13 – ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТТІ ИНФОРМАЦИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жоспар: Информация туралы түсінік
Фирма ішіндегі информация жүйесіннің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары
Басқарудағы коммуникацияның ролі
Коммуникациялық процесс, оның кезендері мен элементтері.
Коммуникациялық кедергілер мен оларды женіп шығу әдістері.
Лекция маќсаты: Информация туралы түсінік және басқарудағы коммуникацияның ролі
Лекция мәтіні: Информация туралы түсінік
Мәлімет (ақпарат) – информация термины латын тілінен еңген – түсіндіру, баяндау, мәлімет деректер беру деген ұғымдарды білдіреді. Басқару ісінде мәлімет (ақпарат) ұғымы сақтауға, таратуға және түрлендіруге тиісті деректер ұғымын береді.
Табиғатта, қоғамда, өндірісте болатын кез – келген өзгерістер нендей бір деректердің, бөлімінің көзі болып саналады. әрі ол кез келген құбылыстың, процестің, оқиғаның сандық және сапалық сипаттамасын бейнелейді. Осы деректердің барлығы кез – келген нышанда және кез – келген мазмұнда мәлімет ( ақпарат ) болып саналады.
Практика бүкіл технологиялық процестер барлық жерде мәліметтік процестердің нәтижесінде туындайды, таралады және бағытталады. Жалпы күштер, материалдар, еңбек құралдары тасқынымен қоса, өндіріс процесінде мәліметтер тасқынынының аиналысы да болады, ал өндірісте өз кезегінде қарама –қарсы мәліметтер туындайды – ағымдағы жоспарлардың орындаоуы туралы иесептер, жедел тапсырпмалар мен жарлықтар. Оның өндірістегі рөлі де, міне осындай. Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің аралығында мәлімет алмасудың арасында кәсіпорынды басқару жүзеге асырылады.
Басқару процесі тұрғысына қарастырғанда мәліметте еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда мәлімет басқару процесінің негізі, шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ретінде орын алады. Басқару процесі шешімін біршама дәйектілігі туралы жүзеге асады, ал оның тиімділігін аралық және ақырғы нәтижелер туралы мәлімет негізінде анықтауға болады.
Сонымен басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері міліметтерді өндеуге байланысты. Басшының және басқару аппаратының ұйымдық – практикалық, қызметі де көбінесе мәліметтік сипат алады. Мәліметсіз басқару мақсатын анықтау жағдайын бағалау, проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және оның орындалуын бақылау мүмкін емес. Нарықтық экономикаға көшкен жағжайда мәлімет рөлі арта түседі. Басқару құрылымын олар атқаратын қызметінің құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту мәлімет тасқынының жеткізілуіне, оның мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау – экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми – техникалық, комерциялық және тдемографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өндеуді жүзеге асырудға байланысты.
Әміршілік - әкімшілік жүйелерді қайта құру жағдайындағы өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дербестік алуы, басқұару етеді, демек , осыан орай мәліметтерді қалыптастыру мен тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болады.