Кәсіпорынның рентабельділік мөлшері мына төмендегі формула бойынша есептелінеді:
(9)
мұнда Ц - өнім бірлігінің бағасы;
С - өнімнің өзіндік құны;
П — өнім көлемі;
Қо — негізгі өндірістік қордың құны;
Қақ — айналым қаржысының көлемі.
Рентабельділік көрсеткіштері
Өнім рентабелділігі — өткізілген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептелінеді.
Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі:
өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелшеді. Барлық өткізілген өнім рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
Екінші жагдайда, рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткішпен таза пайданы есептеуге болады.
3. Кәсіпорындағы салымдар рентабельділігі-оның өнімділігіне қатысты мүлік құны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |