3.1. Басшының функциялары
Басқарушы ұйымның мақсатына қарай қарамағындағы қызметкерлердің жұмыстарын тиімді түрде ұйымдастырып оны жүргізетін тұлға болып табылады.
Басқарушының атқаратын функциялары стратегиялық, инновациялық, әкімшілік, коммуникациялық және әлеуметтік қызметтер болып табылады. Енді осы функцияларға қысқаша тоқталайық:
Басшының стратегиялық қызметтері басшыны анықтау, стратегияны дайындап оны жоспарлау болып табылады.
Басшының инновациялық қызметтері жаңа қызметтер мен жаңа тауарларды өндіріс процесіне ендіру, өндіріс әдістерін жетілдіру, сапаны жақсарту, тауардың функциясын жан-жақты қылу және ұйымның дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі жағдайларды ойлап табу болып табылады.
Басшының әкімшілік қызметтері бақылау (жұмыстың нәтижесін), ұйымдастыру (ресурстарды, міндеттерді, жауапкершілікті тарату), бағыттау (жұмыс пен жұмысшыны үйлестіру), ынталандыру (материалды және материалды емес) және кадр мәселесін шешу (кадрларды таңдау,орналастыру және оларды жетілдіру) болып табылады.
Басшының коммуникациялық қызметтері жиналыстарды өткізу, кездесулерді ұйымдастыру, телефон, факс, интернет арқылы байланыс құру, ақпараттарға қол жеткізу және оны тарату, әр түрлі ішкі және сыртқы байланыстарды қамтамасыз ету болып табылады.
Басшының әлеуметтік қызметтері ұйымда жағымды моральдік және психологиялық ахуалды қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |