Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


– ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТ ТИІМДІЛІГІ



бет281/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   292
Байланысты:
менеджмент

29 – ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТ ТИІМДІЛІГІ


Жоспар:

    1. Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параметрлері

    2. Тиімділікті арттыруға бағытталған стратегия: тенденцияларды таңдау және оларды жүзеге асыру

    3. Бизнес- процесс ұғымы



Лекция мақсаты: Менеджмент тиімділігін анықтау
Лекция мәтіні:

  1. Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параметрлері

Менеджердің іс-әрекетінің мәні, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған адамдарды басқару (яғни, басшылық ету). Егер басқару әрекеті қойылған міндеттерді шешсе, қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде болса, онда ол тиімді. Басқаша айтқанда, тиімділік басқару органының қойылған мақсаттарды қандай мөлшерде жүзеге асыратынын көрсетеді, және осы мағынасында басқару тиімділігінің мәселелері басқару экономикасының құрамдас бөлігі, өндіріс тиімділігі бөлігі болып табылады. Осыған байланысты менеджмент тиімділігін бағалау ұйымның стратегиялық және жедел жоспарлануының негізі болып табылады.
Менеджмент тиімділігі – күрделі, көп қырлы категория. Ол экономикалық, әлеуметтік және басқа құбылыстардың ерекшеліктерін сипаттайды. Тиімділік категориясын, оны анықтайтын факторларды талдау, тиімділік мазмұны мен формаларына сәйкес келетін, ұйым тиімділігі критериін анықтайтын экономикалық тиімділік көрсеткіштері тобы болып табылады. Өндіріс және басқару тиімділігі критериі ретінде ресурстардың жекелеген түрлерінің: материалдық ресурстар, негізгі өндірістік қорлар, капиталдық салымдар, еңбек өнімділігі, персонал экономикалық қызметін сипаттайтын және жалпылайтын көрсеткіштер, соңғы нәтижені сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері қолданылады. Ұйым қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту басқару экономикалық тиімділігі өсімін әзірлеу және жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болады.
Басқару қызметінің тиімділігі басқару субъекітісіне қатысты тек сандық көрсеткіштер (экономикалық тиімділік) ғана емес, және де негізгі көрсеткіштер құраушы нәтижені сипаттаушы: қоғамдық сенімді жаулап алу, жүйенің басқарылуы, еңбектен қанағат алу және т.б. сапалық (әлеуметтік тиімділік) білдіреді.
Бірақта қазіргі кезде кәсіпорындарда еңбекті бағалау және оның тиімділігі мәселелеріне, соның ішінде менеджер мен персонал қызметінің тиімділігін бағалауға жеткілікті көңіл аудырылмайды. Менеджерді бағалау көптеген формалар бойынша негізгі екі бағытта жүргізіледі: еңбек тиімділігін бағалау және сапаны бағалау, ол менеджердің басқару тиімділігіне қосқан еңбегімен анықталады. Ұйым талаптарына жеке тұлға нәтижелерінің сәйкестігін анықтау үшін персонал еңбек қызметін бағалау жүзеге асырылады.
Ұйым қызметін жүзеге асыру мен жетілдіру бұл қызмет нәтижелігін анықтауды қажет етеді. Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды, менеджер немесе басқару тиімділігі дегеніміз не, тиімділік түрлерәі және принциптері қандай.
Адам қандай қызмет атқармасын, ол әрдайым тиімді және оңтайлы орындауға тырысады. Оңтайлық жұмыстың ыңғайлы және өндірістік орындалу әдістерін іздеуді білдіреді, тиімділік – шығарылған шығындармен немесе осы нәтижеге жұмсалған ресурстармен салыстырғанда жақсы нәтиже.
Осы жағдайда заңды сұрақ, сіздің ұйымыңыз қаншалықты үнемді (алынған нәтижеге төленген баға) немесе тиімді, бір сөзбен айтқанда нәтиже шығыннан қаншалықты артық?
Бірақта нәтиже шығыннан қаншалықты артықтығы маңызды емес, ал оның бағалығы. Бүгінгі күні нарықты экономика жағдайында бәсеке қабілеттілік мәселелері де маңызды, сондықтан сіз басшы ретінде өнімділік, басқару рөлін жоғарлату және қоғамдық маңызы туралы ойлануыңыз қажет. Осыған байланысты, сізге басқару деңгейін, ұйым мүмкіндіктерін бағалауды үйрену және сіздің алдыңызда үнемі басқарудың тиімді нұсқасын таңдау міндеті тұрады.
Басқару категориясы ретінде тиімділік мазмұны ол шығындар мен нәтиженің қатынасы.
Жалпылама түрде басқару қызметінің тиімділігін келесі формуламен көрсетуге болады:

Э=Р/З
мұндағы, Р – басқару жүйесінің қызмет нәтижесі,


З – басқару қызметіне шығын немесе пайдаланылған ресурстар көлемі.
Менеджмент тиімділігі деп біз, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру және басқа құбылыстарды сипаттайтын көп қырлы күрделі категорияны түсінеміз.
Басқару тиімділігі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде – бұл осы қызмет нәтижелігі, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану деңгейі. Басқару тиімділігінің функционалдық рөлі – оның дамуының деңгейі мен динамикасын бейнелейді, бұл үрдістің сапалық және сандық қырлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет