Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет212/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   292
Байланысты:
менеджмент

4. Лидерлер (жетекші)
Жетекшілік - мақсатқа жету үшін адамдар мен топтарға активті түрде әсер ету қабілеті болып табылады.
Лидер әсерленуге қарағанда әсерлейтін адам. Ұлы ойшыл Фараби
лидердің мағынасын басқасынан бұйрық алған емес, бұйрық берген адам деп анықтайды. Оның ойынша лидерден жоғарысы жоқ. Лидерлік белгілі шарттармен өзінің немесе топтың мақсаттарына жету үшін басқалардың іс-әрекеттеріне әсер ету және оны басқарушы ренінде сипатталады.
Лидер мен басқарушының тең дәрежеде болмағандығын айта аламыз. Яғни әрбір басқарушының басқарушылық қабілетінің болмағанындай, басқарушылық қызметі (міндеті) болмаған лидерлер де болады деген тұжырымға тоқталамыз. Лидер мен Басқарушының тағы басқа айырмашылығы басқарушылар заңның болжауы мен бірге жұмысын атқарады, ал лидерлер көбіне өзінің болжам күштерін пайдаланады. Бұл мағынада тек элементтер мен құралдарды пайдаланған басқарушыларға “пассив басқарушылар” дейді. Қоршаған ортадағы шарттарға мойынсұнбайтындарға “актив басқарушылар” дейді, ал одан әрі қарай кеткендерге “лидер басқарушы” деп айтамыз. Варнер Беннис мұндай басқарушылардың айырмашылықтарын былай деп айқындайды.

  • Басқарушы жүргізеді, лидер жаңалықтар енгізеді.

  • Басқарушы көшіреді, лидер оригинал (табиғи).

  • Басқарушы қорғайды, лидер дамытады.

  • Басқарушы жүйе мен құрылысқа көңіл бөледі, лидер болса адамдарға көңіл бөледі.

  • Басқарушы тексергенге сенеді, лидер сенім артады.

  • Басқарушының көзқарасы ағымдық жағдайларда, лидердің көзқарасы болашақта.

  • Басқарушының ойы пайда - зиянда, лидердің ойы келешекте.

  • Басқарушы қалай және қай уақытта деген сұраққа жауап берген болса, лидер не, не үшін деген сұрақтарға жауап іздейді.

  • Басқарушы еліктейді, лидер жасайды.

  • Басқарушы жақтаушы, лидер оған қарсы шығады.

  • Басқарушы жұмысты жақсы істейді, лидер жұмыстың тура болғанын істейді.

Лидердің 2 түрі бар:

  1. Инструменталды (іскерлік қарым-қатынастар)

  2. Экспрессивті (тұлғаларарасы қарым-қатынастар)

Лидерлердің сапасы 4 топқа бөлінеді:

  1. Физикалық сапасы: бойы, фигурасы, даусы, энергиясы, шешендігі, көркі, денсаулығы т.б.

  2. Психологиялық сапасы: батылдығы, шығармашылығы, жігіттігі, тәуелсіздігі, жігерлігі, агрессивтілігі т.б..

  3. Интеллектуалдық сапасы: логикасы, есте сақтау қабілеті, интуиция, ой-өрісінің жылдамдығы, сезімталдық юморы

  4. Іскерлік сапасы: тәртіптілігі тәуекелге барушылығы, жауапкершілігі, ұйымдастырушылық іскерлік қабілеті т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет