Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Тиімділікті арттыруға бағытталған стратегия: тенденцияларды таңдау және оларды жүзеге асыру



бет282/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   292
Байланысты:
менеджмент

2.Тиімділікті арттыруға бағытталған стратегия: тенденцияларды таңдау және оларды жүзеге асыру

Тиімділікті потенциалды және нақты деп бөлуге болады. Потенциалды тиімділік алдын ала бағаланады, ал нақты тәжірибеде алынған нәтижелер бойынша анықталады. Басқару тиімділігі стратегиялық және тактикалық болады. Тактикалық тиімділік оны жақын уақытта, стратегиялық болашақта алуды бейнелейді.


Менеджмент жоғары тиімділігіне қол жеткізуде менеджмент үрдісі (технологиялар) және механизмі, жүйе сипаттамасы үлкен рөл атқарады. Бірақта, менеджмент тиімділігі әрқашан өзгермелі және тек ішкі факторлармен ғана емес, сонымен бірге сыртқы – экономика жағдайымен, бәсекелестікпен, әлеуметтік саяси жағдай және басқалармен анықталады. Сонымен бірге менеджмент ішкі және сыртқы тиімділігі үйлестірілген болуы керек.
Менеджмент басымдылықтарының (приоритетные) принциптері. Олардың негізгілері:

  • адам факторлары артықшылықтары – ынталы іс-әрекет, кәсібилік;

  • сыни факторлар принциптері – уақыт факторларын ескеру, ақпараттық технологиялардың дамуы, корпоративтік, серіктестік пен әріптестік тиімділігі формасы ретінде;

  • бағыттанудың негізгі қағидалары – басқару қызметіне мақсаттар, миссия және менеджмент стратегиясы кіреді, сапаны қамтамасыз ету, шығармашылық жағдай («өзің ойлан» жүйесі) жасау және т.б.

Менеджмент тиімділігін бағалау мәселесі неде?
Бірінші кезекте ол, нәтиже тек тікелей (нақтылы) болуымен қатар, жанама (қосымша) да болады. Екіншіден, нәтиже әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-ұйымдастыру тиімділік (эффект) әкелуі мүмкін. Үшіншіден, біз тек экономикалық, өндірістік тиімділік аламыз. Әлеуметтік және экономикалық тиімділік үнемі қарама қайшы тұрады. Әлеуметтік тиімділік өсімі экономикалық тиімділік төмендеуіне және керісінше болуы мүмкін. Менеджмент тиімділігіне қол жеткізу үшін оның факторларына әсер етуді ескеру қажет. Бірақ оны тек осы факторлар жүйелеенген кезде және негізгілері мен анықтаушылары бөлінген кезде ғана мүмкін. Фактор дегеніміз не, оларды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады? Фактор – сәт, белгілі бір үрдістегі, құбылыстағы маңызды жағдай. Фактор – экономикалық, өндірістік процестердің қозғаушы күші, өндірістік-экономикалық қызмет нәтижесіне әсер етуші. Басқару тиімділігі көптеген фактор әсерімен қалыптасады, оларды келесідей жіктеуге болады:

  1. әсер ету ұзақтығы бойынша;

  2. әсер ету сипаты бойынша;

  3. формализация деңгейі бойынша;

  4. әсер ету масштабына байланысты;

  5. мамзұны бойынша;

  6. әсер ету формалары бойынша.

Менеджмент тиімділігіне әсер етуші негізгі факторларды тереңірек қарастырсақ.
Әсер ету уақыты бойынша, ұзақ уақыт әсер ететін факторлар (өндірістің техникалық деңгейі, басқару стилі және басқалары) және қысқа мерзімде әсер ететіндер (тоқтап тұру, еңбек тәртібін бұзу және с.с.).
Әсер ету сипаты бойынша интенсивті және экстенсивті. Алғашқысы менеджмент тиімділігінің өсімін қамтамасыз етуді ішкі ресрустарды мобилдеу есебінен, басқару қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оның жағдайын жақсарту, басқару кадрларын дайындау. Екіншілері қосымша ресурстарды тартуды қарастырады – басқару персоналының санын көбейту, сапалық өзгеріссіз негізде басқарушылар еңбегін техникалық жарақтандыруды кеңейту және т.б.
Формализация деңгейі бойынша санды өлшеуде болатын және сандық өлшеусіз факторлар болып бөлінеді. Әсер ету масштабына байланысты факторлар: халық шаруашылығы, салалық, ұйым деңгейінде, бөлімше деңгейінде.
Мазмұны бойынша факторлар:

  • ғылыми-техникалық (еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі),

  • ұйымдастырушылық (басқару аппаратының оңтайлы құрылымы, кадрларды орналастыру, құжат айналымы, еңбек тәртібі),

  • экономикалық (материалдық ынталандыру жүйесі және материалдық жауапкершілік),

  • әлеуметтік –психолгоиялық (еңбек мотивациясы, тұлға аралық қарым-қатынас),

  • техникалық,

  • физиологиялық (еңбек санитарлық –гигеналық жағдай) және т.б. болып бөлінеді.

Әсер ету формалары бойынша факторлар тікелей (персонал біліктілігі, құрал-жабдықтар жағдайы) және жанама (психолгоиялық климат, топтық динамика). Біріншісі басқару еңбегі тиімділігіне тікелей, екіншілері – жанама әсер етеді.
Аталған факторлардың әр қайсы басқару жүйесіне өз бетінше, жекелей, сонымен қатар басқаларымен бірігіп те әсер етеді. Біріккен оң әсер ету арқылы олар менеджмент нәтижелігінің бірқатар өсуіне де қамтамасыз етеді (синергиялық эффект), теріс әсер ету – оны төмендетеді. Менеджердің рөлі аталған факторларға жоспарлы әсер ету. Тиімділіктің өсімі ұйым барлық деңгейіндегі басқару қызметінің тұрақты объектісі болуы қажет.
Басқаруды бағалауда оның нәтижесін түсіну көп қиындық туғызады. Ресурстарды бағалауға, уақытылы оңай өлшеуге болады. Нәтижені бағалау қиын.
Басқарудың тікелей нәтижесін тиімділік көрсеткіштері мен критерийларі кешенімен сипаттауға болады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіштері мен критерийлары дегеніміз не?
Тиімділік критерийі – сондай өлшемдегі бағаның процесі, объектінің экономикалық сапасын бағалау мен қалыптасқан негіздегі белгісі, көрсеткіші.
Басқару тиімділік критерийі басқару объектісінің оңтайлы қызметімен ғана анықталмайды, сонымен қатар персонал еңбегінің сапасымен, әлеуметтік тиімділік.
Бірінші басқару объектісіне қатысты қарастырайық.
Қазіргі кездегі ғылыми басқару тиімділік критерийін жалпы, локалды және сапалық деп бөледі.
Жалпы критерийлар – тұтас басқару жүйесі қызметінің экономикалық нәтижесі, яғни кәсіпорын (немесе ұйым) өз миссиясын аз шығындармен жүзеге асыруы.
Жиі кездесетін локалды критерийлар тобы:

  • өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге тірі еңбек шығындары;

  • материалдық ресурстар шығындары;

  • қаржылық ресурстар шығындары;

  • негізгі өндірістік қорлар пайдалану көрсеткіштері;

  • айналым қаржыларының айналымдылығын тездету;

  • капитал салымдарының қайтарым мерзімін қысқарту.

Сапалық критерийлар:

  • жоғары категориялы сапалы өнім үлесін жоғарлату;

  • экологиялық тазалықты қамтамасыз ету;

қоғамға қажетті, өнімдерді өндіру;
Бұл критерийлардың барлығы экономикалық тиімділік көрсеткіштері жүйесінде бейнеленуі қажет.
Тиімділік көрсеткіші – кәсіпорын жұмысының сандық сипаттамасы, басқару тиімділігін жанама сипаттайды.
Еңбек өнімділігі, материал сыйымдылығы, негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымы, айналым қаражаттарының айналымдылығы, капитал салымдары қайтарымы сияқты тиімділік көрсеткіштерін жекелей және локалды көрсеткіштер тобына біріктіруге болады.
Сонымен қатар жалпылама көрсеткіштерді бөледі: рентабелділік және ликвидтілік. Олар шаруашылық қызметінің нәтижесін бейнелейді және бірақ тиімділікті толықтай еңбек үрдісін басқару сапасын, өндірістік қорлар, материалдық ресурстарды сипаттамайды.
Басқару аппаратының жұмысын сипаттайтын көрсеткіштер, басқарудың стратегиялық тиімділігі және басқару шешімдерін өз уақытында қабылдау және жүзеге асыру.
Басқару тиімділігін бағалауда жалпылама және жеке көрсеткіштердің барлыық жүйесін кешенді қолдану қажет. Басқару қызметінің тиімділігі басқару субъектісіне қатысты сандық (экономикалық эффект) және сапалық көрсеткіштермен (әлеуметтік тиімділік) сипатталады.
Экономиканың әр түрлі салаларындағы жекелеген кәсіпорындар деңгейінде экономикалық тиімділік көрсеткіштері әр түрлі топтары қолданылады. Бірақта, әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды, негізгі өндірістік қорларды және айналым қаражаттарын, капитал салымдарын, персонал қызметін пайдалану экономикалық тиімділігі бағаланады, сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық тиімділігін толықтай сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер есептеледі.
Материалдық ресурстарды (Эм) пайдалану тиімділіг көрсеткіштері материал сыйымдылығын сипаттайды:
Эм=МЗ/ВП

мұндағы, МЗ – матриалдық шығындар, ВП – шығарылған өнім құны.


Өнімнің материал сыйымдылығын төмендету - өнеркәсіптегі және құрылыстағы тиімділікті жоғарлатудың негізгі бағыттарының бірі, себебі осы салалардаң өнім өндіруге шығындарының жартысынан көбін материал шығындары құрайды. Көбінесе ол, жаңа ресурс сақтаушы технологиялар енгізу, қымбат материалдарды арзанға ауыстыру арқылы қол жеткізіледі.
Негізгі өндірістік қорлар тиімді пайдалану көрсеткіштері оның қор қайтарымымен анықталады.
Эф=ОФ/ВП

мұндағы, ОФ – негізгі өндірістік қорлар құны, ВП – өндірілген өнім құны.


Негізгі өндірістік қорларға: еңбек құралдары (өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және с.с.) өндіріске қатысады. Негізгі өндірістік қорлардың пайдалану тиімділігін жоғарлатудың негізгі бағыттары: кәсіпорын ауысымдық жұмыс коэффициенті, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытының жоғалтуын азайту және т.б.
Капитал салымдарының тиімділігінің көрсеткіші (Эп) капитал салымдарының қайтарым мерзімі болып табылады.
Эф=К/П

мұндағы, К – капитал салымдарының көлемі, П – пайда өсімі.


Әдетте, капитал салымының оңтайлы мерзімі екі жылдан аспауы қажет.
Персонал қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш, еңбек өнімділігі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде ол қатынас ретінде анықталуы мүмкін.
Эт= ВП/ ЧР

мұндағы, ЧР – орташа жылдық жұмыскерлер саны. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі бір уақыт бірлігінде өнім өндірумен анықталады.


Еңбек өнімділігін жоғарлату көптеген факторларға байланысты: өндірістік техникалық деңгейі, қызметкерлер біліктілігі, материал сапасы мен қажет көлемде болуы және т.б.
Материал сыйымдылығы, қор қайтарымы, капитал салымдарының қайтарымы – бұл жекелеген ресурстарды пайдалану экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Сонымен қатар, әр кәсіпорында жалпылаушы көрсеткіштер кәсіпорын жұмысының толықтай тиімділілігін бағалауға мүмкіндік береді. Нарық жағдайында мұндай көрсеткіш ретінде рентабелділік, алынған пайда мен шығындар қатынасы ретінде қызмет етеді:
Эр=П/С*100%

мұндағы, П – есептік пайда, яғни кәсіпорында қалатын пайда, С- негізгі және айналым құралдарын жасау мен толықтыруға байланысты, шығындар.


Рентабелділік кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайды және пайданың барлық шығындармен салыстыруды бейнелейді. Әр түрлі салаларда жекелеген кәсіпорындар деңгейінде өзіндік ерекшеліктері орын алуы мүмкін.
Келтірілген менеджмент экономикалық тиімділігі көрсеткіштері статистикалық болып табылады.
Тиімділік көрсеткіштерінің шынайлығы егер менеджмент тиімділігі формаларын талдау оның динамикалық аспектісі ескерілсе, артады.
Осыған байланысты менеджмент тиімділігі көрсеткіштерін тіркеу мен екі немесе одан да көп кезең өзгерістерін салыстыру құралдары динамикасында мақсатты қарастыру қажет.
Менеджмент тиімділігінің динамикалық көрсеткіштерін келесідей түрде көрсетуге болады:
Эмд= (Пп-Пр)/ (Руп-Руб)
мұндағы, Пп-Пр – кәсіпорын соңғы көрсеткіштері (пайда), сәйкесінде осы және базисті жылдағы; Руп-Руб – осы және базистік жылдағы басқару шығындары.
Эмд коэффициенті, 1 теңгеге басқару шығындары өзгергенде, қарастырылып отырған кезеңде соңғы көрсеткіш (пайда) қанша теңгеге өзгеретінін көрсетеді. Менеджмент тиімділігі өсімінің темпін, динамикасын бейнелейді.
Менеджмент экономикалық тиімділігі динамикасы екі немесе одан артық кезеңдегі осы көрсеткіштерді салыстыру, менеджмент тиімділігі салыстыру өзгерісінің көрсеткіші, пайызбен көрсетілген:
Э=(Э2-Э1)/Э2*10

мұндағы, Э1- Э2 – кәсіпорын басқару экономикалық тиімділігі, осы және базистік жылдағы сәйкесінше.


Келтірілген динамикалық көрсеткіштерді ұйым басқару жүйесінің түбегейлі өзгерісін жүзеге асыру кезінде, басқару жүйесін жетілдіру әр түрлі нұсқаларын салыстыру кезінде ескеру мақсаты дұрыс. Менеджмент тиімділігі нақты көрсеткіштердің өзара байланысын шынайы бағалау және басқару жүйесін аталған сипаттамалары басқару жүйесін диагностикалауға, оның потенциалды мүмкіндіктерін ашу, жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Басқарудың экономикалық тиімділіктерін жоғарлатудың негізгі іс-шаралары қандай?
Ұйым қызметінің тиімділік көрсеткіштерін жақсарту басқарудың экономикалық тиімділігі өсімінің жолын бейнелейтін кешендік ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру нәтижесінде ғана мүмкін. Нәтиже өсімі мен ресрустар шығындарын азайтумен байланысты іс-шараларды келесідей жіктеу ұсынылады: техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық.
Техникалық іс-шаралар технологияны, құрал-жабдықтарды жетілдіру, шикізаттарды өңдеу режимдері, қолданылатын ресурстар сапасына бағытталған.
Ұйымдастыру іс-шаралары есеп, өндіру және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, өндіріс циклы, жөндеуді азайту мен ресурстарды үнемдеуге бағытталған.
Әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар еңбек жағдайын жақсарту, ынталандыру және жауапкершілік шараларын қолдану, еңбек өнімділігі мен сапа өсіміне мотивациясы, ұйым мақсаттары үшін корпоративтік рухты дамыту.
Ал әлеуметтік тиімділікті қалай сипаттауға болады? Әлеуметтік тиімділікті бағалау басқару қызметінің әлеуметтік нәтижесін бейнелейді және ұжымның фирма миссия, оның қоғамдық мәнін жүзеге асыру үшін потенциалдық мүмкіндіктерді пайдалану деңгейін сипаттайды.
Басқарудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері тек нәтижелеуші құрастырушылармен сипатталады. Олардың негізгілері:

  • басқарудың ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату;

  • басқару үрдістерінің интеграция деңгейі;

  • менеджерлер біліктілігін жоғарлату;

  • қабылданатын шешімдердің негізделу деңгейін көтеру;

  • ұйымдастырушылық мәдеиетті қалыптастыру;

  • жүйенің басқарушылығы;

  • еңбектен қанағат алу;

  • қоғамдың сенімге ие болу;

  • ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

  • экологиялық зардаптары.

Қазіргі кезде бизнес жағдайында кәсіпорындарда еңбек проблемалары мен оның тиімділігін бағалауға жеткілікті көңіл аудармауында, соның ішінде менеджерлер мен персонал жұмысының тиімділігіне.
Менеджер жұмысының тиімділігін бағалау үшін, менеджер персонал іс-әрекеті қандай бағытта және қандай бағытта және қандай формалар көмегімен бағаланатынын анықтап алу қажет.
Менеджердің ұйым қызметіндегі үлесін қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болады?
Қазіргі кезде менеджер қызметін бағалаудың келесі формалары кең қолданылады: сауалнама, психологиялық аудит, әңгімелесу, графикалық талдау, кадр құжаттарын зерттеу, бағалау сынақтары.
Формаларға байланысты менеджер қызметін бағалауды екі бағытқа бөлуге болады: менеджер еңбегінің тиімділігін бағалау және менеджер сапасын бағалау.
Менеджер еңбегінің тиімділігін бағалау, өз кезегінде, кешендік үрдіс және келесідей кезеңдерден тұрады:

  • ұйым қызметіне менеджердің жеке үлесін бағалау;

  • менеджер жұмыс уақытын пайдалануының тиімділігін бағалау;

  • менеджер еңбегінің мазмұнын бағалау.

Менеджер тұлғалық және кәсіби қабілеттері оның күнделікті басқару шешімдерін талдау және қабылдау үрдісі. Олардың орындалуын бақылауда қолданылатын құралдары болып табыылады. Қызметкерлерді аттестациялау кезінде, бағалау үш сапа тобы бойынша жүргізіледі:

  • кәсібилік және құзыреттілік;

  • іскерлік қабілет;

  • тұлғалық қасиеттер.

Менеджер қызметін бағалауда оның компания қызметінің қорытындысына қосқан жеке үлесін анықтау қиындық туғызады. Қазіргі кезде осы мәселені шешудің бірнеше тәсілдері бар, атап айтқанда: басқару аппараты қызметкерлерінің еңбекақыдағы немесе еңбек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет