Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


– ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ



бет156/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292
Байланысты:
менеджмент

18 – ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ


Жоспар:

  1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

  2. Ұйымдастыру функциясы орындау процесіндегі негізгі қағидалар

  3. Басқару қызметін тәртіптеу (ережелеу) және нормалау (мөлшерлеу)



Лекция мақсаты: Ұйымдастыру функциясының мазмұны
Лекция мәтіні:

  1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

Басқарудың маңызды функциясының бірі - ұйымдастыру.
Ұйымдастыру дегеніміз - ол мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін кәсіпорын құрлымын таңдау және жасау процесі.
Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен тығыз байланыста.Жоспарлау функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.ал ұйымдастыру функциясы басты компоненті адамдар болатын жұмыс құрлымымен құрастыру. Әрбір ұйым жұмыс түрлері мен олардың көлемдеріне байланыссыз белгілі бір тәртіппен ұйымдастыруға тиісті.
Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасынан ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.
Ұйымдастыру функциясын орындау процесінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы бар.олар

  • ұйым мақсаттарын анықтау және нақтылау.
    -мақсаттарға жету,

  • әрекет түрлерін анықтау.

  • еңбек бөлінісі және мамандандыру.

  • жұмыстың әр-түрлі түрлерін үйлестіру.

  • мақсат бірлігі

  • басқарылу нормасы.

Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қалыптасуында орын алған процестік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық көзқарастар құрылым кезде қолданылады. Және де бір бюрократтық (кеңсешілдік) деп аталытын көзқарас еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдіруімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүріс – тұрыс ережелерінің болуымен сипатталады. Сол жүйені М. Вебер “тиімді бюрократия” деп аталған.
Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен рөлін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппа Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының рттағылардың барлығының жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асыры луын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандыру, пропорциалдық, параллелдік(қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық.
Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.
Ұйымдастыру-бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
Басшының міндеті ұйымының мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым-бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш-жігерін өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиеттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікті өз мақсатына жететін құрылым».
Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар (концепциялар) болуы мүмкін.
Классикалық теория өндірісті басқару құрылымын қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты функциясы бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыруы; жұмыскерлердің басқару функциясын атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.
Басқарудың екінші функциясы ұйымдастыру болып табылады. Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігінің әдәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өзінің міндетін мүлтіксіз атқарып бірлесе отырып жұмыс жасаған жағдайда жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз.
Ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлім мен бөлімшелерге орналастыру, бұлардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, қызметкерлер мен жұмысшылардың іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру - бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өз адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ұйымдастыру еңбекті бөлісу мен мамандануды құрай отырып, адамдар еңбегінің тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет