Ұйымдағы команда
Команда маңызды жобаларды дайындау, күрделі мәселелерді шешу және белгілі бір функцияны атқару мақсатында құрылатын топ болып табылады. Яғни команда екі немесе одан көп тұлғалардан тұратын топ. Олар белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің еңбек шарттары мен қарым қатынастарын үйлестіреді.
Команда тұрақты, уақытша, әкімшілік, эксперттік, өндірістік өзгермелі болып түрлерге бөлінеді.
Топтың жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар
Басқарушы мен бағыныштылар
Әрбір негізгі ұжым басқару және басқарылушыдан тұрады да олар бір-бірлерімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болады. Мақсатқа жету үшін ұйымдық құрылым мен басқару аппаратының болуы тиіс. Өндіріс процестерін басқаруды үйлестіру үшін әкімшілік құрылым жасалып, онда ұжым мүшелерілиния және басшылық деңгейі бойынша орналасады. Осы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағыныштыларға бөлінеді.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады. Басшының бұйрық беруге құқығы бар, ал бағыныштының оны орындауға міндеттілігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |