыншақтарымен, қымбат және жартылай қымбат тастардан тұратын әшекейлерімен, үкі тағылған бас киімдерімен ерекшеленеді.
Қыздардың киімдері айрықша көз тартарлықтай етіп дайындалған. Өте жеңіл, ұзын көйлектердің етектерін, жеңдер аузын жағалай, жағаларын айналдыра желбіршектер салынған. Қыздар мойнының әсемдігін одан сайын әдемі көрсету мақсатында көйлектің жағасы аса нәзік талғаммен қондырылған.
Қазақ халқының киімдерін зерттеген белгілі зерттеуші Р.Ходжаеваның айтуы бойынша жоғарыда сипатталған көйлектер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Ал, одан ертеректе қазақ әйелдері ерлер жейдесі сияқты, бірақ одан ұзындау және кең пішімді көйлектер киген. Тұрмысқа шыққан әйелдердің ашық түсті матадан желбіршекті, кестелі көйлек киюі ұят саналған, ал қыздарға қандай киім кисе де орынды деп есептелген. Жас әйелдер тығыз матадан тігілген, өте бай әрленген жеңсіздерді – көкрекшені көйлек үстінен киген, бастарына ақ матадан шаршылай қатталатын, ұштары иыққа түсетін жаулық тартқан.
Қазақтың әдет-ғұрып салты бойынша бала туған әйелдердің көйлегі қыздардың көйлегіне қарағанда етегі ұзын болған, оған желбіршек салынбаған, оның үстінен көйлек, белінің алдыңғы жағынан металдан жасалған қапсырмамен, кейде түмемен түймеленетін камзол киген. Бастарына кимешек және оның сұлама, күндік, орама түрлерін тартқан. Олар сырт көзден маңдай алды шаштарын жасырып тұруға есептеліп тігілген. Өйткені әйелдердің үйден шыққанда шаштарын екі бұрымға немесе одан да көп бұрымға өріп, ашық жерін көрсетпей шығуы тиіс болған.
Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
Қамзол - ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараган үлттық киім. Қамзол туралы мэліметтер XIX ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол эрі жылулық, эрі сэндік міндет-терді атқаратын киім. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен (сөлкебай) эшекейленген, бойтүмар кадап, эртүрлі эткеншектер ілген.
Бір түсті қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шүға, мауыты, кейде гүлді аталар эйелдердің жас ерекшелігіне қарай таңдалған. Дегенмен, жаска қарай матаның түсі өзгеріп отырған, жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті ма-тадан, орта жэне одан жоғары жастағылар көк, жасыл, сарғыш түсті матадан тігеді. Қамзолдың үшкілдеп киық шабылған етегі кең пішіледі. Екі өңіріне, жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі, түйме орнына күміс қапсырмалар тағылады. Өңіржиек, алқа, түмарша, шолпы, моншақ, түмар, түйреуіш, үкіаяқ, т.б. алтын, күміс эшекейлер тағылады. Ер адамдар киетін қамзолдар көбіне безен-дірілмеген. Пішіміне қарай қазақы қамзол, қынай бел қамзол, тірсек қамзол деп түрліше аталады. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де кездеседі.
2.Белдемше Қыз-келіншектер камзолмен бірге киетін тақия, етіктерінің өңдерін бірыңғай етіп таңдап киген. Алқалар, кемербелдіктер де қамзолдармен тамаша жара-сым тапқан. Әйелдердің камзолының үзындығы тізеге түсетіндей, жағасы жоқ, алдыңғы жағы омырауға дейін ойық болып, көйлектің сыртынан киілгендіктен, эсіресе түйық жағалы көйлекке үйлесім беріп түрады.Қыздар мен әйелдер көйлегін бүрмелі, тік етек, кос етек, үш етек, көп қатарлы деп бірнеше түрге бөледі. Тік етек, кең етекті көк көйлекті қарт эжелер, бүрмелі көйлекті көбіне орта жастағы эйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киген. Етегінің катпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалар-мен сэнделеді. Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына байланысты күнделікті, жиын-тойға арналған «кештік» көйлектер болып бөлінген. Әйелдер көйлегінің желке түсынан артқы жағынан түймеленетін тік жағалы түрі көбіне жас қыздар мен өрендер көйлегіне тэн болған.
Әйелдерге арналған қос етек көйлек - түрлі түсті шыттардан әшекейленіп немесе қамқа, манат, пүліш, шүға, үштоп катарлы тыстык маталардан тігілген сэнді киім. Белі қыналып, ішкөйлектін сыртынан киілген. Оған жең, жаға, бел, бүрмелі етек, қатпарлы желбір салынады. Қосетек көйлектің етегінің кеңдігі 2-3 қүлаш, биіктігі белге дейінгі өлшеммен лайыкталады. Етегін эдіптеп, кес-телейді, оқа, зермен эдіптейді. 1,5 қарыстай ені бар бірнеше қатпарлы бүрмені негізгі етектің үстіне бастырады. Бүріп бастырған тігіс үстіне зер, кесте, асыл мата жапсырып әшекейлейді.
Қамзолдардың белдері қынамал, жеңі шынтақтан ғана келетін шолақ, бүрмелі қатарма түсіріп тігілген, үзындығы етіктің сірі өкшесіне ілінердей үзын үлгілері де болады. Белдің тарылып тігілуі жастардың дене бітімін көркемдей түскен, «талшыбықтай» немесе «қүмырсқа бел» теңеулері осындай көрікті көріністен кейін айтылса керек. Қамзолдарға жең салынатын болса «жеңді қамзол» ал жеңсіз болса, төс қамзол немесе шолақ жең қамзол деп бөлген. Қамзолдың қысқа жеңдісі, иықтан сэл түскен жеңдісі немесе жеңсізі қозғалыска өте ыңғайлы, эйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысатынын ескерсек, бүл қамзолдар иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның иіліп-бүгіліп жүмыс істеуіне өте қолайлы келеді. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол XVIII-XIX ғ-да казақ халқы арасында кең тараған үлттық киім.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ қыз-келіншектерінің киім үлгілеріне қандай үлгілер жатады?
2.Қазақ әйелдерінің киім үлгілері пішімі қандай болған?
3.Ұлттық киім үлгілеріне қандай мата түрлері қолданылған?
25- лекция. Тақырыбы: Қазақ әйелдерінің бас киім үлгілері.
Жоспар
1. Сәукеле. Бөрік.
2. Тақия. Қасаба.
Лекция мақсаты: Қазақ әйелдерінің бас киім үлгілерімен танысу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1. Сәукеле. Бөрік. Сәукеле - кызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі киім. Жалпы қазақтар сәукелені, басқа да баскиімдерді сәндік үшін киген. Олардың әрқайсысының ұлтымыздың парасатын, тәрбиесі мен салт-дэстүрін көрсететін мән-мағынасы болған. Ұлы дала көшпенділері адам баласын фәниге келтіретін, ошақ отын қорғауц эйелдерді қүрмет тұтқан. Әйелдерді көшпенділерден артық кадірлегеі орта болмаған. Олар қүдайдың, табиғаттың, адамдардың алдында д тең дәрежеде болған. Біздің аруларымыздың ғажап баскиімі сэукеле дардан бастау алған сияқты. Оның биіктігі мен сэнделуі күнмен ш заңғар тау шыңдарын елестетеді.
Сәукеле (шовкеле, шокуло) қазақ, қырғыз, қарақалпақтарға ортак баі ортақ баскиім болғанымен эр халықтың сәукелелерінің пошымда| қазақтардың сэукелесінің төбесі шошақ, биік, артқы қүлағы шаіх белге дейін жеткен, қырғыздардың сәукелесі өте биік емес, дулыға қүлақты, қарақалпақтардың сэукелесі де қырғыздардыкіне үқсас дул болған. Ғасырлар өте сэукеленің сырт пішімінде өзгерістер пайда с оның негізі сол қалпында сақталған.
Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрі еті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп Сонымен бірге қазактың қыздарына деген көзкарасының бір белгісі.
Сәукеле 70 см (2-3 қарыстай) биік, дөңгелек төбе жағына карай жүреді. Ол тәж, төбе, кұлакбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден іш жағын киыктап пішеді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Халық үғымында « касиетті сәукелені» жетілік әлемнің нышанды белгісі деп түсіндірсе. үкі « Өмір ағашы — бәйтеректі», сәукеленің өзі « Жер кіндігі - Көк төбені» бейнелеген. Сәукеле ақ киізден тігіліп, өн бойы қымбат күрең немесе шымқай қызыл баркытпен капталып оның сыртына алтын, күміс, інжу, маржаннан әшекей тағылып, алтын жіппен кестеленеді. Жиегіне қүндыз, кэмшат терілерінен жүрын үсталады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, оның маңдайшасына екі жағына тізілген маржаннан салпыншақ бет жақтауы жэне екі қүлақ түсына омырауға жететін құлақша тағылады. Маңдайына тағылған салпыншақтар, яғни шекелігі барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген тілекпен жасалады.
Әйелдердің бас киімдері де бірнеше түрге белінеді. Олар: тақия, бөрік, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, бергек, қарқара және т. б. Қазақ ғұрпында ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер жалаңбас жүрмейтін.
Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды «жыға» деп атаған.
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Орама кимешек — кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрнаты да. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін. Казақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрт гүл келеді. Бұл кимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
Сырдарияның сағасын мекендеген қазак әйелдерінің арасында бүрмелі кимешек кең тараған. Бүрмелі кимешектің бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде-кейде оның үстіне бөрікше киіледі. Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді. Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де ерекше көз тартады.
Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-орнексіз болмаған.
Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжұзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.
Қазақша мата атаулары. Мата атауларының ішінде бұрыннан көпшілікке белгілерімен қатар сирек қолданылатын және беймәлімдеу ақду, мыңсым, тұқаба, тапта, т.б. атаулар да бар. Осы мәліметпен танысып шыққан оқырмандарымыз ел аузындағы мата атауларын жинастырып, түсінік-сипаттамаларымен қоса бізге жіберер деген үміттеміз.
Дәстүрлі мәдениеттегі әлеуметтік,экономикалық, аймақтық, жастық, жыныстық және т.б. жағынан айқындауыш, анықтауыш белгі ретінде жүретін әрі тұтастык зат ретінде елеулі этномәдени мәнге ие заттық мәдениет элементі. Баскиімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрініс табады. XIX ғ.-дың II жартысынан бастап қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістерге байланысты мәдени өмірде де үлкен өзгерістер болды.
Ерлер баскиімінің түрі онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей, далбай, шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлерімен кестеленген), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б.), бөкебай,күләпара, қырпу (іштік бөрік) және т.б. Ауқаттылар төбесі сүйірлеу келген құндыз немесе сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбінесе күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген биік қалпақ киген. Жас жігіттер ат жарыста, көкпар тартуда бастарына шеті кестеленген байламша (шыт) тартады. Мұндағы шыт ерлердің жаздық баскиім ретінде қолданылады, ол тердің көзге, бетке ағуынан қорғайды. Шытты кездемеден басқа байлауға жетерліктей етіп шетін тігіп дайындайды.
Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, шылауыш және т.б.
Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.
Баскиімдерді негізінен үш өңірге (ареал) картографиялауға болады: а) батыс, Бөкей ордасынан Торғайға дейінгі Орынбор даласы мен Солтүстік Арал төңірегіне дейінгі аралық
ә) солтүстік-шығыс Ақмола мен Семей облыстары (Сібір қырғыздары өңірі)
б) оңтүстік өңір және Жетісудан Сырдарияға дейінгі аралық.
Олардың әрқайсысының ішінде де ішінара территориялық өзгешеліктерді аңғаруға болады: Мысалы, батыс ареалы құрамындағы Маңғыстау өңірі; Солтүстік шығыс құрамына кіретін Шығыс Қазақстан; ал Сырдарияның төменгі ағысы өңірінің орны алабөтен: бұл өңірде жоғарыда аталған үш өңірге тән ерекшеліктердің дені кездеседі.
Батыс комплексі мынадай айырмашылықтарымен ерекшеленеді: ер және әйел баскиімдері ішіне шетіне тері көмкерілген конус пішінді малақай (төбетай) киіледі. Сондай-ақ бұл өңірде күләпара және тігіні ерекше бұрама жаулық кеңінен таралған.
Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстандағы баскиім комплекстерін батысқа жақындастыратын түрлері - төбетей мен күләпара, бірақ батыста жақтауы тұтас күләпара басым түсіп жатады. Шығыс Қазақстандағы әйелдер баскиімі әсіресе, кимешек пішінділігімен және шағын жаулықпен ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде төрт қырлы киіз қалпақ тараған. Жетісудың шығысындағы баскиімдер комплексі қатты каркасты ерекше жаулықпен ерекшеленеді.
Деректерге қарағанда Қазалы мен Перовск оязында (қазіргі Қызылорда облысы) баскиімдердің неше түрлі үлгісі болды. Жамылғыш пен кимешектің бірнеше нұсқасы солтүстік шығыс пен оңтүстік ареалдарға да тән, ал жаулықтың бір нұсқасы тек осы өңірде кездеседі - жаулықтар жұмсақ болып келеді. Ер адамдар пошымы солтүстік шығыс ареалға тән күләпара киеді.
Үлкендердің баскиімне қарағанда жасөспірімдердің баскиімдегі ерекшелік шошақ төбелі тақияда байқалады: оның етегі үш елі болып, төбесі аласа шошақ келеді. Тобесі мен етегіне әртүрлі ою-өрнек салып, кейбіреуіне төрт бүйір өрнегі мен етегіндегі өрнегі қарайлас түсіріледі, кейбіреуінің төбесіне де, етегіне де ұласпалы өрнектер айналдырылады, кестені шым кесте етіп баттастырылмай жіңішкелеп (контурмен) эдемі тігіледі. Түрлі торғын немесе кездемемен астарланады, тақия сәнді болу үшін тыс пен астардың ортасына қатырма сапынып сырылады, бұл тақияны ел арасында абай тақиясы деп те атайды
Баскиімге тағылатын әшекей бұйымдар
Байырғы ортада баскиімді әшекейлеу барысында алтын, күміс, гауһар сияқты асыл тастарды құрамдас бөліктер ретінде пайдаланған. Әшекейлер көбінесе сәукеле, тақия, бөрік, кимешек тәрізді баскиім түрлеріне тағылған.
Айшық -жарты ай, жұлдыз бейнесі бар, күмістен соғылатын жарты ай бейнелі күміс әшекейді жаулықтың шекесіне, кимешекке қадайды.
Басжақсы - сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп, әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен бас жақсы деп айтылған.
'Бетмоншақ - сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оны сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Бетмоншақ екі түрлі болады, бірі бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне қадалады, екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр»деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген. Ертеде сәукелеге жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы деген әшекейлер таққан. Сонымен қатар шытақ - сәукеленің қозасы (қоза - шар сияқты металл әшекейі) [2].
Жақмоншақ - сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.
Көзотаға - көбінесе ер адамның баскиіміне қадайтын меруерт, асыл тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті адамдар таққан.
Қозалы үкі -бөрікке қадайтын, үкі қауырсынын ораған әшекей әрі әшекей, әрі тұмар ретінде пайдаланылады. Сәукеленің сырғасы -салпыншағы мол, өзі ұзын да ауыр болғандықтан, тек саптанатты кездерде сәукелеге байлайтын сырға түрі (шекелікке ұқсас). Оны Батыс Қазакстанда сабақты сырға деп атаған. Оның мәнісі: ауыр сырғаларға жіп байлап, шашқа, сәукелеге бекітеді (қазақ қолөнерінде сабақ «жіп» деген мағынаны білдіреді).
Талмоншақ - тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі. Жас балалардың, қыздардың тақиясына тағылады.
Үкіаяқ -жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс санапып, оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына тұтынған. Үкіаяқ сырғада, сәукеледе, шаштеңгеде құрамдас бөлшек ретінде қолданылады.
Шортас - баскиімге қадайтын асыл тас.
'Шоқ – баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас; алтын шоқ. Эпостық жырларда мұның шоқты деген варианты да ұшырасады. Ал бұрама шоқ үкілі шоқ асыл тасты баскиім әшекейлерінің күрделі түрлері. Қазақ тұрмысында шоқ белбеу, шоққондырған баскиім ертеде тектілікті, лауазымды, дәрежені көрсеткен. Лауазымына қарай асыл тас түрлері, түстері де әртүрлі болған.
2. Тақия. Қасаба. Қыздар тақиясы қыздар үшін тақия кию міндетті баскиім болмаған,бірақ ХІХ ғасырдың ортасынан бастап мұндай баскиімді кигендері байқалады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың скуфьясы үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған.Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен , зерлі тігіспен басқа да әртүрлі моншақтар мен , күміс тенгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар , ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған. Аң мен мал терілері иленіп, тазаланып болған соң далаға жайып , иіс – қоңысын кетіріп , бөрікке сәйкестендіріп пішіп , астармап тігеді. Бөрпіктің төбесін қымбат күрең қызыл, жасыл, көк, қара өңді бұлдан тігеді. Бөріктер ұзынша , сопақша , төбесі үшкір күнқағарлы, үш , төрт немесе алты қиықтан құралады. Қиығына қарай оны үш , төрт, алты сай деп атайды. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі , конус тәрізді биіктеу болып келеді.
Шырмауық -ілгекті оқа, металл ілгекті әйелдердің баскиім әшекейі. Шытыра -баскиімге, омырауға, аяқкиімге қадайтын, ағашқа, ер-тұрманға орнататын асыл тасты, не тассыз күміс әшекей. Шытырапар түріне қарай ақ шытыра, алтын шытыра, күміс шытыра, күмбез шытыра, құмырсқа бел шытыра, меруерт шытыра т.б. деп аталады
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылар
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылардың түрлері мол әрі олардың дені ертеден келе жатқан мифологиялық түсінікпен, ырымдармен астасып жатады. Айталық, баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
Баскиімнің төбесін басып киюге болмайды. Киіп жүрген баскиімді басқа адамға кие тұруға, сыйлауға, сатуға болмайды, жаман ырым деп есептеледі. Баскиімін біреуге сыйға берсе, қыздың, жігіттің тұрмыс құрулары кешігеді, тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқапады, адам басы кемиді деген нанымдар қапыптасқан. Сыйлыққа жаңа баскиім беру керек.
Баскиімнің аңдаусызда немесе қасақана жерге түсірілуі жамандықтың нышаны. Ұл баласы тұрмағандар ырымдап баскиімге әртүрлі ала-құла құрақ салып қиюлайды. Балалардың қалпақтарының төбесіне шоқтап үкі немесе маржан, қызыл- жасыл шашақтар тағатын әдет болған Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдары құныкер ауылындағылардың алдына барып«Құдай кешсе кеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық (қасақана емес) іс болды, кешірім!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде, қыз жағынын аяғына жығыла барған құдалар да баскиімін жерге, қыздың әке-шешесінің алдына тастау ишарасын жасайды (бірақ тастамайды). Бөркін аспанға ату деген этнографизмнің шығу тегін анықтаудың сәті түспей келеді. Өйткені баскиімді «құт кетеді» деп төңкеріп қоймайтын қазақ баскиімін лақтырады (қуанғанда) дегенді қоштаған мәлімет беруші жоқ.
Баскиімге қауырсын тағу барлық халықтардың мифтік нанымы бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді. Бұл дәстүр кейін де жалғасқан. Бейнелеу өнері материалдары оның XIII-XIV ғ.-да моңғолдар арасында да сақталғанын көрсетеді.
Баскиімге қауырсын тағу дәстүрінің арғы негізінде діни-ырымдық наным жатқаны өзгермеген күйінде көшпелі түрік халықтарының (тува, алтай, хакас) дін өкілдері, шамандарының (бақсылардың) қауырсын тізген баскиімінде сақталған. Қазақ арасында бұл дәстүр сақталмағанымен, оның сарқыншағын жас бала, келін, сал мен серілердің баскиіміне, дулығасына жыға қадауынан және қарқаралы баскиімінен байқауға болады. Әйткенмен түркі-моңғолдың ежелгі лауазым иелері бөрікке көзтоға (кейде көзотаға, қозатога, моңғолша «отго / отого») деп аталатын асыл тас та тағынған.
Түркі-моңғол тарихына қатысты шығыс (парсы, моңғол, Орта Азия өнері) миниатюраларында хандар мен сарай қызметкерлері көп қауырсынды баскиіммен бейнеленген. Яғни көшпелі халықтарда қауырсынды баскиім киетін адамдарды бейнелеуде қалыптасқан көркемдік канон болғанын білдіреді. Көшпелі халықтарда ерте заманнан бастап өте жоғары лауазым иелерінің баскиімінің маңдай тұсына, бөріктің, қалпақтың жиегіне айналдыра құтан, тырна, тауыс, бүркіт қауырсындарын тағатын. Көшпелілердің тек өзіне тән бұл дәстүр шамамен XIII-XIV ғ.-ға дейін сақталып, кейін бұл салттың ирандық (парсылық) варианты баскиімнің төбесіне не маңдайына лауазым иелері (бір-екі қауырсынды) тағатын жығамен ауысқан. Абайдың сатқын, екіжүзді адамдарды сынағанда айтқан: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмыс бастан жыға қисайғанда, - сөздеріндегі жығанық мансап-лауазымның белгісі екендігін аңғартады.
Ерте замандарда шығыста патшалар бастарына матадан (кейде теріден) жасалған таспа (лента) байлаған. Кейін оны металдан жасап,алтын тәті (диадема) патша әміршілердің белгісіне санаған. Ондай тәтілер жұмсақ теріге не матаға бекітіліп, екі ұшына бау тағынып, шашқа, не баскиім сыртына байланған. Құлақты жаппайтын, желкелігі ғана бар мұндай күләпара тәрізді (башлық) қалпақтарды арғысы сақ-скифтер, бергі түркі, моңғолдар киген[
Баскиімдердің тақия, киіз қалпақ, теріден тігілген бөрік пен тымақтар, сәукеле, жаулық тәрізді негізгі түрлері бүкіл қазаққа негізінен ортақ үлгіде болып келеді. Тақиялар тегіс төбелі, шошақ төбелі, тік етек формалы болып, бәрі кестеленген қара, жасыл, күрең т.б. түстегі барқыт, доқабадан тігіледі. Бөріктер биік етіп, бағалы аң терілерінен тігіледі; оқалы бөріктер оқамен сәнделеді, оған да үкі қадалады. Қалпақтар айыр етек, төрт қиықты делбегей етек, екі қиықты, етегі екі жақ шекесінен қайырылатын етек сияқты түрлендіріліп тігіледі
Төбесі биік, етегі кең пішілген айыр етекті қалпақтың төбесіне, қайырмасына ою-өрнектер тігіледі. Төрт қиықты делегей қалпақтың қайырмасы кең, мол болады, қара, жасыл, күрең түсті доқаба, барқыт, топпен тысталып, төбесі, етек қиюлары ирек өрнекпен кестеленеді. Төрт сайлы қалпақтың төрт қиық құрауын қара, яки ақ жібек, мақта жіппен кестелеп тігеді. Етегін қара, қоңыр, күрең, жасыл түсті барқыт, доқабалармен қиюлайды. Мұндай қалпақтардың етегі кең, төбесі биіктеу келеді. Кейбіреуінің төбесі шошайыңқы, етегі тарлау болады. Етегінің екі жағынан аз жырық шығарып тігетіндері де, етек қайырмасының арты биік, алды аласа қиюланатын түрлері де кездеседі. Төрт сайлы ақ қалпақ ішінде сайлары мен етектеріне кесте тігілетіндері де, қиюламай сайларының арасына лайықты өрнек салып тігілетіндері де бар. Жас жігіттер киетін қалпақ екі сайлы, төрт сайлы, кең немесе тар етек, айыр, мүйіз етекті, төбесі биік тігіледі. Жас жігіттер көбінде етек қиюы қара, күрең, жасыл доқаба барқыттармен қиюланған, төбесіне маржандап шашақ таққан, төбесі биік, етегі кеңірек қалпақтарды, кейде төрт сайы мен етек қиюы кестеленген қалпақтарды да, етегі қиюсыз ақ қалпақты да киеді. Мұндай қалпақтарды той-мерекелерде киеді. Қалпақтың етегі мен қиюына ою-өрнектер салынады, етегі қиюлы қалпақтардың етегінің жиектері де шалып тігіледі, сайларына лайықты қошқар мүйіз өрнектері салынады.
Пішін нұсқаларының әртүрлілігі баскиім пішудің жалпы өзгерістеріне жатады. Қыздар бөркінің ер адамдардікінен айырмашылығы шамалы. Бұрынғы биік және үшкір конус тәрізді баскиімдер бірте-бірте аласа, төбесі жалпайыңқы баскиімге ұласып өзгеріске ұшыраған. XIX ғ. аяғындағы материалдарға қарағанда, қыздардың баскиімі қайырылмаған, яғни тері сынадан пішумен бірге, XX ғ. басында жаңа бір пошым пайда болады: жеке пішілген цилиндрлі жиектерден және төбесі жалпақ немесе томпақ төрт үшбұрышты тіліктен тұратын баскиім түрі қолданысқа кірді. Бұрын баскиімді терімен мол көмкерсе, енді терімен баскиімнің жиегін ғана көмкеретін болды. Бөрік - киіз, жүн, мақтадан төбелік, етектік маталар салып, түрлі үлгіде төбесі шошақ, дөңгелек, екі сайлы, төрт сайлы етіп, барқыт сияқты қымбат кездемемен тыстап, етек қайырмаларын қозының бұйра елтірісі мен асыл аң терілерімен қаптап тігілетін құлақсыз киім. Ерлер бөркі кәсіпке қарай сарпыс бөрік, түсірме бөрік, тігілуіне қарай жұмыр бүйірлі, тік қайырма етекті үкілі бөрік деп бөлінеді. Жас жігіттер биік қайырмалы бөріктерді көп киеді, жаз жайлауда кейде жағдайға қарай күзде де, қыста да киеді. Ертеде сайлығы биік шошақ төбелі биік бөріктер (биіктігі бір жарым немесе екі қарыс биік) болған деген мәліметтер бар[6] .
Жаулық - қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі иен көркі , егде әйелдердің басына орап тартатын ең негізгі баскиімдердің бірі. Әз әжелерді , асыл аналарды ардақтағанда Ақ жаулықты деп дәріптеуі сондықтан. Жаулықты ақ түсті мата немесе ақ жібектен тігеді. Жаулық кимешектің үстіңгі жағынан тартады. Жаулық әр ру елде тартылу тәсіліне қарай әртүрлі аталған.
Қасаба - үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей асылтас, алтын ,күміс әшекейлер мен безеп, оң жақ самай тұсына 5-6 қатардан ілмелі моншақ күміс қоңыраушалар байлап , ұзын салпыншақты етіп жасаған қыз тақиясының бір түрі.
Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміле ніл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді.
Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ ұлттық бас киім түрлерін ата?
2. Қыздардың бас киім түрлері?
3. Бас киімнің сыртқы пішімдері қандай болып келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |